Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет53/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТАМЫЗ – АЛАШ,
АТЫМЫЗ – ҚАЗАҚ,
ҮШ ЖҮЗДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ
(Екінші нұсқасы)
Бір жорықта Қызыларыстан ханға асқан сұлу бір қыз тұтқын болыпты. Сонсоң, бұл
қызды хан әйел етіп алыпты. Кейін бұл әйел жүкті болып, бір ұл табады. Әлгі ұлдың тұла
бойы түгел ала болады. Мұны жамандыққа
Аттың майы* – бұл жерде аттың тері, күші.
Қойт-қойттайды* – айдап салады, қоздырады.
жорып, қалай жоғалтуды ақылдасқанда, ханның бәйбішесі: «Бұл баланы суға тастаң-
дар», – дейді. Бәйбішенің айтқаны бойынша баланы Сырдарияның суына апарып тастап
жіберіпті. Мұны балық аулап жүрген бір кедей қария көріп, ұстап алады да, бағып бала
қылады.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
32
Сонымен, ала бала ер жетіп, асқан ақылды әрі батыр жігіт болыпты. Ала бала ел ішінде
«Алаш» деп аталып, атағы жайылады. Мұны хан естіп, ордаға әкелдірмек болады. Бірақ ханның
қасындағы Майқы деген адам: «Бұл баланы ордаға әкелмей, қасына жүз жігіт беріп, өз еркіне
жіберу керек», – деп кеңес береді. Хан бұған мақұл болады. Бұған алғашында Үйсін деген
жігіт жүз жігітпен барып қосылады. Келесі жолы Болат деген жігіт жүз жігіт бастап барып
тағы қосылады. Үшінші жолы Алшын бастаған жүз жігіт және барып қосылады. Сонымен олар
жорықтар жасап, төңірегіндегі елдерді бағындырады.
Кейін бұлар бас қосып жиын ашып, Алашты ақ киізге отырғызып хан көтеріпті. Сонан
барып әлгі ала бала «Алаш хан» атаныпты. Үш жүз жігіттен қазақтың үш жүзі тарапты. Яғни,
Үйсін бастаған жүз жігіт – Ұлы жүз, Болат бастаған жүз жігіт – Орта жүз, Алшын бастаған
жүз жігіт – Кіші жүз болыпты. Сондықтан да қазақтар: «Атамыз – Алаш, атымыз – қазақ, үш
жүздің ұрпағымыз», – дейді.
Бұл сөз тіркесі кейде «Ұранымыз – Алаш, керегеміз – ағаш» немесе «Киіз туырлықты,
„Алаш“ ұранды қазақпыз» дегендей өзгерістермен де айтыла береді. Соған қарағанда, бұл
сөз тіркестері Қазақ хандығы шаңырақ көтерілмей тұрып, одан бұрынғы дәуірлерде де кең
қолданыста болған тәрізді. Яғни, «Алаш» сөзі ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым
болып біріккен одағының атауы болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет