Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет54/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АТАНЫҢ БОЛМА БАЛАСЫ,
ХАЛЫҚТЫҢ БОЛ ДАНАСЫ
Досбол шешен қартайған шағында Наурызбай деген болыстың үйіне барады. Наурызбай-
дың үйі лық толған кісі екен. Ылғи жайсаң, байлар. Досболға онша мән бермей босағаға таяу
жерге отырғыза салады. Өзі болыс, өзі бай, өзі жас Наурызбай әркімді бір сөзбен іліп-қағып
отырады. Бір кезде босаға жақта отырған Досболға қарап:
– «Ана қарияның елінің қары әлі кетпеген екен-ау» деп күледі. Онысы Досболдың үстін-
дегі жаман тон мен басындағы тері тымақты сықақ қылғаны. Оған Досбол шешен жауап бере
қоймайды. Наурызбай біраздан кейін тағы Досболға бұрылып:
– «Ана кісінің үстінде дүниенің біраз байлығы бар шығар» дейді. Сонда Наурызбайдың
бұл мұқатқанына шыдай алмаған Досбол шешен былай депті:
– …Уа, кәрілік, саған не жаздым,
Айғыр едім ат қылдың.
Жалғыздық саған не жаздым,
Сөйлер сөзге мәрт қылдың.
Жарлылық саған не жаздым,
Ағайынға жат қылдың.
Ағайынның азғанын
Өзі білмес, жат білер.
Қапталдықтың батқанын
Иесі білмес, ат білер.
Хан-патшаның азғанын
Қырағы көзді халық білер.
Менің кім екенімді білмесең,
Анау төрде отырған
Жаңаторы деген қарт білер.
Сол кезде Наурызбай болыс орнынан ұшып тұрып: – Сіз Досбол шешен екенсіз ғой,
қария, кешіріңіз, – деп Досболдың үстіне жанат ішігін жаба бергенде, ішікті серпіп тастап,
Досбол: «Мен ат мініп, тон кигелі жүргенім жоқ» деп тағы тақпақтата жөнеледі:
– Қатқан тонды қартайған


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
33
Бір ғана мен емеспін.
Бұдан былай кездессе,
Солармен де кеңескін.
Атаның болма баласы,
Халықтың бол данасы, – деп шешен мақтаншақ Наурызбай болысты жиналған халық
алдында қатты ұялтқан екен.
Тек өз қарақан басыңа, отбасыңа ғана емес, ауыл-аймағыңа, ел-жұртыңа да пайдаң
тиетіндей азамат бол деген мағынада айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет