Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет34/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
ма-у-ық,  ШЫР-  ма-ла-у  сөздерімен  салыстырып,  барлығын  бір  түбір-
ден  өрбіген  түбірлес  сөздер  ретінде  қарастыруы  қазақ  тіл  біліміндегі 
Е.Жанпейісов жасаған этимологиялардың ғылыми тереңдігін ерекшелейді.
Тілімізде  жоғарыда  сөз  болған  этнографизмдер  секілді  ерекше  қа-
бат құрап, сөздік құрамның пассивті бөлігі ретінде жеке қаралатын топ –
архаизмдер  мен  тарихи  сөздер.  Қазақ  тіл  білімінде  бұл  саланы  арнайы 
зерттеген
67
 ғалым филология ғылымдарының кандидаты – А.Махмұтов.
Ол  ҚТҚЭС-ін  жасаушылардың  бірі  ретінде  де  тіліміздегі  сандаған 
сөздердің түп-төркінін ашып берді. Ғалым бұл сөздерді «көнерген сөз-
дер» деп бір топқа біріктіре отырып, бірде арнайы этимологиялық тал-
дау
68
,  бірде  белгілі  бір  жазушының  көркем  шығармада  қолдану  тұр-
ғысынан
69
,  ал  енді  бірде  басқа  лексикалық  топтармен  қарым-қатынасы 
тұрғысынан
70
 алып зерттеді. 
67
 Махмутов А. Архаизмы и историзмы в казахском языке: АКД. Алма-Ата, 1963. С.20.
68
 Махмұтов А. Қазақ тіліндегі кейбір көнерген сөздердің этимологиясы // Қазақ ССР ҒА –ның 
Хабарлары, филол. мен өнер. 1962, №2.
69
 Махмұтов А. М. Əуезовтың «Абай жолы» романындағы көнерген сөздер // ҚТТМДМ, 
4-шығуы, Алматы, 1962, 216-228 бб. 
70
 Махмұтов А. Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің басқа лексикалық топтармен қарым-
қатынасы. // ҚТТМДМ, 5-шығуы, Алматы, 1963.


58
Этимологиялық сөздіктің сөздік құрамын 
анықтаудың принциптері
Еш  уақытта  этимологиялық  сөздіктер  тілдердің  лексикалық  сөз 
байлығын түгел қамтуы мүмкін емес. Өйткені əрбір тілде оның 100-150 
мың  сөздің  жеке  өз  басы  ғана  емес,  бұдан  əлдеқайда  көп  мағыналық 
бірліктің байлығы бар. Олардың бəрін түгел қамтып, бір этимологиялық 
сөздікке  енгізу  мүмкін  емес.  Өйткені  ондай  сөздікті  өмір  бойы  шұ-
ғылданғанда  ғана  дайындауға  болады.  Сондықтан  этимология  жасауға 
қажетті сөздерді ғана шағындап алған жөн. Олар мыналар:
1. Əдеби тілдің белсенді элементі ретінде жиі қолданатын, мағына-
сы  мүмкін  айқын,  мүмкін  жиі  қолданысына  байланысты  шығу  тарихы 
ескерілмейтін  сөздер.  Мысалы:  шаруашылық,  шартарап,  жəрмеңке, 
диірмен,  жақсы,  жарық,  жауын,  жаура,  жасыл,  жастық,  жарнама, 
жарлық  т.б.  осы  сияқты  сөздер.  Бұл  сөздер  əр  түрлі  себептермен 
қалыптасса  да  шығу  тарихына  əр  алуан  заңдылықтарға  душар  болған 
сөздер.  Олардың  шығу  тарихын  айқындай  түсу,  жасалу  тəсілін,  шет 
елден қабылдану жолын анықтау – бəрі қажет нəрсе.
2. Этимологиясын анықтауды талап ететін екінші қатардағы сөздер-
ге тілімізде көптен бері қолданып келе жатқан, сондықтан да мағынасы 
күңгірттеніп, жеке дара, дербес қолданысы сирей бастаған бір топ сөздер 
жатады.  Олар  əдетте,  сөз  тіркесінде,  сөйлем  құрамында  қалыптасқан 
түрінде,  қос  сөздердің  бір  сыңары,  не  екі  бірдей  компоненті  түрінде 
қолданылады.  Түсінікті  болса  да,  бұл  сөздердің  мағынасын  айқындау, 
тұлғасын дəйектеу этимологиялық сөздіктердің міндеті. Мысалы: шаға> 
бала-  шаға  (қос  сөзінің  бір  сыңары);  қалаш>  қатын-қалаш,  ажын> 
абысын-ажын, құртаң> кəрі- құртаң, анда- санда, апыл- ғұпыл т.б. 
Мұндай мағынасын жоғалтқан сөздер, əдетте, тұрақты сөз тіркестер 
құрамында  кездеседі.  Сондықтан  оларға  этимологиялық  талдау  жасау 
үшін  сол  тұрақты  тіркестердің  мағынасын  түгел  алып  талдау  керек. 
Мысалы,  байтал  деген  əдеттегідей  жас  биенің  бір  түрі  емес,  монғол 
тілінде  қолданылатын – «рахат  жағдай», «бейбіт  өмір»,  Қалп  халық 
айтпайды, халық айтса, қалп айтпайды деген мақалда кездесетін қалп 
сөзі  қырғыз  тілінде  дербес  күйінде  сақталып, «өтірік,  жалған»  деген 
мағынаны білдіреді екен. Қазақ тілінде сөздің өзі сақталса да, мағына-
сы  ұмыт  болған.  Мұндай  ұмыт  болған  сөздердің  мағынасы  ғана  ашы-
лып, оның тұлғасы талданбайды. 


59
3.  Этимологиялық  сөздіктердің  бір  мақсаты  əр  түрлі  жағдайларға 
(араласуға,  көрші-қолаңдыққа,  саяси-географиялық  қарым-қатынасқа 
т.б.)  байланысты  заңды  түрде  жүз  беретін  ауыс-түйістер.  Ауыс-тү-
йістердің  уақыт  өткен  сайын  түрлерінің  көп  болатыны  белгілі.  Жəне 
олар араласқан халықтардың тегіне, тіліне, мəдени байланысына, қарым-
қатынасына  байланысты  əр  деңгейде  жүзеге  асады.  Қазақ  халқының 
өткен  тарихына  назар  аударсаң  осындай  қарым-қатынастар  сонау 
жыл  санауымыздың  арғы  жағынан  басталатын  ғун  тілінен,қытай,үнді 
(санскрит)  тілдерінен  басталып,  одан  бергі  замандарда  Еуропа  тіл-
дерімен,  сак,  соғда,  одан  соң  араб,  иран  (тəжік,  парсы,  ауған,  пушты, 
урду), славян (орыс, украйн) тілдерімен, кейінгі кездері орыс тілі арқы-
лы Европа тілдерімен (неміс, француз, англия) араласуы белгілі. Біреуі-
мен  жіті,  біреуімен  сирек  араласуына  байланысты  лексикалық  ауыс-
түйістер əр түрлі деңгейде болатыны байқалады. Мəселен, жіті қарым-
қатынасқа  байланысты  ауыс-түйістері  көбірек  алмасқан  тілдердің  қа-
тарына  араб,  иран,  славян  тілдерін  жатқызуға  болады.  Бұлардың  əр-
қайсысына сəйкес ауыс-түйістердің əртүрлі болатыны белгілі. Мəселен, 
иран,  славян  тілдерінен  тек  қана  жазба  түрде  ғана  емес,  ертерек  кезде 
ауызша да қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына орыс, иран сөздерін 
бойсұндырып  барып  қабылдағаны  белгілі.  Мысалы,  орыс  тілінен 
қабылданған: кəмпит, самауырын, үстел, ағылшын деген сөздердің сырт 
тұлғасының  өзгеруі  осының  мысалы.  Сол  өзгеріс  осы  сөздердің  орыс 
тіліндегі  тұлғасымен  қыйыспауы  оларды  этимологиялық  талқыға  са-
лып, бұрынғы тұлғасында қарастырудың жолдарын талап етеді. 
4.  Əдеби  тілдің  нормасынан  ауытқып,  сирек  қолданыла  бастаған 
кейбір  сөздер  де  этимологиялық  талдауды  талап  етеді.  Оларды  біз 
архаистік  лексикадан  жиі  кездестіреміз.  Мəселен,  бап  о  бастағы  ма-
ғынасы – есік:  Баптардың  бабы  Арыстан  бап.  Ұрым:  Ұлын  ұрымға, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет