Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АТАДАН БАЛАНЫҢ БАҒЫ АСЫП ТУУЫ МҮМКІН



Pdf көрінісі
бет51/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТАДАН БАЛАНЫҢ БАҒЫ АСЫП ТУУЫ МҮМКІН,
АЛ АҚЫЛЫ ШИРЕК ТЕ БОЛСА КЕМ ТУАДЫ
Әкесіне қарағанда баланың өмірде жолы болуы, қызмет-мансабы өсуі, бағы жануы
мүмкін. Бірақ әке алдында ол қашанда перзент. Әкесінен көп өмір сүрген жоқ. Демек, тәжір-
бие, өмірді танып-білу, көңілге түю тұрғысынан әкесінен асып кете алмайды. Нақылды осы
мағынада түсіну керек.
Жиренше бозбала кезінде жасы ұлғайған әкесін ауыл сыртындағы төбеге атпен апарып
отырғызып, өзі ауыл аралап, кешке қарай қайта атпен алып қайтады екен.
Бір күні Жиренше нағашысының аулына қыдырып кетеді. Содан қайтар жолда бір жас
жігіт жолдан қосылып, бірге жүреді. Ауылға жақындағанда әлгі жігіт басқа ауылға бұрылып,
әндетіп кете барады. Жиренше күндегі әдетімен төбе басында отырған әкесін үйіне алып
келіпті.
– Балам, жаңағы жолдасың еркек пе, әйел ме? – деп сұрапты әкесі.
– Әйел емес, жас жігіт.
– Ендеше кеткен ауылына барып келші, меніңше сол әйел, – депті әкесі.
Сол ауылға барып, қайта оралған Жиренше:
– Әке, сіздің айтқаныңыз рас екен, мен шамалас қыз болып шықты. Оның әйел екенін
қайдан білдіңіз? – деп сұрайды. Әкесі айтады:
– Алыста келе жатқанда аяғы аттың екі өкпесінен шықпады. Ауылға жақындағанда ерге
еңкейіңкіреп отырды. Сенен бөліне беріп ән салғанда, әнді еркекше бастады да, әйелше қай-
ырды, содан білдім. Сол қызбен сөйлес, болашақ жарың сол болады, – дейді.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
31
Атақты Қарашаш анамыз сол қыз екен. Жиреншенің «Атадан баланың бағы асып тууы
мүмкін, ал ақылы ширек те болса кем туады» деген сөзі содан қалыпты.
Халықтың жорамалы бойынша, Жиренше шешеннің әкесі де сөзден қаражаяу болмаған
екен.
АТА ҚАРҒЫСЫ ОҚ
Ілгері заманда дүниеде жоқ бай болыпты. Бірақ оның баласы болмайды. Жаратқанға
жалынып, сыйынбаған мазары, бармаған жері қалмай жүріп, жасы жетпіске таяп қалғанда
жалғыз ұл көреді. Баласы жастайынан елдің тілін алмайды, өзінің білетінін істеп, теріс болып
өседі. Ата-анасы басқа қылар айласын таппайды. Ақыры атасы, «құс болып, ұлып қал, ұяң
таста болсын», – деп қарғайды. Атадан қарғыс алған жалғыз бала «Байұлы» деген құсқа айна-
лып қалған екен. «Ата қарғысы оқ» – деген сөз қалған екен елде.
Ілегіргі замандарда ата, әке қарғысы – ең ауыр, зардапты жазалардың бірінен
саналған. Халық сенімі бойынша мұндай қарғыс арқалаған адам ерте ме, кеш пе бір қауіп-
қатерге жолығады немесе өмірде жолы болмайды. Сондықтан есі бар әрбір ұл-қыз ата-ана
қарғысына ұшырайтын теріс қылық-әрекеттерге бармаған. Ата-анасын мейлінше сыйлап,
құрметтеп, олардың ұстанған пікір, көзқарастарына қарсы келе бермеген.
Бүгінгі күндері де сол дәстүр маңызын жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет