Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет32/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
бога//боғузла//бауызла//муузда//боостаа//боостаа//богуздов//богуздок 
сөздерінің бəріне ортақ түбір – боғ//буғ//бау//бұу//му//бо. Мұндағы б-м; 
о-а; г-у-ұ; оғ-ау-ұ-о сияқты дауыс алмасулары түркі тілдері үшін заңды 
құбылыс.  Олай  болса,  бұлардың  бəрі  де  бу-//боғ-  деген  түбір  сөзден 
өрбіген!. Одан əрі этимологиялық жаңғырту қазақ тіліндегі буу (байлау), 
буындыру, буыншақ (буыншақ-түйіншек), буындау, буын, буылтық, бұ-
ғақ, бұғалық, бұғау жəне т.с.с. сөздерді осы түбірден туындатады.
Бірақ  ҚТҚЭС-дегі  этимологиялық  зерттеулердің  басты-басты  бір-
екі  ерекшелігін  атап  көрсетуге  болады.  Өйткені  олар  сол  кезде  эти-
мологиялық  зерттеулердің  жандануына,  əдіс-тəсілдерін  анықтауға  үл-
кен  себін  тигізсе,  бұл  мəселе  бүгінгі  күні  де  өте  өзекті  болып  отыр. 
Біріншіден,  авторлар  өз  зерттеу  нысаны  етіп  кез-келген  сөзді  емес, 
тіліміздегі  мағынасы  əбден  күңгірттеніп,  көмескіленген,  бүгінгі  қазақ 
тілі  тұрғысынан  уəжсіз  (немотивированные  слова)  сөздерді  алады. 
Екіншіден,  өз  зертеулерінде  түркі,  монғол  тілдерінің  фактілерімен  бір-
ге  тұңғыс-маньчжур  тілдерінің  материалдарын  да  шебер  пайдаланады. 
Үшіншіден, сөздіктегі кірме сөздер төркіні (көбіне парсы тілінен) тура-
лы жазған мақалалар (дүрбі, жайбарақат, жəрдем т.б.) пікір сонылығы-
мен  жəне  бұрын  тегі  тексерілмеген  сөздерді  таңдап  алуымен  ерек-
шеленеді.  Бұл  принципті  кейін  жазған  мақалаларымызда  да  сақтауға 
тырыстық
47
.  Бірақ,  қайталап  айта  кететін  жайт – осы  кешенді  зерттеу 
нəтижесінде  түркі  тілдерінің  дамуындағы  барлық  заңдылықтарын 
ескере  отырып,  бір  буынды  түбірге  үңілудің  мəнін  түсіну.  Себебі, 
этимологияның  ең  қажет  жері  де,  негізгі  мақсаты  да  түркі  тілдеріндегі 
46
ҚТҚЭС, 58-59 б.
47
Кайдаров А.Т., Койчубаев Е.К. К лингвистическому объяснению этнонима «казак»//
Вестник АН КазССР, 1971, №2, С. 47-51; Кайдаров А.Т. Доспехи и вооружение воина-
батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистические объяснения//Изв. АН КазССР, серия 
общественная, 1973, №6, С.25-34; Қайдаров Ə.Т. Қазақ тілі этимологиясынан этюдтар//Сөз 
өнері (Тіл мəдениеті туралы), Алматы, 1978, 62-71 б.


52
бір буынды түбір сөздердің табиғатын ашуда екеніне көзіміз жетті. Бұл 
орайдағы  алғашқы  ойларымызды  «Структурные  типы  слов»
48
  деген 
мақалада  айтқан  болатынбыз.  Бұл  жолдағы  ұзақ  жылдар  талмай  ізде-
ніс  «індете»  зерттеудің  нəтижесі.  Ғалымды  тек  қазақ  тілі  фактілерімен 
шектеліп  қалмай,  түркологиялық  аренаға  шығаратыны  да  қажетті 
заңдылық.  Соның  негізінде  түркі  тілдеріндегі  синкретизм  құбылысы
49
 
мен  төркіндес  (гомогенность)  сөздер
50
  дамуын  зерттеу  нəтижесінде 
түркология  ғылымына  «скрытый  синкретизм» «жасырын  синкретизм» 
деген жаңа ұғым, термин енді.
Сөйтіп,  этимологиялық  зерттеулері  арқылы  сөздердің  «қызықты» 
тарихын, ұмыт болған мағыналарын қалпына келтіріп, даму сатыларын 
көрсетуден басталған іс бүгінгі таңда қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыт-
қа, жаңа ізденіс тəсілдері мен əдістеріне, жаңа ғылыми зерттеулерге жол 
салып отыр.
Түркі тілдеріндегі бір буынды түбірлердің табиғатын түркі-монғол 
деңгейіне  дейін  тереңдеп  барудың  этимологиялық  реконструкцияға 
тікелей  қатысы  бар  екенін  соңғы  зерттеулерімізде
51
  көрсетуге  тырыс-
тық. Осы мəселені тарқатып түсіндіру үшін «Из опыта этимологическо-
го исследования односложных основ в тюркских языках» деген мақала-
да  айтқан  тұжырымдарымызға  қысқаша  тоқталып  өтеміз.  Біріншіден,
түркі тілдеріндегі бір буынды түбір сөздердің «салыстырмалы таблица-
сын»  жасау  арқылы  олардың  этимологиясы  мен  реконструкциясына 
жаңа тұрғыдан келуді ұсынамыз. Таблицаның мақсатын, толтыру прин-
циптерін  сөз  қыла  отырып,  мəселенің  теориялық  жағын  да  назардан 
тыс  қалдыруға  болмайды: «...в  целом  дают  объективную  картину 
развития данного корня или основы в тюркских языках и необходимые 
для  этимологической  интерпретации  данные  по  трем  ее  параметрам: 
48
Кайдаров А.Т. Структурные типы слов// Современный казахский язык. Алма-Ата, 1962, С.120-
129.
49
Кайдаров А.Т. О критериях определения синкретических основ в тюркских языках// Изв. АН 
КазССР, серия филол., 1977, №3, С. 51-57; Кайдаров А.Т. Некоторые аспекты синкретизма пер-
вичных основ в тюркских языках//Проблемы современной тюркологии. Алма-Ата, 1980, С. 
85-93.
50
Кайдаров  А.Т.,  Кажибеков  Е.З.  Гомогенные  корни  и  их  лексико-семантическое  развитие  (на 
примере qа-//аа) //СТ, 1980, №3, С. 17-24; Кайдаров А.Т. Фонетические факторы семантического 
развития слов в тюркских языках// Языкознание: Тезисы докладов и сообщений ІІІ Всесоюзной 
тюркологической конференций, 10-12 сентября 1980 г., Ташкент, 1980, С. 156-157
51
Кайдаров А.Т. О некоторых общих тюрко-монгольских однокоренных основах//Якутский 
филологический сборник. Якутск, 1976, С.23-30; Кайдаров А.Т. Из опыта этимологического 
исследования односложных основ в тюркских языках// Лексика и морфология тюркских 
языков. Новосибирск, 1982, С. 3-14


53
фонетическому, морфологическому и семантическому»
52
. Осы бағытта-
ғы  зерттеулердің  болашағы  бұдан  да  биік  мақсат  межесін  белгіледі: 
«Однако  это  еще  не  этимология,  а  лишь  материал  для  серьезной 
этимологии  и  этимологической  интерпретации  самых  разнообразных 
типов,  структурно-семантических  разновидностей  односложных  основ 
и корней в современных тюркских языках»
53
. Ол мақсат – «Қазақ тілінің 
этимологиялық  сөздігін»  жасап  шығару.  Осымен  байланысты  «Қазақ 
тіліндегі  бір  буынды  түбір  негіздердің  құрылымы» (1986 ж.)  қазақ  тіл 
біліміндегі  этимологиялық  зерттеулердің  жаңа  кезеңі  мен  жаңа  бағы-
тын негіздеуі тиіс жаңа деңгей де.
Бірақ  бұл  ғылыми  үрдістің  қалыптасуын  түсіну  үшін  біріншіден, 
проф.  Қ.Жұбанов  зертетулерінен  бастау  алуы,  екіншіден,  қазақ  тіл 
біліміндегі  «тіл  əлемін»  тануды  мақсат  еткен,  қанаттас  жүріп  еңбек 
еткен  əріптес  ғалымдарымыздың  зерттеулерінің  негізгі  мазмұны  мен 
нəтижелерін атап көрсеткен орынды.
Қазақ  тілі  лексикологиясының  жеке  ғылым  саласы  болып  қалып-
тасуына көп еңбек сіңірген, оның этимология саласына арнайы тоқтал-
ған – Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  корреспондент-мүшесі 
Ғ.Мұсабаев.  Қазақстан  жерінде  кездесетін  көне  түркі  жазбалары  мен 
эпиграфикасын  өмір  бойы  жинап,  зерттеп  өткен  ғалым  еңбектерінің 
басты ерекшеліктері, ең алдымен, көне деректерді көптеп пайдалануымен 
көзге  түседі.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  сонау  қытай  жазбалары, 
көне түркі ескерткіштеріндегі тұлғалары арқылы о бастағы тұлғасы мен 
мағынасын қалпына келтіруге (реконструкция) ұмтылады. Қазақ (түркі) 
сөздері о баста бір-ақ буынды түбір сөздер болған, жаңадан сөз тудыр-
ғыш жұрнақтардың бəрі о баста толық мағыналы, дербес сөз болған де-
ген ойларын ғалым өмірінің соңғы кездеріне дейін айтып та, жазып та 
өтті
54
.
Жоғары  оқу  орындарында  оқитын  студенттер  əлі  күнге  дейін 
этимология  ғылымы  бойынша  алғашқы  түсінікті  Ғ.Мұсабаевтың  оқу-
лығынан
55
 алып келе жатқанын да осы тұста айта кетуіміз керек. Автор-
52
Сонда, С.7.
53
Сонда, С. 12.
54
Мусабаев Г. К вопросу о словообразовании//Исследования по грамматике и лексике тюркских 
языков. Ташкент, 1965, С. 18-25; Историческая диалектология казахского языка (к вопросу о 
племенных диалектах)//ҮІІ региональная конференция по диалектологии тюркских языков 
(...). Тезисы докладов и сооб. Алма-Ата, 1973, С. 22-26
55
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, Фонетика. ІІ-бас. Алматы, Мектеп, 1975 
(§9. Этимология. 17-28 беттер.


54
дың  қазақ  тіл  біліміндегі  жасаған  барлық  этимологияларын  жинастыр-
ғанда  көзге  бірден  шалынары – ондағы  тарихи  деректердің  молдығы. 
Сөздің  даму  сатыларын  көрсеткен  сəтте  олардың  тұлғалық  жəне 
мағыналық өзгерістері ескерткіштер фактілерімен тиянақталуымен бірге, 
ғалым  этнографиялық  деректерді  де  шебер  пайдаланады.  Əрине,  кей 
сəттерде (мысалы: құлан, құлын сөздерінің этимологиялары) зерттеуші-
нің  сыртқы  ұқсастықты  қуалап,  ғылыми  принциптерден  ауытқып  кете-
тін кездері де кездеседі. Бірақ Ғ.Мұсабаевтың талай сөздердің түп-төр-
кінін,  тарихын  анықтауға  талпынған  еңбектерін  зерттеушілердің  аттап 
өтуі мүмкін емес. 
Қолданылу аясы мен функционалды-семантикалық даму барысын-
да  өзгерген  сөздерге  лингвистикалық  реконструкция  жасаған  акад. 
Р.Сыздықтың еңбектерінің де қазақ тіліндегі этимологиялық зерттеулердің 
ғылыми-деректік  деңгейін  көтеруде  орны  ерекше.  Алғашында  өз  зерт-
теу  нысаны  етіп  Абай  шығармаларының  тілін  алған  ғалым  оның  мор-
фологиялық
56
  жəне  лексикалық
57
  ерекшеліктерін  сөз  ету  барысында 
олардың тарихын да қазбалап, алғашқы этимологиялық пікірлерін айта 
бастады.  Ол  ойлардың  көпшілігі  «Абай  шығармаларының  тілі»
58
  атты 
монографиясында шоғырланған.
Қазақ тілінде бүгінгі таңда ұмытылған, не тарихи сөзге, архаизмге 
айналған  бірнеше  жүздеген  сөздер  бар  екені  мəлім.  Бұлар  қазақ  тілі 
лексикасында өзіндік ерекше қабат құрайтын, тарихы жұмбақ та қызық 
сөздер тобы. Ғалым назарына көбінше осылар ілігеді. Кейінірек Махам-
бет
59
 пен Жамбыл
60
 поэзиясының тілі жайында жазған мақалаларында да 
қазақ  тіліндегі  көптеген  көнерген  сөздердің  мағынасын  қалпына  келті-
ріп,  текстологиялық  талдаулар  жасайды.  Осы  талдауларының  көпшілі-
гін  автор 1980 жылы  «Сөздер  сөйлейді»
61
  деген  атпен  топтама  етіп 
шығарды.  Бұл  кітап  қазақ  тіл  біліміндегі  «қызықты»  этимология  мен 
ғылыми этимологияны шебер ұштастыра білген, ғылыми-көпшілік қол-
56
Сыздықова Р. Абайдың қара сөздеріндегі -мақ аффиксті тұлға жайында//Қазақ ССР ҒА 
Хабарлары, филол. жəне өнер сериясы, 1959, №1; Абайдың прозалық шығармаларындағы 
кейбір морфологиялық тұлғалардың сипаты//Қазақ ССР ҒА Хабаршысы, 1959, №5 т.б.
57
Сыздықова Р. Абай тіліндегі оқу, ағартуға қатысты сөздер// «Қазақстан мектебі», 1965, №8, 
61-67 б.
58
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1968.
59
Сыздықова Р. Махамбет өлеңдерін оқығанда// «Қазақстан мектебі», 1972, №11
60
Сыздықова Р. Жамбыл поэзиясының тілі жайында//Жамбыл жəне қазіргі халық поэзиясы. 
Алматы, 1975, 78-92 б.
61
Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан). Мұғалімдер мен 
студенттерге арналған көмекші құрал. Алматы: Мектеп, 1980, 126 б.


55
ды (научно-популярная) тұңғыш кітап болды. Кітапты жазу барысында 
автор  негізінен  семантикалық  принципті  ғана  басшылыққа  алып,  сөз-
дердің көне мағынасы мен қолдану тарихын айқындауды мақсат еткен. 
Сондықтан  бұл  кітап  бойынан  терең  (этимологиялық  принциптердің 
бəріне жауап беретін) этимологиялар іздеу, талап ету мүмкін емес. Бірақ 
кітаптың  құндылығы  сол,  одан  зерттеушілер,  этимологтар  көптеген 
сөздер мен сөз тіркестерінің бұдан бір-екі ғасыр бұрынғы қолданыста-
ры  мен  мағыналарын,  басқа  сөздермен  тіркесу  қабілетін  көре  алады. 
Дəлел ретінде Р.Сыздықова қазақ халқының ауыз əдебиеті нұсқаларын, 
революциядан  бұрынғы  жарық  көрген  əдеби  кітаптар  мен  сөздіктерді 
шебер пайдаланады. Əсіресе, ғалым пайдаланған ертеректе жарық көр-
ген  сөздік  материалдары  сол  дəуірдің  «тасқа  басылған»  айғағы  іспетте 
өте дəлелді.
Тіліміздің  тарихын  жасауда  көп  кедергі  келтіріп  жүрген – жазба 
ескерткіштеріміздің  (қазақ  тіліне  тікелей  қатысты)  аздығын  акад. 
Р.Сыздық  ұсынған  осы  əдіспен  біршама  толықтыруға  болатын  секілді. 
Өйткені,  жазба  факті  болмаса,  дəлеліміз  қанша  орнықты  болғанымен, 
көбінше, болжам ғана болып қала бермекші.
Демек,  Р.Сыздықованың  бұл  кітабы – қазақ  сөздерін  этимология-
ның бір-ақ қырынан (мағыналық) алып қарағанымен, заман талабы, көп-
шілік  сұранысына  сай  дүниеге  келген  еңбек.  Осы  секілді  кітаптардың 
көптеп  жазылуы  ғана  қазақ  тілі  ғылыми  этимологиясының  «уықтарын 
бекітіп, шаңырағын биіктетері» сөзсіз.
Қазақ тілі білімпаздарының арасында диалектілік лексиканың шең-
берінде  қолданылатын  жүздеген  сөздің  түп-төркінін  ашып,  тарихына 
үңілген - белгілі  диалектолог-ғалым  Ə.Нұрмағамбетов.  Бұл  кездейсоқ 
жайт  та  емес.  Көне  тілдің  көптеген  реликт  құбылыстары,  əдеби  тілге 
толық таралмаған кірме сөздердің мол қоры жергілікті ерекшеліктерімізде 
сақталып  қалуы  да  заңды  құбылыс.  Осыған  орай  ғалымның  алғашқы 
еңбектерінен  бастап
62
  күні  бүгінге  дейін
63
  жиі  сөз  қылып  келе  жатқан 
тақырыбы – сол диалектілік ерекшеліктердің пайда болуы, түп-төркіні. 
Мəселен, «Түрікменстандағы қазақтардың тілі»
64
 атты монографиясын-
да  этимологияға  арнайы  тарай (69-78) беріліп,  алақшын,  əтішкір,  бай-
62
Түрікменстандағы қазақтар тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясы//Қазақ тілі тарихы 
туралы зерттеулер. Алматы, 1965, 238-246 б.
63
Қазақ говорларының кейбір тұлғаға топшылау//Қазақ ССР ҒА қоғам. ғыл. сериясы, 1970, №1, 
50-54 б.; Қазақ говорларындағы кейбір лекасикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен 
этимологиясы// Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы, 1973, 58-87 б.
64
Нұрмағамбетов Ə. Түрікменстандағы қазақтардың тілі. Алматы, 1974


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет