Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АРЫСТАНДАЙ АЗУЛЫМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АШЫҒАСЫҢ



Pdf көрінісі
бет40/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АРЫСТАНДАЙ АЗУЛЫМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АШЫҒАСЫҢ,
ТҮЛКІДЕЙ ҚУМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АСЫЛАСЫҢ
Жүйіткіп келе жатқан түлкі бір жемтікке кездеседі. Жақсы атанбақ болып, мұны жемтік
жейтін аңдардың бәріне хабарлайды. Барлық аң жиналады. Аңдар жемтікке ауыз салайын десе,
арыстаннан асуға бата алмайды. Сонда түлкі жылмаңдап:
– Ел ағасы бөлсін? – дейді арыстанға жалтақтай қарап. Сонда арыстан орнынан тұрады.
– Мен айтсам, бұл жемтіктің бір бөлігі менің арыстан атыма, бір бөлігі күштілігіме, енді
бір бөлігіне кімнің тісі тисе, сау қалмайды, – дейді.
Мұны естіген соң аңдар бастары салбырап, тарап кете барады. Бұған түлкі іштей ыза-
ланып, дық сақтайды. Тағы бір күні жортып келе жатқан түлкі құрулы тұрған атпа тұзақты
көреді. Аптыға жүгіріп арыстанға барады:
– Ел ағасы, тағы бір жемтік көрдім, соны бөліп беріңіз!
– Ал, онда баста! – дейді арыстан. Жылмаң қаққан түлкі ертіп алып, тұзаққа таяп кел-
генде:
– Сіз осы жолмен тіке жүре беріңіз, мен мына жақты шола келейін… – деп, жолдан тай-
сақтанып, айнала өтеді. Аңғал арыстан бұрылыссыз тура тарта береді. Алшаңдап келе жатып,
атпа тұзақты басып қалады да, ағашқа ілініп, салақтап қалады. Басы салбырап тұрған ары-
станды артынан келген түлкі көреді.
– Ел ағасы, не болды?
– Не болушы еді, – дейді арыстан. – Сен керіл деп жібердің ғой, мен керіліп тұрмын…
Түлкі қулығына риза болады.
«Арыстандай азулымен жолдас болма, ашығасың, түлкідей қумен жолдас болма, асыла-
сың», – деген сөз содан қалған екен.
Өзін өзгелерден артық санайтын өркөкірек, менмен, арсыз, ожар адамдармен дос болма,
үлесіңнен, сыбағаңнан құр қаласың. Ондай адамдар саған тиесілі нәрсені күш көрсетіп, тар-
тып алудан да тайынбайды. Ал, қу, аяр адамдармен дос болсаң, олар сені қулық, сұмдықпен
алдап, сазға отырғызады, абырой-беделден айырыласың деген ойды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет