К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
27
деген ақсақал Жақанбектің үйіне түсіпті. Жөн сұраса келе, үй иесі қонағының атақты мешкей
Ысқақ
екенін біліп, бәйбішесіне:
– Сабадағы қымызды сарқып ішетін дәудің өзі келіпті. Шөлін қандыру оңай болмас, тегі.
Қымызыңа іркіттің суын қосып жібер, – деп құлаққағыс қылыпты. Бәйбіше отағасының айтқа-
нынан аса алмай, айтқанын істейді. Екі тостаған қымызды сіміріп салған Ысқақ, ыдысын жозы-
ның үстіне қойып, сыртқа шығыпты. Мешкей қонағынан тезірек құтылғанына қуанған Жақан-
бек шығып:
– Апыр-ай, ақсақал, жүрісіңіз суыт қой. Неге асықтыңыз? – десе керек. Сонда Ысқақ:
– Е, Жақанбек, аңсап келгенде, аруақ қонған дастарқанның ақ, адал дәмін арамдап бер-
дің. «Асты қорлағанның арты оңбас» деуші еді.
Мен содан шошынып барамын, – депті.
Ай өтті ме, өтпеді ме, осы оқиғадан кейін ел іші бір дүрлікті. Жақанбек байдың жалғыз
ұлы шілденің шіліңгірінде құм ішінде адасып кетіп, жұрт болып жабыла іздеп, үш күннен
соң әрең тапқан. Басынан күн өтіп, таңдайы қаңсып, кеуіп кеткен байғұс бала ауыл іргесіндегі
Жаманқұмда
жол таба алмай, қаталап шөлдеп өлген екен.
Достарыңызбен бөлісу: