Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет57/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТАҢА НЕ ҚЫЛСАҢ,
АЛДЫҢА СОЛ КЕЛЕР


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
34
Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» –
деген жарлық беріпті. Халық осы жарлықты орындапты. Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына
әкеліп, итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті. Бала таңданып: «Әке, неге күлесің?» – деп
сұрапты. Сонда әкесі: «Мен де сен сияқты осыдан көп жыл бұрын әкемді құздан итеріп
едім. Міне, енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін», – депті. Мұны естіген баласы
әкесін өлтірмей, ханнан жасырып бағыпты. Кейін елінде бір қиын жағдай болғанда, хан бүкіл
халқын жинап, ақыл сұраса, ешкім ақыл бере алмапты. Сонда жігіт әкесіне келіп не болғанын
айтқанда, әкесі қиындықты жеңудің шешімін тауып береді. Сөйтіп, елін аман сақтап қалады.
Бұған риза болған хан қартайған адамдарды өлтірмей, қайта олардан ақыл-кеңес сұрап отыру
керектігін заңдастырыпты.
Бұл мақал: «Атаңа туған күн саған да туады, сен де сондай боласың» дегенге меңзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет