Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АСТЫҢ ДӘМІН ТҰЗ КЕЛТІРЕДІ



Pdf көрінісі
бет45/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АСТЫҢ ДӘМІН ТҰЗ КЕЛТІРЕДІ,
ҮЙДІҢ СӘНІН ҚЫЗ КЕЛТІРЕДІ
Ертеде бір бай өмір сүріпті. Оның айдай сұлу үш қызы бар екен. Бай күндердің күнінде
қыздарын шақырып алып: «Қыздарым, сендер мені қаншалықты жақсы көресіңдер?» – деп
сұрақ қояды. Сонда үлкен қызы тұрып:
– Әке, мен сізді қант секілді жақсы көремін, – дейді. Ал ортаншы қызы:
– Балдай жақсы көремін, —дейді.
Ең кіші қызы:
– Әке, мен сізді ас тұзындай қадір тұтамын, —дейді. Кіші қызының жауабына қанағат-
танбаған әкесі қызын сарайдан қуып шығады. Қыз ұзақ жол жүреді. Әбден шаршаған қыз
өзен жағасынан үлкен сарай көріп, қуанып кетеді. Сарайға енген ол, сонда қызметші болып
жұмысқа тұрып, тіршілігін әрі қарай жалғастырады. Күндер айларға, айлар жылдарға ұласады.
Күндердің бірінде оны көзі шалып қалып, хан ұлы ғашық болады. Хан қыздың жылы жүзінен
кішіпейілділік, мейрімділік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін байқайды. Сөйтіп ұлына жар
етуіне рұқсатын береді. Ұлан асыр той өтеді. Қыздың әкесі бұл тойдың қадірлі қонағы ретінде
үлкен құрметпен шақырылады. Оған арнап ас әзірлеуді қыз өз мойнына алады.
Қыз әкесіне дайындаған тамаққа бал мен қантты көбірек қосады. Ол тағамды жеген әкесі:


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
28
– Менің тамағым неге басқалардікі сияқты дәмді емес, —деп ашуланады. Сонда бұл
сұраққа қызы жауап береді: «Астың дәмін қант пен бал емес, тұз келтіреді, әке», —дейді.
Сонда барып әкесі өз қателігін түсініп, қызынан кешірім сұраған екен.
Бұл жерде халық астың дәмін тұз келтірсе, үйдің сәнін қыз келтіреді деген ойға әкеп
тіреп тұр. Иә шынында үйді сыпырып-сиырып, жинап, тазалап, ретке келтіріп, үйдің сәні
мен әрін ашып отыратын қыз баласы емес пе. Ел арасында бұл мақалдың «Астың дәмін
келтірген тұз әулие, елдің сәнін келтірген 
– 
қыз әулие» деген нұсқасы да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет