Білім беру бағдарламасы бакалавриат 5В050507- «Менеджмент»



Дата01.11.2019
өлшемі56,28 Kb.
#50986
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
sillabus zhobalardy baskaru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК»КАФЕДРАСЫ



Оқу-әдістемелік Кеңесшешімімен бекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___ » _________2014 ж., № ___



Білім беру бағдарламасыбакалавриат

5В050507– «Менеджмент» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі


СИЛЛАБУС



«Жобаларды басқару»пәні бойынша

Курс: 3


Семестр: 6

Кредиттер саны: 3

Оқытушы:э.ғ.к., доцент, Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы
Телефон: 87013103613, №117, 241 бөлме

Алматы, 2014

Құрастырған: э.ғ.к., доцент _______________________ Қарғабаева С.Т.


Силлабус «Жобаларды басқару» курсынын жұмыс бағдарламасы бойынша5В050507«Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған «Жобаларды басқару» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған.
Силлабус «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедра отырысында қарастырылған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама


Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент __________________ О.Залученова
Кіріспе
Жобаларды басқару – ұйымның, жоспарлаудың, басшылықтың әдістемесі, заманауи әдістерді қолданып өз мақсатына тиімді жетуде, жоба циклы барысындағы еңбектік, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың координациясы, жұмыс көлемі мен құрылымы, құны, уақыты, сапасы мен жоба қатысушыларын қанағаттандырудағы жобада анықталған нәтижелерге жетудегі техника мен басқару технологиясы.

Курстың мазмұны, жобаларды басқарудың кәсіби деңгейінде басқару шешімдері түсінігі мен қолданбалы әдістерді дайындау және теориялық негіздерін менгеру қажетті негізінде құрылған. Жалпы курста жобаларды басқарудың қолданбалы ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілерін, сонымен қатар жобаларды басқару үрдісіндегі ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етілуді қамтиды.

Берілген пәнді оқытудың әдістемесі ендігілерді қарастырады:


  • дәріс (лекция) оқу;

  • тәжірибелік сабақтарды өткізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ.

Пәнді оқытудың мақсаты: кейінгі іс тәжірибелік үрдісте осы пәнді өз бетінше игеріп кетуі үшін студенттерге жобалардың теориялық білімін оқыту.

Пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:



  • жобаларды басқару, басқару қызметінің түрі ретіндегі ұсыныс беру;

  • жобаларды басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерін ұғыну;

  • жобалық менеджментте қолданылатын құралдар мен әдіс тәсілдерді оқыту;

  • жобаларды басқару үрдісінде пайда болатын міндеттер шешімінің іс-тәжірибелік дағдысын көрсету.

Алдыңғы деректемелер: Студенттер осы пәнді оқып меңгеру үшін ең алдымен «Экономикалық теория», «Менеджмент негіздерін», «Маркетинг», «Бизнесті ұйымдастыру» білу қажет.

Соңғы деректемелер: «Жобаларды басқару» пәнін толық менгерген студент келешекте «Өндірістік менеджмент», «Персоналды басқару», «Менеджмент өнімділігі», «Корпоративтік басқару», «Тәуекелді басқару» экономикалық пәндерді меңгеруге қабілетті.

Жалпы біліктілік:


  • білу:ұйымда жүретін әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуі;

  • оларды жүейлеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін анықтауды;

  • істей алу: инновациялық басқару жүйесінің түсініктерін еркін қолдану, ойларын тиянақты жеткізу және сын-пікірге, талдауға қатыса алу;

дағдыны меңгеру: алған білімдерін экономикалық талдау әдістерінде қолданып, тәжірибеде ұштастыруға;

  • экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруге машықтанулары тиіс,

Пәндік мамандандырылған:

  • білу:жобаларда басқарудағы білімін, жобаларды басқарудың теориялық аспектілерін;

  • оларды жүейлеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін анықтауды;

  • істей алу: жобаларды басқарудың ақпараттық моделдері мен жобаларды басқарудың технологиясын;

дағдыны меңгеру: алған білімдерін экономикалық талдау әдістерінде қолданып, тәжірибеде ұштастыруға;

  • экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруге машықтанулары тиіс,

Пәндік мамандандырылған:

  • істей алу: нақты экономикалық әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды аша білу;

  • ұйымның экономикалық саясатын анықтай алу және талдауды.

  • дағдыны менгеру: алынған талдаудың нәтижелері негізінде болжау жасауы тиіс;

  • заманауи экономика талаптарына сай жобаны басқарудың теориялық білімдері және тәжірибелік дағдыларына ие болу;

  • жобаны орындаудағы мониторинг әдістерін.


Тақырыптық-күнтүзбелік жоспар

Жобаларды басқару






Тақырыптың атауы

Апталар бойынша бөлу

Дәрістер

Практикалық сабақтар

СӨЖ

ОБСӨЖ/О

1

2

3

4

5

6

1

Жобаларды басқарудың тәжірибелік әдістері және теориялық-әдіснамалық негіздері. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы жобалық қызметті басқару.

1

1

1

1

2

Жобаларды басқару үрдістері.

2

2

2

2

3

Жобаның инициациялау кезеңі.

3

3

3

3

4

Жобаны жоспарлау кезеңі.

4

4

4

4

5

Жобаны орындау кезеңі.

5

5

5

5

6

Жобаны бақылау кезеңі.

6

6

6

6

7

Жобаны аяқтау кезеңі.

7

7

7

7

1аралық бақылау (7 апта)




8

Жоба уақытын басқару.

8

8

8

8

9

Жоба құнын басқару.

9

9

9

9

10

Жоба сапасын басқару.

10

10

10

10

11

Жобадағы сатып алуды және жеткізіп беруді басқару.

11

11

11

11

12

Жоба ресурстарын басқару.

12

12

12

12

13

Жобадағы өзгерістерді басқару.

13

13

13

13

14

Жоба тәуекелін басқару.

14

14

14

14

15

Жобаларды басқарудағы байланыс жасау және бақылау.

15

15

15

15

2 аралық бақылау (15 апта)

Емтихан сессиясы (16, 17, 18 апталар)


Практикасабақтардың мазмұны, бақылау түрі, бағалау

Тақырыптың №

Практикалықсабақтардың сұрақтары

Әдебиеттер

Бақылау түру

Жоғары балл

1

2

3

4

5

1

1. Жобаларды басқарудың әдіснамалық негіздері.

2. Жобаның өмір сүру циклы. Жоба фазасы.

3. Жобаны басқару функциялары.

4. Тұрақты қызмет және жобалық қызмет: жалпы және жеке.

5. Ғылыми жобалық кешеннің инновациялық дамуының өзара байланысы және теориялық негіздері.

6. Жобаның нәтижелілік триплеті: мезгілі, сапасы және бюджеті.



Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

Ауызша сұрақ


100

2

1. Жобаларды басқару үрдістерінің түсінігі.

2. Жобаларды басқару үрдістерінің топтары.

3. Инициациялау үрдісі, жоспарлау үрдісі, орындау кезеңі, мониторинг үрдісі және аяқтау үрдісі.


Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



Жазбаша сұрақ


100

3

1. Жобаның инициаторлары.

2. Жобаны құрудың негізгі себептері.

3. Жобаның мақсаты мен міндетін алдын-ала шартты түрде дайындалуы.

4. Жобаны таңдаудың әдісі мен критерилері.

5. Эксперттердің талдауына сүйене отырып, жобаларды таңдау.

6. Жоба тәртібі. Жоба менеджерін тағайындау.



Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



Тестілеу

100

4

1. Жоба жоспары. Жобаның күнтізбелік жоспары.

2. Жобаны жоспарлаудың жалғасымдылығы.

3. Мазмұнының декомпозициясы.

4. Жұмыстардың иерархиялық құрылымдары.

5. Операцияларды анықтау.


Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



Ауызша сұрақ


100

5

1. Жобаның жоспарын орындау.

2. Базалық жоспарға байланысты жұмыстардың атқарылу барысына мониторинг.

3. Мерзімге және бюджетке байланысты болашақ орындалуының кезендік болжамы.

4. Жобадағы түзетушілік әрекеттер және сабақтар.



Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



Жазбаша сұрақ


100

6

1. Бақылау функциясы. Жобаны жүзеге асырудағы жедел басқарулар. Өлшеу міндеттемелері.

2. Қаржылар мен ресурстардың, кеткен уақыттың, жеткен нәтижелердің, жедел жинақталған жағдайдағы болжамы мен бағасы.

3. Бекітілген жоспардан ауытқудың сараптамасы және себептерін жою.

4. Жоспарды реттеу. Негізгі сандық сипаттамалар – уақыт, жұмыс көлемі мен құны.



Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



Тестілеу

100

7

1. Аяқтау үрдісі.

2. Келісім шартты аяқтау. Әкімшілік аяқтау.

3. Жоба нәтижелерін құжаттау және нақтылау.


Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



Ауызша сұрақ


100

8

1. Орындау мерзімдері.

2. Уақытты үнемдеу үрдісі.

3. Жобаны орындалу уақытының құндық кестесін жасау.

4. Уақытты үнемдеу операцияларын анықтау және оларды жүзеге асыру.

5. Жедел операциялардың уақытын есептеу.


Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



Жазбаша сұрақ


100

9

1. Жоба құнын басқарудың негізгі қағидалары.

2. Жоба құнының бағасы. Ресурстардың құны.

3. Жобадағы әрдайым және қолданыста бар операциялардың құны.

4. Ресурстар құнының нақты бағасы.



Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



Тестілеу

100

10

1. Жобаны орындаудың сапасын жоғарлату.

2. Сапаны басқарудың заманауи концепциясы.

3. Деминг бойынша сапаны басқару.

4. Қайдзен, тура уақытында. Сапаның Маргиндік сараптамасы.

5. Сапаның жалпы басқарылуы (TQM). TQM концепцтясының негізгі ережелері. Жобаның сапа менеджменті.


Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



Ауызша сұрақ


100

11

1. Жеткізіп беруді басқаруға байланысты шешімдер қабылдау. 2. Жеткізіп беру қызметінің жіктемелік сипаттары.

3. Қарым-қатынас және есептік құжаттаманы жүргізу.

4. Жеткізіп беру үрдісінің сызбасы.


Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


Жазбаша сұрақ


100

12

1. Жоба ресурстары. Ресурстарды басқару үрдісі.

2. Жоба ресурстарын жоспарлаудың негізгі қағидалары.

3. Сатып алу мен жеткізіп берудің негізгі міндеттері.


Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



Тестілеу

100

13

1. Өзгеріс түрлері, өзгерістер жіктемесі, өзгерістердің революциялық және эволюциялық мысалдары (Курт Левин, Эдгар Шайн, Джон Коттер, Курт Фрайлингер).

2. Стратегиялық (стратегиялық талдау, бенчмаркинг, маркетингтік зерттеу) және оперативтік (мәселелерді талдау) өзгерістердегі сұранысты талдау.



Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


Ауызша сұрақ


100

14

1. Тәуекел – жоғалтудың немесе көбейтудің мүмкіндігі. Тәуекелді жағдайлар.

2. Тәуекелдің дәрежелері. Төтенше жағдайлар.

3. Нәтижені басқаруға бағаның өзгермелігі.

4. Қажетті деңгейге дейін тәуекелдің әсерін төмендету.

5. Анықталған және анықталмағандық. Жекеше тәуекелдер. Жекеше емес тәуекелдер.

6. Тәуекелді жекешелеудің әдістері мен қаражаттары: ми шабуыл, Дельфи техникасы, эксперттермен интервью, SWOT сараптама.



Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



Жазбаша сұрақ


100

15

1. Жобадағы байланыс жасауды басқару.

2. Жобаларды басқарудағы ақпараттық технологиялар.

3. Шешім қабылдауға көмектесетін интеграциялық ақпараттық жүйе.

4. Жобаларды басқарудағы салыстырмалы сараптаманы бағдарламалық қамтамасыз ету.



Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



Тестілеу

100


СОӨЖ өткізу кестесі*


Тақырыптың №

СӨЖ тапсырмасы

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

(апта)


Жоғары балл

1

2

3

4

5

6

1

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Жобаны басқарудағы ішкі жүйесі. Жоба түрлерінің жіктемесі: кіші жобалар, мегажобалар, күрделі жобалар, халықаралық жобалар. Жоба миссиясы. Жоба стратегиясы. Жобаларды басқару әдістері.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Жобаларды басқару мен жалпы басқару арасындағы байланыс. Технологиялар және ақпараттық жүйелер. Ақпаратты басқару. Жобаларды басқаруда қолданылатын ақпараттық технологиялар жүйесі. Жоба ішіндегі жобалар. Жоба портфелін басқару. Жоба кезеңдері: инициация, орындау, аяқтау. Жоба үрдісіндегі топтар байланысы: инициация, жоспарлау, орындау, бақылау және аяқтау.



Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

№ 3 (4-8 бет)




СӨЖ қорғау

1

100

2

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Үрдістің ішкі тәуелділіктері және жалғасымдылығы. Жобаның өмір сүру циклы.

2. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Жобалық менеджменттің өмір сүру циклы. Жобаларды басқарудағы команданың рөлі. Тапсырыс берушілер, орындаушылар және жобадағы жауапты тұлғалар.



Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



СӨЖ қорғау

2

100

3

1. Келесі тақырыптарға баяндама дайындау: Жобаны жүзеге асырудағы инвестициялық тиімділікті, экономикалық бағалаудың маңызы мен тиімділігі. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалаудағы әдістемелік ережесі.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау: Тиімділікті бағалау критерилері. Коммерциялық тиімділікті есептеу. Бюджеттік тиімділікті есептеу. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі. Жобалық сараптама. Бизнес-жоспар.



Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



СӨЖ қорғау

3

100

4

1. Келесі тақырыптарға баяндама дайындау: Операциялар және операциялардың байланысы. Қатты тәуелді операциялар. Төмен тәуелді операциялар. Сыртқы тәуелді операциялар.

2. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Бақылау іс шарасы. Күнтізбесін жасау. Диаграммалық және жүйелік әдістер. Сызықтық диаграммалар. Өткеншақ диаграммасы. Ганта диаграммасы.



Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



СӨЖ қорғау

4

100

5

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Жобадағы санкциялау жұмыстарын жүргізу. Жобаның орындалу барысын талдауға кезендік жиындар арқылы ақапаратпен алмасу. Жоба жұмыстарының нәтижесі. Сараптама және бақылау үрдісі. Жоспардан ауытқуы.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Орындаудағы есептілік: мерзімі, құны, ресурстары, сапасы, тәуекел, келісім-шарттар. Орындалған көлемнің сараптамасы.



Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



СӨЖ қорғау

5

100

6

1. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Жұмыс құрылымын басқару, сапасын басқару. Ұйымдастырушылық құрылымын басқару. Іздестіру: жинау және нақты мәліметтерді құжаттандыру.

2. Келесі тақырыпқа презентация дайындау: Жоспарланған көрсеткіштердің нақты орындалғанын, ресми және бейресми есептерден анықтау. Жұмыстардың ағымдық жағдайдағы сараптамылық бағасы. Жеткен нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру. Жоспарды орындаудың ауытқуға әсер ететін жолдар мен себептерін анықтау.



Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



СӨЖ қорғау

6

100

7

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Жобаға тапсырыс берушісінің тауарды қағаз жүзінде қабылдауы. Жобадағы материалдардың архивын қалыптастыру.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Жобаны аяқтаудың түрлері: жалғастыру, интеграция, жойылуы. Аяқтау іс шаралары.



Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



СӨЖ қорғау

7

100

8

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Материалдық ынталандыру. Компания штатынан қосымша орындаушыларды тарту. Электронды байланыс.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу:Жобы шығындарының түсінігі. Уақыт манипуляциясы.



Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



СӨЖ қорғау

8

100

9

1. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Ресурстарды төменнен жоғары қарай бағалау әдістері.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау:Компьютерлік әдістер. Бағалаудың нақтылық деңгейі. Жобаның бюджетін құрастыру. Жобаның және оның элементтерінің базалық құны. Құнды бөлу кестесі. Жоба құнын басқарудың әдістері. Жоба құнын бақылау. Шығындар бойынша есептілік.



Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



СӨЖ қорғау

9

100

10

1. Келесі тақарыптарға презентация жасау:Жоба сапасы мен жоба өнімінің арасындағы байланыс. Сапаны жоспарлау. Исикава диаграммасы. Сапамен қамтамсыз ету. Сапаны бақылау. Бақылау парағы. Паретто диаграммасы, 80\20 ережесі.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу:Сапаны басқарудың статистикалық таңдаулары. Жақсы бөлгеннің қисығы. Сапаны бақылауды ұйымдастыру.



Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



СӨЖ қорғау

10

100

11

1. Келесі тақарыптарға презентация жасау: Жедел және кішігірім тапсырыстар. Жеткізіп беру саясаты мен үдерісі бойынша басшылық. Жүктерді қадағалау және тапсырысты жеткізуді жылдамдату. Көлік және логистикалық стратегияны жасау.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Аймақтық, территориялық және жергілікті жеткізіп берулер. Жаңа құрал-жабдықтар және жаңа технологиялар. Лизингтік құрал-жабдықтар, технологияларды сатып алу. Қолданылған құрал-жабыдқтарды алудың себептері. Құрылыс нысандарын сатып алу.



Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


СӨЖ қорғау

11

100

12

1. Келесі тақырыпқа презентация жасау: Сатып алудың ұйымдастырушылық формасы. Сатып алу мен жеткізіп беруді басқаруға қойылатын негізгі талаптар.

2. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Қорларды басқару. Логистика материалдық-техникалық басқаруды қамтамасыз етудің жаңа әдісі ретінде.



Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



СӨЖ қорғау

12

100

13

1. Келесі тақырыпқа баяндама дайындау: Мәселелерді талдау «Сабаққа немесе мәжіліске кешігу» (топтармен жұмыс жасау, шешімдер ұсыну және талқылау). Жоба өзгерістеріндегі сұарынсты талдау үрдісінде таптарды қолданудың басымдықтары.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау:Топ жұмысының тиімділігі. Өзгермелі жоба кезеңдерінде топпен жұмыс жасау тәжірибесі. Өзгеріс жетістіктерінің негізгі факторлары: ең жақсы тәжірибе.



Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


СӨЖ қорғау

13

100

14

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Тәуекелді жекелеудегі Исикава диаграммасын қолдану. Тәуекелдерді басқару аймағы. Болашағы бар пайдалармен тәуекелдердің байланысы. Сценариге сараптама. Модельдеу. Тәуекелдердің сапалы сараптамасы. Тәуекелдердің сандық сараптамасы.

2. Келесі тақырыпқа эссе дайындау: Тәуекелдерді байқауды жоспарлау. Тәуекелдерді байқау мен мониторинг. Тәуекелдерді басқаруды жоспарлау. Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік әдістері. Жоба тәукелінің жиынтығы.



Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



СӨЖ қорғау

14

100

15

1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Бағдарламалық қамтамасыз етудегі сараптама критерилері. Жобаларды басқарудағы бағдарламалық қамтамасыз етудің көлемі.

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Жобаларды басқаруға ақпараттық жүйені енгізудің артықшылықтары. Қоғаммен байланыс.



Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



СӨЖ қорғау

15

100

Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша ОБСӨЖ сабағында жүргізіледі
Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттре тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Жобаларды басқару компанияны дамыту құралы ретінде. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге арналған. Кәсіпкерлік курсы, Алматы, 2014.

2. Управление проектами, Дж.Мередит, С.Мантел мл., МВА, 8-издание, Сант-Петербург, 2014.

3. Управление проектами, А.А.Дульзон Национальный исследовательский Томский политехнический университет, 2010.

4. Управление проектами: организационные механизмы. Новиков Д.А. М.: ПМСОФТ, 2007, 140 с.

5. Управление проектами от А до Я, Ричард Ньютон, Москва, 2007.



Қосымша әдебиеттер:

1. Новиков Д.А., Иващенко А.А. Модели и методы организационного управления инновационным развитием фирмы. – М.:Ленанд, 2006.

2. Модели и методы управления портфелями проектов. Матвеев А.А., Новиков Д.А., Цветков А.В. М.: ПМСОФТ, 2005, 206 с.

3. Механизмы управления организационными проектами. В.Г.Балашов, А.Ю. Заложнев, Д.А.Новиков. М.: ИПУ РАН, 2003, 84 с.

4. Стимулирование в управлении проектами. А.В.Цветков. М.: ООО «НИЦ АПОСТРОФ», 2001, 143 с.

5. Методика освоенного объема в оперативном управлении проектами. Е.В.Колосова, Д.А.Новиков, А.В.Цветков. М.: ООО «НИЦ АПОСТРОФ», 2000, 156 с.

6. Задачи распределения ресурсов в управлении проектами. П.С. Баркалов, И.В. Буркова, А.В. Глаголев, В.Н. Колпачев. М.: ИПУ РАН, 2002, 65 с.

7. Типовые решения в управлении проектами. Д.К. Васильев, А.Ю. Заложнев, Д.А. Новиков, А.В. Цветков. М.: ИПУ РАН (научное издание), 2003, 75 с.

8. Губко М.В. Математические модели оптимизации иерархических структур. – М.: Ленанд, 2006.

9. Информационные технологии управления проектами: Учебное пособие. Светлов Н.М., Светлова Г.Н. М.: ФГОУ ВПО РГАУ-МСХА им.К.А.Тимирязева, 2007.

10. Компьютерные технологии управления проектами: Практикум для студентов магистратуры по направлению «Менеджмент». Н.М.Светлов. Москва, 2007.
БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Жобаларды басқарупәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:

Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).



1 аралық бақылауда (АБ) бұл студент 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ): 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады.

Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 15 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 20 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.




Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)


Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы




90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


КУРС САЯСАТЫ
Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Жобаларды басқару пәнін игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы дәріс(лекция) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау(РК) өткен материалдарды сұрау, тест өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады.

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберип алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады.График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс.Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы).Бақылау іс шаралары (Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практика (семинар) сабақтарында белсенділік. Студенттер практика (семинар) сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат(шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.





Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 Силлабус


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет