Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет39/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АРЫСТАНБАБҚА ТҮНЕ,
ҚОЖА АХМЕТТЕН ТІЛЕ
Мұхаммед пайғамбар ақыреттің алдында барлық туыс-жақындарын, сырлас достары мен
жора-жолдастарын жинап:
– Мен бұл дүниемен және сіздермен қоштасқалы жатырмын. Кейінгі ұрпақтарымның
біреуіне берер аманатым бар. Соны оған кім тапсырар екен? – дейді де, жан-жағына қарайды.
Жұрт аң-таң. Дені сап-сау, қалайша бізді қиып, о дүниеге аттанбақ? Аманаты не? Ойларын
онға, саналарын сан саққа жүгіртеді. Сол кезде Арыстанбаб орнынан тұрып, екі қолын көкіре-
гіне қойып:
– Бұған мен әзірмін, – дейді. Мұхаммед пайғамбар:
– Жарайды, ақылдасып, келейін, – дейді де, зым-зия жоғалып кетеді. Әлден уақытта қай-
тып оралады. Алла тағаланың келісімін алып келсе керек:
– Келешекте өмірге Ахмет деген бала келеді. Соған мына құрма жемісін тапсырасың, –
деп, қалтасынан алған бір түйір құрманы береді.
Ахмет дейтін балаға тапсыратын аманатты алып, ұртына салған Арыстанбаб Мұхаммед
пайғамбарға:
– Мен ол баланы қайдан іздеймін, қалай табам, қалай танимын? – деп сауал қояды. Сонда
Мұхаммед:
– Іздеп әуре болмай-ақ қойыңыз. Берген аманатымды сізден өзі-ақ сұрап алады – дейді.
Ғажап болғанда, пайғамбардың айтқаны айнымай келеді.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
25
Бірде далада келе жатқанда, 11 жасар балаға кездеседі.
– Ақсақал, аманатымды беріңіз, – дейді бала. Арыстан баб атын сұрап жатпай, «аузыңды
аш» дейді оған. Ол аузын ашқанда, бабаның ұртындағы құрма зып етіп Ахметтің аузына кіріп
кетеді. Бала ләм-мим деп тіл қатпастан, бұрылып жүре береді.
– Сен неткен көргенсізсің, маған айтқан рақметің қайда?! – деп айқайлайды Арыстанбаб.
Сонда бала артына бұрылып тұрып:
– Сізге несіне рақмет айтам? Сіз бар шырынын сорып жеп, маған құр сүйегін қалдырып
отырсыз, – дейді. – Жарайды, сізге келіп түнесін, менен тілек тілесін, – деп жүріп кетеді.
Содан бері халық Түркістанға сапар шеккенде әуелі Арыстанбабтың басына барып мінә-
жат етеді. Құран оқытады. Мазарына бір түнеп, содан соң ғана Ахмет Иассауи кесенесіне атта-
нады екен.
Халық арасында «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген нақыл сөз содан
қалыпты. Бұл нақылды кейде «Әулиенің басына түне, Алладан тіле» деп жалпылама айта-
тындар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет