Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет46/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АСЫҒЫС ТҮБІ – ӨКІНІШ
Асығыс, қарбалас тірліктің шикі шығып, артынан әрқашан да өкініш тудыратыны бейне-
ленген Абай сөзі:
«Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!
Асығыс түбі – өкініш,
Ойланып алмақ – сабыр сол».
АСЫЛ – АСЫЛЫНА,
НӘСІЛ – НӘСІЛІНЕ
Бірде «ұрлық жасады» деп жарлы-жақыбайлау біреуді ханның алдына алып келіпті. Ол
адам «тауып алдым, ұрлап алған жоқпын» деген сөзден танбапты. Ал талапкер болса, «әйтеуір
жоғалған затым сенен шықты ғой, ұрлап алдың» деп қасарыса түскен екен. Сонда ақылды хан
өз пікірін өз ішінде сақтай тұрып, уәзірлеріне: «Мына бейбаққа қандай жаза қолданамыз?»
дейді. Бірінші уәзір: «Отқа тірідей өртеп жіберу керек» десе, екіншісі: «Қолын қол, бұтын
бұт қылып, кескілеп өлтіру керек» дейді. Ал үшінші уәзір күлімсірей отырып: «Осы мен бір
нәрсеге таңғалып отырмын», – дейді. Жұрттың бәрі оның аузына қарай қалады. – «Асыл –
асылына, нәсіл – нәсіліне» деген бұрынғылардан қалған сөз бар-ды, сол рас па деймін. Мына
уәзір «отқа өртеу керек» десе, екіншісі «кескілеу керек» дейді. Отты айтып отырған уәзірі-
міздің әкесі өмір бойы ұсталық құрған еді. Ал екіншісінің әкесі өмір бойы қасапшы болған-
ды. Құдай ауыздарына қалай салып отыр десеңші…»
Екі уәзір де төмен қарап, үнсіз қалады. Сонда хан:
– Ал енді, өзің қандай уәж айтпақшысың? – дейді әлгі уәзірге.
Ол тұрып:
– Меніңше, бұл адам ұрлап алмаған. Түсіп қалған затты тауып алған. Бірақ тауып алған
затын «оңай олжа» деп, алған да жүре берген. Ал, мұсылмандар маңайында тірі жан болмаса
да, «мынау кімдікі?» деп үш рет айғайлап сұрауы керек. Бұл енді оның білместігі болған. Әңгі-
менің қысқасы: затын танып тұрған адам өз мүлкін алып жүре берсін. Ал мына жазаға тар-
тылғалы тұрған адамға кешірім жасалық. Екіншілей қайталаса, осы уәзірлердің кесімі шешім
болсын, – депті.
Хан басын изеп: «Кең болғаннан кем болмаспыз, кез келгенді қыра беріп, ел болмаспыз»
деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет