Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет42/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АСПАННАН ИСА ТҮССЕ,
ЖЕРДЕН МӘДІ ШЫҒАДЫ
Мәді – хазірет Ғалидың (Әзірет шері) ұлы. Орта Азияда өмір сүрген балуан Дариға
қыздан туады. Азамат болған соң туабітті көрмеген әкесін іздеп, сапарға шығады. Кездеседі.
Алдымен жөн сұрасып алмай күреске шыққанда, бала ұрандап «Иә, Алла, Әзірет шері жаса»
деп айқайлап күреседі. Сонда Әзірет шері баланы тоқтатып, өзінің баласы екенін таниды. Бала
да әкесін танып, «өз әкеме қол көтердім, жарыл, жер, жарыл!» – деп, жерге кіріп кетіпті.
Адамзат баласын тажал әкелген ауыртпалықтан құтқару үшін Мәді тығылған жерінен
шығады. Аспаннан Иса пайғамбар түседі. Тажалдың көзін жояды.
Христиандарда Исаның қайта келуімен жер бетінде әділдік орнайды, адамдар күнә ата-
улыдан арылып, бақытты өмір сүреді деген сенім бар. Қазақтар да «Аспаннан Иса, жерден Мәді
шыққанда, қой үстіне бозторғай ұялайтын заман болады» деп жатады. Бұл сенім қазақтарда
ислам дінінің Мәді, Дажжал туралы ілімі негізінде қалыптасқан.
Елшілікке жіберілген екі хазіреттің арқасында жер бетінде мамыражай заман орнайды.
Адамдар түгелдей мұсылман болады. Осыдан «Аспаннан Иса түссе, Жерден Мәді шығады», –
деген сөз қалған екен.
Мұнда исламның әділ жолымен жүрсең, екі дүниеде ниет-тілегің орындалады деген ой
түйінделген
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет