К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
29
– Ой, ет қазанға түскен болса, бұйырса да, бұйырмаса да жейміз ғой, – дейді.
Содан ас дайын болып, енді әкелейін деп жатқанда, үйге екі нөкер баса көктеп кіреді.
Үй иесін алдындағы асына да қаратпай ұстап алып, тұтқындап, апарып қамап қояды. Содан ол
бірнеше күннен кейін ақталып, үйіне қайтып келеді. Есігін қақса, ар жағынан бәйбішесі:
– Бұл кім? – дейді. Сонда аузы күйген отағасы:
– Бұйыртса, күйеуіңмін, – деген екен.
«Асылық айтпа, аузыңдағы асыңнан қағыларсың», – деген сөз содан қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: