Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ – ЕР ЖЕТКЕНІ БОЛАР



Pdf көрінісі
бет59/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ – ЕР ЖЕТКЕНІ БОЛАР,
АНА ТҰРЫП ҚЫЗ СӨЙЛЕСЕ – БОЙ ЖЕТКЕНІ БОЛАР
Бұл жерде адамның ақылы жасында емес, басында. Егер ақыл-парасаты толысып
тұрса, неге жасына қарап емес, басына қарап бағаламайсыз деген ойды астарлап жет-
кізіп тұр.
Сырым жас кезінде бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малай-
сарымен сөйлесіп отыр екен.
– Балалар, аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауы-
стап:
– Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.
Малайсары жалт қарап:
– Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? – дейді.
– Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар, – дейді Сырым.
– Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, – деп Малайсары сонда Сырымды қасына
шақырып алған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет