Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет50/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТ – ЖАЯСЫ ЖАЛПАҚ БИЕДЕН,
ЕР АЛАҚАНЫ ЖАЗЫҚ АНАДАН ТУАДЫ
Еліне қадірлі, әділ билік жүргізген Сүлеймен деген қарт әл үстінде жатқанда, үзеңгілес
жолдастары, жақын ағайын мен өзінің үш баласы әкеден өсиет күтіп отырғанда, балалары әке-
ден өсиет сұрауға жарамай, сықсыңдап жылай беріпті-міс. Сонда олардыың бұл қылығына разы
болмаған Сүлеймен жиналғандарға қарап: «Ат – жаясы* жалпақ биеден, ер алақаны жазық
анадан туады» деуші еді атам қазақ. Көз жасына ие бола алмай отырған мына балаларымнан
не шығушы еді. Бұлардың анасы есіктен келген балаға дастарқаннан уыстап бауырсақ әкел-
генде, уысына үш бауырсақтан артық сыймаушы еді. Содан туғандар мыналар ғой, көз қырла-
рыңды сала жүріңдер», – деп, балаларын өзінің үзеңгілес достарына тапcырыпты-мыс.
Қолы ашық, кеңпейіл, дархан аналардан ғана ерлер туады деген ойды береді.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
30
АТ – ЕР ҚАНАТЫ
Ұлы Алла Адам атаны жәннаттан шығарып, жерге түсірген кезде оны төрт көзі бар,
қанатты пыраққа мінгізген екен. Адам ата жерге түскенде, бойын үрей билейді. Бейтаныс
мекен көзіне жат көрінеді. Қорыққаннан пырақтың мойнынан құшақтап алып жібермей
қояды. Бірақ пырақтар қайтадан жәннатқа көтерілмек болады. Сол кезде Адам ата аттың қанат-
тарын қырқып тастайды. Пырақтар не істерін білмейді. Сол кезде Алладан:
– Адамның жүрсе, қанаты, жау тисе, қорғаны бол. Адамға қызмет ет, – деген бұй-
рық келеді. Ат амалсыз жерде қалады. Бұрынғы қанатындағы күш-қайраты оның аяқтарына
ауысады. Бастапқыда ат жерге үйрене алмай, жәннатты аңсап жылай берген екен. Күні-түні
жылағаннан төрт көзінің екеуі суалып, көрмей қалады. Аттың маңдайындағы көзге ұқсас
шұңқырлар құрғап қалған жанардың орны екен. Содан бастап ат адамның ажырамас серігіне
айналады. «Ат – ердің қанаты» деген мәтел осыдан қалған екен.
Көшпелі дәуірде ат, жылқы деген атаулар қазақ даласының екінші есіміндей болып кет-
кен еді. Кең байтақ даланы меңгеру үшін, құс қанаты талатын қашықтықты қаусыру үшін
тек аттың ғана жалы мен белі, тұяғындағы желі керек болды. Тарихтағы қиян-кескі жоры-
қтар, дала үшін ұзақ қан төгіс қырғындар ат арқасында өткен. Қысқасы, қазақтың екі
сөзінің бірі – ат туралы болатын. Содан да болар, халқымыз «Ат – ер
Жая* – жылқының сауыр еті.
қанаты», «Ат жетпейтін жер жоқ», «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар», «Ат
сүрінбей жер танымас», «Ат тұяғын тай басар» дегендей көптеген мән-мағыналы қанатты
сөздер қалдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет