Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет34/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Байланысты:
Аудит
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9
Ағымдағы құжаттардың картотекасы:
жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі;
жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі.
Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша болу дұрыс:
қаржылық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;
аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары;
нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;
арнайы мақсаттағы құжаттар.
Жұмыс құжаттарын пайдалану.
Меншік құқығы, 230 "Құжаттау" деп аталатын халықаралық аудит стандартында жұмыс құжаттарының аудитордың жеке меншігі болып табылатындығы қарастырылған. Жұмыс құжаттарының жекелеген бөліктері субъектіге аудитордың өз білгені бойынша тапсырылуы мүмкін, бірақ олар субъектінің есеп жазуларын алмастыра алмайды.
Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің құпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рұқсатынсыз ашпайды. Біздің шындық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану болған кезде оның өзін-өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиентен рұқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.
Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сұраққа ресми жауап нормативтік-құқықтық актілерде немесе қандай да бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер олар сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дұрыс көреді. Жұмыс құжаттары "ескерту" қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жүзі бар қылыш болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығын растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады және аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дұрыс емес жәйттерді табуы мүмкін.
Егер жұмыс құжаттары жойылатын болса, онда ол аудиторлық фирманың және аудитордың практикалық қызметінің құжаттарын архивтеудің белгіленген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. Өзінің архивтеу жүйесін жасау кезінде аудиторлық фирма заңгерлерінен және сақтандыру компанияларынан ақыл-кеңес алуға тиісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет