Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры


Байқауға қатысушының жоба жұмысының құрылымы, мазмұны, рәсімделуі



бет5/8
Дата25.12.2021
өлшемі34,23 Kb.
#105511
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ереже. Ұлы дала тұлғалары, Ұлы даланың ұлы есімдері

6. Байқауға қатысушының жоба жұмысының құрылымы, мазмұны, рәсімделуі

1. Байқауға ұсынылған жобаның мазмұнында міндетті түрде келесі ақпараттар болуы шарт:

титул парағы (жұмысты орындаған білім беру ұйымының толық атауы, ауданы, жұмыстың тақырыбы, Байқаудың бағыты, орындаушы туралы ақпарат: аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы);

кіріспе (жоба тақырыбының өзектілігі, жобаның мақсаты мен міндеттері, жоба бағытталған сыныптар, жобаның жүзеге асырылған мерзімі, жобаның жаңашылдығы, жобаның тәжірибелік маңызы);

негізгі бөлім (жоба тақырыбын ашуға қажетті ғылыми негізделген тарихи деректер; жинақталған тарихи деректерді оқып үйренуге болатын пәндер, сыныптар, бағдарламалық тақырыптар; ол тақырыптарды меңгеруді ұйымдастыру сабақтарының қысқа мерзімді жоспарлары; оқушылардың тарихи-танымдық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру нәтижелері т.б.)

қорытынды (нәтижелері, ұсынымдар);

пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2. Жобаның мазмұны мен рәсімдеге қойылатын талаптар:

Жоба мәтіні компьютерде теріледі (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жағынан 2 см шегініс). Жоба мәтінінің көлемі 20-30 бет аралығында. Жоба мәтініне қосымша суреттер, бейне материалдар т.б. мәтіннен бөлек қосымша ретінде ұсынылады. Жобаның слайдтық таныстырылым түріндегі нұсқасы негізінде педагогтің баяндауына 5 минутқа дейін уақыт беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет