Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет38/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АРСЫЗДАН АЙУАН АРТЫҚ
Адам арсыздықты бұзылған оймен істейді. Ал айуанның ондай арсыздыққа санасы
жетпейді. Сонда да оның ақылға бергісіз іс-әрекеттері арсыз адамның қылығынан артық
деген ойды аңғартады.
Шұлғау деген байдың Содыр деген сотанақ баласы болыпты. Ол еш нәрсе істемей, атына
мініп, ауыл ауылды қыдырумен жүреді екен. Бір күні Содыр көрші ауылға бара жатса, жолда
кездескен кәрі-жастың бәрі де оған сәлем береді. Ол ешкімге көз қырын да салмай, өз бетімен
жүре береді. Жолда есек мінген бір шал Содырға қарап қойып, үндемей өте береді. Содыр
атының басын бұрып алып:
– Әй, қақбас, неге сәлем бермейсің? – деп тесіле қарайды. Сонда шал тұрып:
– Балам, кіші тұрғанда, үлкен сәлем беруші ме еді? – дейді.
Содыр шалға жақындап келіп, қамшымен тартып жіберуге оқтала бергенде, шал қамшы-
сын шап беріп ұстай алады. Енді екеуі жерге түсе қалып, алыса бастайды. Бос қалған есек пен
ат шетке шыға береді. Екеуі ары алысады, бері алысады, бірақ бір-біріне әлдері жетпей титық-
тасып тұрып, ақыры болмаған соң ажырасады. Шал үсті-басын қағып, айналасына қараса, есек
пен ат жолдың ар жағында қасынысып тұр екен. Сонда қария:
– «Арсыздан айуан артық» деген рас қой. Ананы көрдің бе? – депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет