Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет47/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АСЫЛЫҚ АЙТПА,
АУЗЫҢДАҒЫ АСЫҢНАН ҚАҒЫЛАРСЫҢ
Бұл нақыл «артық айтып, шектен шықпа, тәубеңе түс» деген емеурінді аңғартады.
Отағасы үйіне кірмей жатып, бәйбішесіне:
– Тамағың бар ма, ашығып келдім, – дейді. Бәйбішесі:
– Қазанға ет салып қойдым. Құдай қаласа, бұйыртса, пісіп қалар, – дейді. Отағасы:


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
29
– Ой, ет қазанға түскен болса, бұйырса да, бұйырмаса да жейміз ғой, – дейді.
Содан ас дайын болып, енді әкелейін деп жатқанда, үйге екі нөкер баса көктеп кіреді.
Үй иесін алдындағы асына да қаратпай ұстап алып, тұтқындап, апарып қамап қояды. Содан ол
бірнеше күннен кейін ақталып, үйіне қайтып келеді. Есігін қақса, ар жағынан бәйбішесі:
– Бұл кім? – дейді. Сонда аузы күйген отағасы:
– Бұйыртса, күйеуіңмін, – деген екен.
«Асылық айтпа, аузыңдағы асыңнан қағыларсың», – деген сөз содан қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет