К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
26
жалды айырып түскендіктен «Жалайыр» болып атанған деген сөз бар. Сол екі ата жалайыр
елінде құс салып, ит жүгірткен қазақ саяткерлерінің ішінде қыран құсты адамша жұмсай біл-
ген Жалайыр Шорадан асқан білгір құсбегі болған. Жалайыр Шораның алғыр қыранды айныт-
пай танитыны соншалықты, ұшқан бейіміне қарап-ақ қандай аңға түсе алатынын дәлме-дәл
айтып береді екен. Сол себепті ел ол құсбегіні: «Аспанда ұшсам қанатым талады, жерге түссем
Жалайыр Шора алады», – деп аңыздайды екен.
Ертеректе бір ауылға келіп түскен Жалайыр Шора күн ұясына батар шақта ауыл адам-
дарымен төбе басында әңгімелесіп отырады. Олар күнбатыс жақтан өздеріне қарай ұшып келе
жатқан қос қыранды байқап қалады. Беймезгіл шақта ұшқан қырандарды ауыл адамдары әр
саққа жүгіртіп әңгімелейді. Сол кезде Жалайыр Шора:
– Оң жағындағы қыран құмшегірдің тұқымы екен де, сол жағындағы – сасқалақ сарының
сырғағы екен, – дейді. Сонда ауыл адамдары:
– Сен де оттай береді екенсің! Айдалада ұшып бара жатқан құсты балдаққа қондырған-
дай сипаттадың-ау келіп, – деп мысқылдайды.
– Сенбесеңдер, бәрің орындарыңнан тұрып айғай салыңдаршы. Сол жағындағы қыран
жерге құлап түспесе неғыл дейсің, – дейді.
Жалайыр Шора айтқандай айғай-қиқу шыққанда-ақ жаңағы бүркіт қалбаңдап барып
жерге құлайды. Ел жүгіріп жанына барса, қорғаншақтай береді. Міне, Жалайыр Шораның біл-
гірлігі. Бүркіттің сасқалағы еш уақытта мандытып аңға түсе алмайды.
Бұл құсбегілердің, аңшылардың шеберлігіне, білгірлігіне тәнті болғанда, құрмет, қоша-
мет көрсеткенде айтылатын нақыл
.
Достарыңызбен бөлісу: