Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет30/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЛЫСТАН АРБАЛАҒА,
ЖАҚЫННАН ДОРБАЛА
Ыбырайдың азамат атанған кезінде қазақ егін егуді намыс көреді екен. Байқосақ деген
бір кедей құрбы-құрдастарына кеп, қаладан көрген жаңалықтарын айтып, «кент жұрты егін
салады екен, қаптап азық алады екен, біз де соны байқасақ қайтеді?» – десе, олар мазақ етіп:
«Байқосақтың сөзі ылғи „байқасақтан“ келеді» деп, күліседі.
Үлкендер сөзін тыңдамаған соң, Байқосақ ауылдың балаларын жинап, аядай жерге аз
ғана егін ексе керек. Егіннен әжептәуір астық алған Байқосақ таңданып қалған елге: «Алыстан
арбалағанша, жақыннан дорбалағаным» – деп жауап беріпті. Кейін нақыл болып кеткен осы
сөз сол Байқосақтан қалыпты-мыс.
Ыбырай ұстаздық қызметінде жүріп, ауылға келгенде, осынау жұмысқа қатты сүйсініп,
әлгі Байқосақты іздеп барыпты да:
– Сіз үлкен іс атқардыңыз. Оныңызды көпшілік ұға қоймапты. Сол үшін көп атынан
кешірім сұрағалы келдім, бастаған ісіңіз ұлғая берсін, біз егінші болуымыз керек, – деп разы-
лық білдіріпті.
Осы сөзден соң елдің бірталайы егін салу жұмысымен айналыса бастапты. Кейін Байқо-
сақ: «Ыбырай қалқам мені егінші деп айтты, елге білім еккен шын егінші өзіңсің ғой», – депті.
Керек зат, дүниені алыстан, біреуден, шет жұрттан көптеп, қымбаттап алғанша,
соны аз-аздан болса да, өзің еңбектеніп, жасап, өндіріп алғаның игі, тиімді деген ой, ұғымды
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет