Батыс Еуропа халықтары Еуропа жер шарының бір бөлігі. Оның жалпы көлемі 10 млн шаршы шақырым. Таиғаттың географиялық жағдайының немесе кейінгі кездерде кезеңдердің қолайлы болуы нәтижесінде адамдардың тұрмысын, мәдениетін жедел дамытуға қолайлы жағдацй тигізді. Әсіресе, Батыс Еуропа тұрғындарының ілгерілеуі кейінгі 4 - 5 ғасыр ішінде алағ күрт өрлеп кетті.
Шетелдік Еуропа елдерінде 1961 ж мағлұмат бойынша 428 млн халық тұрады. Бұл дүние жүзінің тұрғындарының оннан тоғыз бөліігн құрайды. Шетелдік Еуропада үлкенді - кішілі 58 ұлт мекендейді.
Еуропа алағашқы адам тұқымының өрбіген женлерінің бірі. Олардың өалдықтары Оңтүстік және Орталық Еуропаның көптеген жерлерінде табылған. Гейдельберг адамдарының қалдытары жақ сүйек қалдықтары Батыс Германиядан бастап, Чехославакияға дейінгі жерлерде табылған.. Еуропа жерлеріндегі палоелит дәуірінің бастапқы кезеңінде аңшылар тайпасы мекендеген. Мезолит және неолит кезеңдерінде жергілікті тқрңындар Еуропның солтүстігіне қарай жылжып, Скандинавия және Британия аралдрын барып қоныстанған. Бұл кезеңде еуропалықтардың негізгі кәсібі аңшылық, өсімдік жемісін жинаушылық, балықшылық және егіншілік болған. Сол кезден бастап, Еуропаныі әр түрлі аймақтарында лайықты шару түрлері келіп шыққан. Оның оңтүстігінде жерағашпен егін еккен отырықшылық өмір сүрсе, солтүстікте аңшылар, орманды жерлерде мал өсірушілер өмір сүрген.
Шетел Еуропалықтарының этникалық шығу тегі әлі күнге шиеленңскен қиын мәселелердің бірі. Неолит кезеңінің біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдарында бұл құрлықта үндіеуропалық диалектіде сөйлейтін тайпалар пайда болып, олардың алғаш шоғырланған жері Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі жерлерді мекендеді деген пікірді беделді оқымыстылар тобы айтса, екіншілері үндіеуропалықтардың алғашқы қоныстары дунай жағалауына дейінгі жерлер деп тұжырымдайды. Жалпы алғанда, б.з.д. 2 – мыңыншы жылдары үндіеуропалықтар түгелдей Еуропа жеріне тараған.
Сол б.д.д 22 мың жылдарда Жерорта теңізінің ағысында шығыс елдердің мәдениеті зор алғашқы іргелі халықтар қалыптасқан. Олар алғашқы адамзат мәдениетінің эгейлік одан кейінгі эллиндік негізөін салған. Бұл мәдениетті жасаушылар Жерорта теңізінің жағасында пайда болып, тарихта белгілі құлшылық мемлекеттер орнатқан, сәулетті қалалар тұрғызған. Ежелгі Рим империясының мәдени жетістігі туралы «Ерте дүние тарихында» кең тоқталған. 4 – 5 ғ герман және славян тайпалары оңтүстікке қарай жылжи түсті. Себебі ол тайпалардың арасында әлеуметтік біраз өзгерістер болған. Соның салдарынн олардың арасында алғашқы қауым құрылысы ыдырап, оның орнына феодалдық қоғам орныққан. Гермен және славян тйпалары құлдық қоғамды бастан кешірмеген. Рим империясының ерте дүние уақыттарымен салыстырғанда, бұлардың тұрмыстық жіне рухани мәдениеттерінің даму дәрежесі анағұрлым төмен болған. Рим империясының бір кездегі тамаша мәдениетін германдық жауынгер тайпалар күрт жорықтарының нәтижесінде Солтүстік Африканың және Пиреней жарты аралы тұрғындарының этникалық құрамына әжептеуіп өзгерістер енген. 9 – 10 ғ нормандар келіп, Еуропаның теңіз жағалауын, , Францияныі солтүстік батысынан Жерорте теңізінің аралдарын дейінгі жерлерді түгелімен өздеріне қаратқан. Нормандар сан жағынан аз болғандықтан, олар жергілікті тұрғындармен тұқым араласып, сіңісіп кеткен. 9 ғ Оңтүстік Орал бойынан Дунайдың орта ағысына дейінгі жерлерді венгрлер жайлап алып, Венгрия мемлекетінің негізін салған.
Шетелдік Еуропа халықтарын тілі және антропологиялық жағынан, төмендегіше жіктеу болады. 1959 ж мағлұматқа қрағанда Шетелдік Еуропада 421 млн халық болған. Олардың 96 пайызы үндіеуропалық тір семьясына сөйлейді. Бұл тіл семьясы негізінен, славяндар, 6 млн, поляктар, чехтар, словактар, лужичтер, словенцтер, хорваттар, сербтар, боснилықтар, черногрлықтар, болгарлар, германдықтар, немістер, австриялықтар, эльзастар, гермен – швейарлар, голландықтар, испандар, каталондар, даттар, романдықтар, румындар болып төртке бөлінеді. Келтьттер ирландар, гэлдер, уэльцтер, бретондықтар болып жіктеледі. Бұлардың басқа үндіеуропалық тілге қосылмайтын Пиренейдің батысында баскилердің тілі бар. Фин , лопар, венгр тілдері угрофин тіл семьясына кіреді.
Шетелдік Еуропа халықтарының антропологиялық жағынан еуропейдтік нісілге бірінше рет 1684ж Ф.Бреньн жатқызған болатын. Осы нәсілге бөлі әлі де болса үстемдік етіп келеді. Бұл нәсілдің негізгі белгілері солтүстіктегі нәсіл түрлері ақшыл, ал оңтүстікте қоңырлау болып келеді. Еуропейдтік нәсіл әрбір аймақтың ерекшеліктеріне байланысты Жерорта теңізі динарлық, балтықтақ деп кіші бөліктерге бөлінеді. Бұлардың бір – бірімен антропологиялық ерекшеліктері онша айтарлықтай көп емес.
Еуропа құрлығы табиғи – географиялық жағынан адамдарыдң мекендеуіне қолайлы, ауа – райы қоңыржай. Сондықтанда бұл құрлықтың ежелгі тұрғындары неолит пен қола дәуірінде егіншілікпен айналысқан. Тарихи дәуірлердің басқа да кзеңінде бқл шаруашылық үздіксіз дамып, аборигендердің тұрмысына егіншілік шешуде маңызды роль атқарған. Әр жердің жағдай ерекшеліктерін қарай егіннің түрі де әр түрлі болып келген. Мысалы, солтүстіке арпа, қара бидай, картоп, қант көбірек егілсе, Орталық Еуропада арпа, қара бидай, картоп, қант, бау – бақша жүзім мол өсірілген. Бұлардан басқа оңтүстікте өсірілген техникалық мәдени өсімдіктен зығыр, құмық, мақта, темекі өсімдіктері бар.
Польшада Ұлы Отан соғысыныі соңына дейін, оның жалпы тұрғындарының 60 пайызы ауылдық жерде тұрып, диқаншылықпен айналысқан. Өндіріс орындары баяу өскен. 1944 ж бстап, Польша индустриясы өскен елге айналып отыр. Онд бірнеше миллиондаған жұмысшы қызмет етеді. Егерде 1944 ж ауыл тұрғындарының жерсіз, жартылай жерсіздердің саны көп болып келсе, Польша республикасы орнағаннан кейін помещиктердің дері диқаншыларға берілді. Соның нәтижесінде 1 млн 68 мың ауыл тұрғындары жерге ие болды. Польшаның өндіріс органдары алға өрлеген сайын ауыл жұмысының ауыр жұмыстары механикаландырылып, көпшілік жұмыстар машинамен атқарылды. Егілетін егістердің түрлері де олардын алатын өнымде жылдан жылға көбеюде. Ертеректе поляктар тары, бидайғ арпа, қара бидай, қарақұмық, сияқты дәнді – дақылдрды өсірсе кейін жүгері, асбұршқ, кендір, т.б. сондай – ақ бау – бақша өсімдіктері кеі көлемде өсіріледі. Жемшөптік мал азықтары егіледі. Ауыл шаруашылығанда бұрын қолданылып келген ортағасы құралдары ығыстырылап шығарылды. Польшадағы 30 ж астамырақ уақыттың ішіндегі болып отырған саяси, экономикалық әлеуметтік және мідени өзгерістер Чехославакия(1989 ж бастап Чехия мен Славакия), Болгарияғ Руминия, Венгрия жіне т.б. шығыс Еуропадағы елдердің бәріне ортақ өзгерістер.
Ежелгі кезден егіс құралыдарынлағы айтарлықтай өзгешіліктеріне қарамастан, барлық жерде жерлік Еуропада жерді аударып жырту әдісі кең тараған. Бүкіл Еуропада жалғыз, кейіннен бірнеше тісіт соқалар пайдаоанылады. Еккен егінді күтуде, өнім жинауда, оны сақтауда,қол күші кеңінен қолданылған.
Мал шаруашылығында Еуропада ерте заманде пайда болды. Аборигендер сауын және еттік бақтағы малдарды көп өсірген. Оңтүстікте күш көлік ретінде ірі қара малдары пайдаланса, солтүстік аудандарда жылқы түрін кеңінен қолданды. Қой мен ешкі жүні мен еті үшін өсірді. Егістік дамыған жерлерде мал саны азырақ болса, керсінше, Альпі Карпат, Балқан үстіртіндегі биік жерлерде мал шаруашылығы жақсы дамыды. Балықшылық кәсібі Еуропаның теңіз жағалауынд, Скандинавия, Англия елдеріне ежелден тән. Бұл жерлердің тұрғындарының өмірі, тіршілігі теңізбен тығыз байланысты.
Болгарияның мал шаруашылығын қысқаша тоқталйық. Болгарлардың тұрмысында мал өсіру ісі әсіресе, түрктердің қол астында болған кезеңдерінде дамыған. Болгария патшалығы кезінде де мал шарушылығы айтарлықтай қолға алынбағын. Бұл шаруашылыұтың интенсивтік жолмен өсуіне тек Болгариы Республикасы құрылғаннан бастап жағдай жасалды. Малдардың тұқымын асылдандыруға тұрақты жемшөппен қамтамасыз етуге және ауыр жқмыстарды машинані күшімен істеуге үкімет айрықша көңіл бөлді. Бұл елде қой, ешкі, ірі қара малдарды ьжәне шошқаны өсіруге айрықша көңіл бөледі. Қара малдардан – сиырлар, буйволдарды өқсіреді. Буйволды өсәркден Болгария Еуропады бірінші орынға ие. Ал сиыр өсруде Болгария Венгриямен парапар келеді. Қой ешкіні өсіруден Болгария Еуропада 1 орынға ие болса, шошқа, үй құстарынан; тауық, қаз, түйе тауық, үйректерде болгарлдар ертеден – ақ баға білген. Болгарияда бал арасын өсіруге және жібек құртын өсіруге айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Мал шаруашылығымен айналысу ісінен венгрлер де қалыспайды, бірақ венгрлер ерте кезден бастап жылқыны өсірген. Олар малдарды 3 түрі жолмен жайып, жартылай жайып және қолданы бағып өсіреді. Әр түлікті бағатындарды: жылқышыны – «чокош», сиыршыны – «гуияш», шопанды - «юхас», шошұаны – «каиаз» тдеп атаған. Мл бағушылардың киімі сол жердің табиға географиялық жағдайына бейімделген. Жаңбырдан желден сақтану үшін малшылар шашацн, бетін, қолын сиырдың тоң майымен майлаған. Жылқы мен ірі қараға таңба басқан.
Орта ғасырдың алғашқы дәуірлерінен бастап Еуропада қолөнер кәсібі кең өсті. Бұл кәсіп ауылда, қыстақта және қалада кең өріс алып, диқандардың тұрмысына керекті бұйымдардй көптеп шығарған. Сөйтіп, қолөнершілер мен шаруалардың өмірі бір – бірімен тығыз байланыста болған. Капитализмнің ірі өндіріс орындарының батыста күшті дами бастаған кезеңдері 18 ғ 2 жартысына 19 ғ басына тура келеді. Осы дәуірде Англия мен Францияда өндіріс орындары күшті жетілген болса, кейін басқа да Еуропа елдері осындай даму жолына түсті.
Ере дәуірде – ақ Еуропада қалалар қыстақта, селодан бөлініп шыққан. Б.з.д 2000 ж Герцияда, Римде қалар өсіп олар қолөнер кәсібінің мәдени дамудың орталығына айналды. Сол кезде салынған қалаларлың көпшілігі әлі күнге дейін бар. Ауылдық жердің тұрғындарының орналасуы әр түрлі. Олардың салыну жүйесінде өзара ұқсастық бар. Қыстақтар көше – көше болып та, хутар болыпта салынды. Капитализм формациясы кезінде ауылдық жердерде фермалар көбейді. Қыстақтар ұзынша не қораланып орналаса береді. Еуропалықтардың дәстүрі үй салу тәртібі оны салардың құрылыс жағдайына, жұрттың ежелден қалыптасқан дәстүріне байланысты. Еуропаны оңтүстінгінде үйлерді тастан көп салса, солтүстігінде ағаштан салатын болған.
Еуропалықтардың киімдері де халықтай тарихи дамуына сай өзгеріп отырған. Мұндай процесті барлық дүние жүзі тұрғындары бастан өткерген. Палеолиттен бастап қазіргі күнге дейінгі киім кию салты сан мәрте өзгерген. Бұл елдердің киімдерінің өзгеруі нәтижесінде ұлттық белгілеріде жойылып барлық еуропалықтарға отқ киім үлгілері қалыптасқан.Батыс Еуропа капиталистік елдерінің отаршылық саясатының салдарынан еуропалық кастюмдер ауа – райының ыстығына қарамастан Африка, Азия елдеріне тараған. Еуроплықтардың отбасы кіші жұптық отбасы. Ол капиталистік жеке меншікке негізделіп, христиан дінінің мораліне сүйенеді. Еуроаплық отбасыда ескі көзқарастар, діни сенімдер, негізінен, өзгеріске ұшыраған. Оларлы сирек болсада ертеден қалыптасқан патриархаттық, патриархаттық – рулық отбасының қөалдықтары кездеседі.
Польшада феодалдық кейін капиталистік қоғамдар кезінде халық арасында әр түрлі топқа шлихта, мешндар, място,қала тұрғыны хлоптар сияқты бөлулер орын алған. Бұрын жастарды үйлендіргенде эгзогамияны сақтай отырып осы бүлінушілікті сақтауға тырысқан. Осы күні яғни демократиялық қоғам үстем болған кезде былайша сославияға бөліну жойылды. Жастар үйленгенде өздерінің тілегі, сүйңспеншіңлігі негізінде қосылды. Чехосавакияның тұрғындары да үйленуге экзогамиялық тәртіптеп сақтаған. Жұптық отбасы кең тараған. Жастар үйленгеннен кейін оларды өз алдына бөліп шығарып, өз шаруашылығын өздері жасауға жағдай жасаған. Чехтер жастар үйлену тойын үлкен салтанатты мереке ретінде өткізген. Ескі үйлену тәртібі көнеріп, жаңа қоғамның негізінде пайда болып, жаңа тәртіптер халық тұрмысынан кең орын алуда. Еуропалықтардың қоғамдық тұрмысында ауылдық қауымға бірлесідің қалдығы біртінге дейін сқталып келген. Мысалы болгарлардың сербо – харваттардың, албандардың, норвегиялықтардың аралдарында мұндай салт жиі ұшырасады. Капитализм күштірек дамыған елдерде бұл қалдықтар жойылып, товарлы капиталистік түрлер пайда болған. Капитализм алға өрлеуіне байланысты қалаларды қолөнер қалдықтары жойылып, тауарлы капитлистік қатынас түрлері пайда болған. Кпитализмнің алға өрлеуінде қолөнер қалдықтары дойыоып, жеңіл өндірістер күшейе түсті.
Еуропалықтардың басым көпшілігі христиан дініне сиынды. Мұндағы аз ғана еврейлер мен мұсілмандардың діндері басқа. Б.д.д 1 – 2 ғ христиан діні зор беделге ие болып, Рим империясынан кейін 9 – 8 ғ Еуропа елдерін толық қамтыған. Бұл дін феодолизм қоғамын нығайтуға көп жәрдемін тигізді. Христиан діні батыс католик шікеу және шығыс правослаыиялық шіркеу болып екіге бөлінген. Біріншісі Рим епископына бағынса, екіншісі ұлттық шіркеулерге бөлініп, әр мемлекеттің патшаларына императорларына бағынып, феодалдық – крепостнойлық құылысты сақтауға қызмет еткен. Мұсылман дінін Еуропаға түрктер мен арабтр әкелген.
Шетелдік Еуропа халықтарының рухани мәдениеті тым ертеден бастлады. Олардың арасында батырлар жыры кең тараған. Ерте дәуірлдегі Гомер дастандары «Илиада» және «Одессей» орта ғасырдаң бас кезінде герман тайпалрынң қиялынан туған «Нибелунктар туралы жыр», «Гурдун туралы жыр» секілді эпикалық шығармалар озық мәдениет үлгілері. Осындй бай, терең фольклорлық мұраны өзге халықтардан жиі кездестіруге болады. Орт ағсырдың соңғы кезеңінде балладалар, семья, солдат тұрмыстарынан алынған өлеңдер аңыздар, мақал – мәтелдер көптеп шығарылады. Олады тек қана ғасырдың аяғынан бастап, Францияда одан кейін басқа мәдениетті елдерде халық фольклорын жианп, жарыққа шығару үрдісі қолға алынды. Біздің зманымызда Еуропа елдерінің Халық шығармашылығы жақсы зерттелген. Алуан – алуан өнер түлері Еуроап елдерінде ерте дамыған. Ерте заманға халықтық театрлар Герцияда, Римде болғаны мәлім. Мәдениеттің адан әрі шырқап, дамыған кезеңі кейінгі капитализм дәуіріне ұласады.