Америка халыќтары


Лекция 7. Америка халықтары



бет161/191
Дата05.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#25967
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   191
Лекция 7. Америка халықтары.
Жиі кездесетін сөздер. Индейс тілдері, арктикалық аңшылар, ацтек, майя, инк, жер өңдушілер, Кортес, мулат.
1.Солтүстік Америка.
2.Мезоамерика.
3.Оңтүстік Америка.
4.Европалықтардың Американы басып алуы мен отарлауы.
Мақсаты: Американың байырғы халықтары, қоныстану прцесі, этномәдени ерекшеліктері, шаруашылығы, мәдениеті және еуропалықтардың жаулап алуын ашу.
1.Солтүстік Америка.
Американың түпкілікті халықтары көптеген тілдерде сөйлеген. Бірақ олардың тілдерін зерттеу кейінгі кездерден басталады. Тілдерді зерттеушілердің кейбіруелері үндістер екі мыңдай тіл семьяларында сөйлеген деген пікірлерді айтады. Солай болса да, мамандар үндістердің тілдерін зерттеп, оларды он бес тіл семьясына топтайды, олар: эскимос – алеут, атапас, алгонкин – вакаш, хока- сид, оңтүстік - ацтек, майя – соке, чипча, аршбак, кариб, туни – гуарани, кечу, аймара, араукаи, пуэльче.
Осы аттары аталған тіл семьясы түпкілікті халықтардың аттарымен аталған. Әрбір семья генеологиялық және морфологиялық жақтан ұқсастықтарына қарай отырып, тіл топтарына бөлінгендіктен, бір тіл семьясына бірнеше туысқан тайпалардың кіруі мүмкін. Осынша тілдердеп сөйлеген сан жағынан үлкенді – кішілі халықтар, хасырлар бойы өздерінің заттай және рухани мәдениетін қалыптастырған.
Америка жеріне қоныстанған көптеген тайпалардың шаруашылықтарын 10 үлкен топқа бөлуге болады: Арктиканың аңшылары мен балықшылары, орман аңшылары, Колифорнияның терімшілері мен аңшылары, Американың далалық аймақтарындағы аңшылары, солтүстік батыс жағалаудың үндістері, отты аралдардың тұрғындары, Солтүстік Американың шығыс және оңтүстік-шығыс егіншілері, Орталық және Оңтүстік Америкада құрылған мемлекеттер. Оңтүстік Американың басқа егінші халықтары.
Америка халықтарының тарихын екі дәуірге бөлуге болады. Біріншісі, Американы алғашқы рет адамдарының қоныстануынан басталса, екінші, Американы ХV ғасырда еуропалық Христофор Колумб және оның серіктерінің ашу кезеңінен бастауға болады. Ұлы географиялық ашуларға дейін де Америка құрлығында халықтар өмір сүрген. Колумб және оның серіктері Американы тауып, ХV-ХVІ ғасырларда Америка тайпаларының бүтін әлем халықтарымен байланыс жасауына жол ашты.
Еуропалықтар келгенге дейін Америка аборигендерінің еуразиямен байланысы болды ма? Бұл мәселе аз зерттелген. Ал бізге белгілі ІХ-Х ғасырларда нормандар Гренландияны жаулап алып, мың жылдай Солтүстік Америкада бодандықтың негізін салды. Бірақ кейінгі ғасырларда нормандықтар жөнінде деректер жоқ. Оларды эскимостар қиратқан болуы мүмкін. Нормандармен байланысы болғаны жөнінде Америка мен Скандинавия халықтарының тарихында да деректер қалмаған. Француз этнографы П.Риведен кейін маорилік ғалым Те Ранги Хироа ХІІ ғасырда полинезиялық су жолы арқылы Оңтүстік Америкаға, қазіргі Перу жеріне жеткен деген пікір айтады. Солтүстік Американы қоныстану 1497 жылдан ХVII ғасырдың басына дейін жалғасқан.
ХVI ғасыр мен ХVII ғасырдың алғашқы жылдары Солтүстік және Оңтүстік Американы отарлаудың шұғыл жүрген кезі болып табылады. Солтүстік Американың ХV ғасырда жаңадан ашылған кезеңі болса, ағылшын қызметіндегі итальяндықтар Джовании Габото мен оның баласы Севастьян теңізде жүзіп жүріп, осы жерге келгеннен кейін, олардың ізімен испандықтар Оңтүстік Американың жағлауларына келіп жетті. Испан отаршылдары үнділерге күш көрсетіп, оларды тұтқындап, үйлерін өртеді. Бұларға қарсы үндістер қатты қарсмылық көрсетті. Олардың көпшілігі отаршылар қолынан қаза тапты.
ХVII ғасырдың басынан бастап, Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына байланысты, Солтүстік Американы отарлау күшейе түмті. ХVII ғасырдың алғашқы он жылдарында-ақ Солтүстік Американың Атлант жағалауында Англияның Массачусетс, Вергиния, Францияның (Канадада), Голландияның Манхеттен аралы, Гувдзон өзенінің сияқты отарлары пайда болды. 1641 жылы барлық Голландиялық отарлар Англияның қарауына өтті. Жаңа Амстердам қаласы, кейін Нью-Йорк деп аталды.
ХV ғасырдан бастап Орталық және Оңтүстік Америкаға құл–үндістердің орнына Африкадан негрлерді әкелді. Себебі отыашылдардың шаруашылығында жұмыс істеуден үндістер бас тартқан. Сондықтан еуропалықтар Африкадан негрлерді сатып әкелген. Сол дәуірде Англиядан, Голландиядан, Франциядан келген саудагерлер үндістердің жерін арзан бағаға сатып алып, ол жерлерді игеруде құлдардың еңбектерін пайдаланған.
Солтүстік Американы ағылшындар отарлап алған соң, олар құлдардың тегін күшімен жаңа қоныста кәсіпкерлікті, майдагерлікті, фермерлік шаруашылықты дамытты. Англиядан келушілер молайған соң, бұл құрлықта капиталистік қарым – қатынас дамып, жаңадан американ ұлты пайда болып, Солтүстік Америка Респуьликасы құрылды. АҚШ ұлты сырттан келгендер мен жергілікті халықтардан құралды. Алайда американ ұлтының көпшілігі ағылшындар. Бұған Англиядағы көптеген аграрлық реформаға байланысты себеп болды. Солтүстік Америкада 1625 жылы Англиядан саны 1980 келімсектер болса, 1641 жылы олардың саны 50 мыңға жетті. Осыдан 50 жылдан кейін тұрғындар саны 200 мыңға дейін өсті. Олардың жергілікті үндістерді аямай құруының салдарынан көптеген тайпалар жойылып та кетті.
Отаршылардың Америкаға келуі үндістердің көбінің құрып кетуіне алып келді. Африкадан әкелген негрлер де аяусыз қаналды. Әсіресе, бұл құрлықтың оңтүстігінде өте қатты болды 4 млн. негр-құлдар мен үндістер Америка ұлтына айналды. Африкадан әкелінген негрлер өздерімен бірге алып келген мәдениетінен, әдет – ғұрпынан, тілінен айырылды. Олар ағылшын, испан, француз және португал тілдерін үйренуге мәжбүр болды. Негрлер өздерінің азаттығы үшін талай рет отаршылдарға қарсы бас көтерді. Америка елдерінің тарихында азаттық үшін күрестегі шешуші күштер де сол негрлер еді.
1663 жылдан 1863 жылдар арасында негрлердің 250-ден астам көтерілісі мен бас көтеруі болды. Қазіргі Америкада американдық доллар демократиясы жағдайында негрлер экономикалық, саяси жағынан қаналулушы, американ еңбекшілеріунің ең кедей тобына жатады. АҚШ – тың 13 штатында мыңдаған негрдің сайлауға құқықығы жоқ. Осы уақытқа дейін оңтүстік штатта сайлау тәртібі ақша төлеу тәртібіне негізделген, ол сайлау салығы деп аталады. Бұл жағынан да көптеген негрлер сайлауға дауыс беруге қатыса алмады.
Негрлердің тағдары қаланың шет аймақтарындағы кішігірім аудандарға орналасқан. Олардың 70%-ға жуығы өте ауыр жағдайда өмір сүреді. Бұған себеп еңбек ақының аздығы мен тұрмыстарының өте ауыр болуы. Дәрігерлік жәрдемді ақтармен салыстырғанда 14 есе төмен алды. Әр жылы АҚШ-та тамағын табу үшін еңбек етіп, миллиондаған негр балалары мектеп қабырғасынан тыс қалды. Мәселен, Миссисипи штатында мектепке барушылардың саны 45%-ға еш уақытта жеткен емес. Негрлер үшін жоғары білім алу өте қиын, ал жұмысқа орналасу одан да ауыр.
Мұның бәрі отаршылардың барлдық күшін тек оларды саяси, экономикалық, мораль жағынан қысып, американ азаматтары сияқты тең құқықты етіп ұстамай отырғанын көрсетті.
Американың жергілікті халқының этногенезі, оның ішінде Эскимостардың жайын зерттеу ерекше орын алды. Олар Беринг бұғазынан Гренландияға дейінгі кең территорияны мекендейді. Эскимостардың тегі туралы көптеген теорияларды американдық және азаттық деп екі бөлікке топтастыруға болады: Олардың тегі туралы К.Биркет – Смит толық пікір білдірді. Ол эскимостар мәдениетін Гудзон бұғазының жағалауынан алыс жатқан Карибу бұғыларына аңшылық жасаушы карибу эскимостарының мәдениетімен салыстырады. Бұл теория бойынша олар үндістер тайпасының ығысуымен Арктика жағалауынан келіп шыққан.
Барлық эскимостар үш географиялық және мәдени топтарға бөлінеді. 1) Аляска мен Маккензи бассейнде тұрушы батыстық эскимостар; 2) Канаданың арктикалық жағалаулары мен Лабродордың, солтүстік – батыс жағалауында тұрушы орталық эскимостар; 3) шығыстық немесе Гренландиялық эскимостар. Эскимостар жағалау бойында бір қалыпты орныққан емес, әр жерде топ-топ болып тұрып, теңіз жануарларын аулаумен шұғылданған. Өздерінің үйлерін сол теңіз жағлауларына орналастырған.
ХІХ ғасырдың басында кейбір Э.Нельсон, В.Тальбишер, В.Богораз сияқты ғалымдар эскимостарда рулық құрылыстың болғаны туралы болжам айтты. Бірақ олар өз пікірлерінің дұрыстығын онан әрі дәлелдеуді дамыта алмаған. Кеңес ғалымдарының арасында да бұл пікірді мойындаушылар болды.
Кейінгі он жылда Ч.Хьюз, Г.А.Меновшиков және Д.А.Сергеевтер Беринг теңізі эскимостарында әкелік жолмен таратылатын рудың болғанын ашты. Табылған дәлелдер осы әкелік ру процесінің отарлануға дейін де толық болғанын анық көрсете алмайды. Демек, ХІХ ғасырда болған еуропалықтармен сауда оны тездете түсіп, ХІХ ғасырдың ақырында эскимостар әкелік руға бірыңғай көшкен. Өйткені аналық – рулық құрылыстың элементтері әлі сақталған.
ХІХ ғасырдың ақырына дейін эскимостарда тотемдік топтарға бөліну сақталған. Оларда көбірек тараған тотем – табындар киесі –қасқыр, бүркіт және қарға болған. Төтемдік топтардың барлық мүшелері өзара туыстар болып саналған. Гудзон бұғазы мен Аляска эскимостарының барлығында ХІХ ғасырдың ортасына дейін ерлер үйі (кажимдер) болған. Оны негізінде аналық румен байланыстырды. Әр мекенде ерлердің аңшылықтан кейін бос уақытын өткізуге арналған арнаулы үйлері болған. Олар сонда жұмыс істеп, тамақтанған және түнеген. Сонымен қатар кеңес өткізіп, мерекелерін жасаған.
ХХ ғасырдың орталарында эскимостардың көбінде көсем бомаған, Әр мекнде үлкендердің ішінде білгір аңшы әрі шамандықты білген біреу болса, олар соны « білгоір», «кеңесші», «ойшыл» деп атаған. Ол кімдердің тюденьге, кімдердің бұғыға шығуын анықтайтын. Бірақ оның айтқанын істеу міндет емес еді. Эмкимостардың өмірінде қоғамдық пікір үлкен рөл атқаратын. Егер эскимостардың бірі аңшылық тәртібін бұзса, бұдан соң оған қауымның жұмысына араласуға тыйым салынып, ешкім онымен сөйлеспейтін. Егер ол өзінің көршілеріне қарсы келіп жатса, қауым оны керек десе, өлтіретін болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет