талаптарына жауап беріп, оның тарихы мен мəдениетін, рухани құндылықта-
рын анықтауға қажет тілдік деректердің əлеуетін көрсетудің кешенді үрдісін
бағдарлап отыру – тілші қауымының борышы. Осымен байланысты қолға алы-
нуы тиіс этимологиялық зерттеуге ерекше көңіл бөлу – ұлттың мəдени ғұмы-
рындағы өте жоғары бағаланатын еңбектердің бірі.
6
Түркі этимологиясы: зерттеу нәтижелері
мен ғылыми ұстанымдары
«Адамзат мəдениетінің ұлан-байтақ Еуроазиялық жазықтықтағы
үлкен бір аумағы «Түркі əлеміне» тəн. Ол ғана емес, бұл феномен Жер
шарының екінші жартысына да етек жайғаны айқындала бастады» деп
1
белгілі тілші ғалым Ə.Ахметов көрсеткендей, «түркі тектес халықтар
«Түркі əлемінің» тарихи шеңберінен шығып, жер жүзіндегі 50-ден астам
мемлекеттің құзырында жасайтын ең ірі халықтар тобына еніп отыр».
Тілінің, салт-дəстүр, дала мəдениетінің тұтастығымен ерекше көзге
түсетін «түркі əлемі» туыстық, жақындық, қауымдастық жағынан да бұл
кең дүниеде жападан жалғыз емес. «Алтай теориясы» бойынша түркілер
тамыры тереңнен қосылатын (біреулер оны генеалогиялық, енді біреу-
лер тарихи байланыс деп қарайтын) бер жағы моңғол, тұңғыс-манжұр,
ар жағы жапон, корей, угрофин, орал халықтарымен де жақындығы ғы-
лыми дəлелденген нəрсе. Бұл қауымдастықты салыстыра зерттеу «Алтай
теориясының» өзекті мəселесі.
Алайда осы бір ғылымға белгілі жалпылама мағлұматты атап
өтуіміздегі мақсатымыз: кең байтақ Еуроазия жазықтығында есте жоқ
ескі замандардан бері қалыптасып, өзіндік барша болмысы айқындалған
«Түркі əлемінің» өзегі, ұйытқысы болып саналатын, «өлісі» бар, «ті-
рісі» бар, көптеген түркі тілдерінің өзара алыс-жақындығына, ортақ заң-
дылықтарымен қатар өзіндік айырмашылықтары да этимологияға қа-
тысты.
Неге біз «түркілердің тегі бір, сөз түбірі (төркіні) ортақ» дей тұра,
сол тілдердің жеке-дара дамуын, дербестігін мойындаймыз? Неге «түркі
əлемін» құрайтын түркілердің бір тобы өзара жақсы (тілмашсыз-ақ)
түсініссе, екінші бір тобы өзді-өзін шала түсініседі, не мүлдем түсінбей-
ді, аудармашыны қажет етеді?
Міне, туыстас түркі тілдерінің табиғатын, тарихи даму үрдісін та-
нып-білудің алғашқы шарты осы сауалдарға жауап беруге байланысты.
Ол сауалдың бір сыры түрік ғалымдарының түркі тілдерінің (біздің
термин бойынша) баршасын «түрік тілінің леһжелері (яғни «түрік тілі-
нің диалектілері») деп қарап, əрбір жеке тілді «қазақ түрікшесі, «өзбек
1
Ахметов Ə. Азия-Берингия-Америка
7
түрікшесі», «татар түрікшесі» т.т. деп атауды дəстүрге айналдыруында
болып отыр.
Бір қарағанда бұлайша атау тарихи логикаға жат емес. Ондағы аяқ
тірер негіз: «түрік тілдері» деген атау (яғни отандық түркітанушылар-
дың дəстүрлі қолданып келген «түркі тілдері» - орысша «тюркские язы-
ки») барша түркі тілдеріне өкілеттік міндетін атқарып тұрған атау. Екін-
шіден, *түрк>* түрік атауы VIII ғасырдан бастап, Кіші Азия аймағына жан-
жақтан жиналып, шоғырланып, тоғысу барысында қалыптасқан конгломе-
рат (қырық ру) қауымның жиынтық атауы. Бұл тоғысу процесінде (қыпшақ,
қаңлы, үйсін, қарлуқ т.б.) көптеген түркі тайпаларының ішінен оғыз тай-
пасы тарихи беделі өсіп, этникалық доминант болып саналса да, түрк>түрік
атауы Кіші Азияда шоғырланған барша тайпаның ортақ, жиынтық атауы
болып қалыптасты. Міне, «түрк>түрік тілдері» атауының «қолданысында
тарихи негіз бар» дегенде айтар уəжіміз осы.
Шындыққа салыстыру арқылы көз жеткізуге болатыны дəлелдеуді ке-
рек етпейтін тұжырым. Түркі тілдері қаншама жеке-дара дамыса да, қым-
қиғаш араласуы бұрынғы замандарға қарағанда əлдеқайда шектелсе де,
белгілі топ арасындағы, əсіресе тіл саласындағы жақындық мол сақталғаны
да белгілі. Мəселен, қыпшақ тобына жататын қазақ, қырғыз, татар, ноғай,
башқұрт, қарақалпақ, қарашай т.б. халықтардың өкілдері өзара тілмəшсіз-ақ
еркін қарым-қатынас жасай береді. Оғыз тобына жататын түрік, əзербай-
жан, түрікмендер туралы да осыны айтуға болады. Ал, енді осы екі топ
тілдердің өкілдерінің өзара ауызша қарым-қатынасында дəл сондай жағдай
бар деп айту қиын.
Енді, «осы бір құбылыстың себебі, түп-төркіні неде?» деген заңды са-
уал туады. Бұл сауалдың жауабы бізді тіл дамуындағы объективті себептер-
ден көрі, барша түркі тілдерінің ортақ даму заңы мен əрбірінің ішкі даму
заңдылықтарына бастайтыны белгілі.
Мəселен, екі топты құрайтын оғыз тілдері мен қыпшақ тілдері өкілде-
рін алып қарайық. Бұлар, тарихына бақсақ, екі басқа дүниеде пайда болған
тайпалардан емес, кезінде бір географиялық аумақта өзара жақын, көрші-
лес елдер ретінде бір-бірімен тайпалық конфедерация түрінде жіті аралас-
қан этностар болып саналады. Солай бола тұрса да, көріп отырғанымыздай,
бүгінгі түрік тілі мен қазақ тілінің арасында елеулі айырмашылықтардың
қалыптасып үлгіргенін байқау қиын емес. Олар ең алдымен фонетика са-
ласынан, одан соң морфология, одан соң синтаксис салаларынан байқала-
ды. Дыбыс пен морфологияға байланысты өзгерістердің көбісін біз лек-
сикалық бірлік тұлғаларынан айқын көреміз.
8
Жалғамалы (агглютинативті) құрылымға жататын түркі тілдерін дер-
бестік деңгейіне көтеріп тұрған ең басты заңдылықтарға дыбыстық өзге-
рістердің сан алуан түрлерін ( дыбыс алмасу, дыбыс сəйкестігі, ерін, езу
үндестігі, метатеза, дыбыстық модификация, опрощение, умляут,
дыбыстың түсіп қалуы, дыбыстық ұласым, геминация, ашық, жабық,
тұйық буынның қалыптасуы т.б. отыздан астам заңдылықтарды) жат-
қызуға болады. Міне, осы заңдылықтардың əрбір тілде жүзеге асуында
пайда болатын комбинациялық варианттар бір ортақ ілкі түбірді сан
құбылтуы мүмкін.
«Өлі», «тірі» түркі тілдерінде ертеден қалыптасқан бір буында
(моносиллаб) ілкі түбірлердің 6 классикалық үлгісі бар. Олар - Г, ГС,
Достарыңызбен бөлісу: |