тіру үшін Э.В.Севортян сынды білікті де білгір, осы мақсатқа өзінің барша сана- лы ғұмырын бағыныштаған ғұлама ғалымның болуы да қажет еді. Міне, сон- дықтан да Э.В.Севортян басшылығымен дүниеге келген «Түркі тілдерінің эти- мологиялық сөздігі» түркі халқының мəдени тарихындағы елеулі оқиға болып саналады. Алайда одан берідегі кезеңде жеке түркі тілдеріне байланысты тіл білімде- рінің даму деңгейі мен зерттеу нəтижелері этимологиялық сөздіктің əр ұлттық тіл бойынша жасалуының қажеттілігін көрсетіп отыр. Мəселен, Қазақстан ғалымдарының да этимология туралы күрделі ой-пікірі- нің жинақталып, өзіндік бағыты мен тəжірибесінің нəтижесі ретінде осыдан елу жылдай бұрын «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінің» жарық көргені белгілі. Оның бер жағында бүгінгі түркі тілдерінің біразында (мысалы,