Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Трансфузиядан кейінгі гемолиздік асқынуға күдіктену



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
666.kaz -1
666.kaz -1, 666.kaz -1, 666.kaz -1, 11 сынып БЖБ. Әдебиет, 11 сынып БЖБ. Әдебиет
8. Трансфузиядан кейінгі гемолиздік асқынуға күдіктену

кездегі дәрігердің тактикасы

      52. Трансфузиядан кейінгі асқыну туындаған кезде медициналық персоналдың тактикасы:

      1) кезекші реаниматологқа бірден жүгіну;

      2) құюды тоқтату және контейнердегі заттаңбаны қанмен және реципиенттің деректерімен 

салыстыру;

      3) донорлық қан компоненті мен реципиенттңі қан топтарында айырмашылықты байқаған кезде 

трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) маманына хабарлаусу және консультация алу;

      4) реципиент үшін жауапты дәрігерді жіті трансфузиялық реакция туралы бірден хабардар ету

;

      5) құюдан кейін сынаманы көктамырдан антикоагулянтпен және онсыз екі пробиркаға алу және 



оларды құйылған донорлық қанның қалдықтары бар құюға арналған құрылғымен бірге қан қызметі 

саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымының мамандандырылған зертханасына жолдау. Қан қызметі

саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйым қан компонентінің қалдықтарын Кодекстің 

 

145-бабына



сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға сәйкес жояды.

      53. Медициналық картада мынадай ақпарат жазылады:

      1) реакция түрі;



      2) реакция туындағанға дейінгі трансфузия ұзақтығы;

      3) гемакон көлемі, нөмірі, құйылған компоненттің атауы.

      54. Құюды тоқтатқаннан кейін мыналар тағайындалу керек:

      1) АВО және резус-факторды қайтадан анықтау;

      2) антиденелердің қайталама скринингі және үйлесімділік сынамалары;

      3) қанның толық талдауы;

      4) коагуляция тестілері;

      5) тікелей антиглобулиндік тестті анықтау;

      6) креатинин, несепнәр, электролит деңгейі;

      7) қанның зарарсыздығы;

      8) қандағы бос гемоглобин мен билирубинді анықтау;

      9) реакциядан кейін несептің бірінші порциясын зерттеу.

      55. Реакцияны бастапқы зерттеуден кейін зертханалық зерттеулер үшін трансфузиология 

бөлімшесіне (кабинеті) мыналарды жіберу:

      1) реакция басталғаннан кейінгі 12 және 24 сағаттан соң алынған антикоагулянтпен және 

онсыз қан үлгілері;

      2) пациент несебінің 24 сағаттық порциясы.

      56. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) персоналы:

      1) кез келген қан және оның компоненттерін реакция себебі анықталғанша беруді тоқтатады 

және осы уақытта тағы кімге қан және оның компонентері құйылып жатқанын тексереді;

      2) палатадағы немесе операциялық бөлмедегі барлық құюды тоқтататады, егер бір уақытта 

бірнеше құю жасалатын болса, олар туралы барлық деректерді мұқият тексереді.

      57. Реципиентте трансфузиядан кейінгі гемолиздік асқыну (ТКГА) белгілері байқалған кезде 

құюға дайындау барысында техникалық қателіктерді болдырмау мақсатында:

      1) бір реципиенттің қан үлгісін басқа реципиенттің қан үлгісіне кездейсоқ ауыстыру 

мүмкіндігін болдырмау;

      2) гемоконтейнердің таңбалануын тексеру;

      3) үйлесімдік сынамасын қайта жүргізу;

      4) АВО және резус фактор тиістілігін қорытынды зерттеу және алдағы үлгіні дұрыс 

түсіндірудің дұрыстығын тексеру, айырмашылықтар анықталса, асқынуды емдеуге дереу кірісу.

      58. Реципиент қанының екі үлгісін алып, реципиент сарысуының гемолизге боялуын көзбен 

шолу.


      Қанның бір үлгісін МҰ клиникалық зертханасына, трансфузия алдындағы үлгімен және 

қапшықтағы қан компоненттерінің қалдықтарымен бірге басқа үлгіні қан қызметінің иммундық 

гематологиялық зерттеу зерханасына жіберіледі. 

      59. Трансфузиядан кейінгі гемолиздік асқыну (ТКГА) диагнозы расталған кездегі зертханалық

нәтижелері:

      1) гемоглобинемия;

      2) гемоглобинурия;

      3) оң тікелей антиглобулиндік тест (ТАГТ);

      4) гипербилирубинемия (түзу емес билирубин);

      5) гематокриттің төмендеуі;

      6) сарысу гемоглобиннің төмендеуі немесе болмауы;

      7) реципиенттер эритроциттер антигендеріне антиденелердің бар болуы.

      60. Қан қызметі ұйымының иммундық гематологиялық зертханасында мынадай әрекеттер 

орындалады:

      1) трансфузиядан кейінгі сарысу үлгісін гемолиз боялуына көзбен бағалау;

      2) реципиенттің және донордың АВ0, Rh, Кell-тиістілігін анықтау (трансфузия алдындағы 

және трансфузиядан кейінгі қан үлгілері);

      3) үйлесімділік сынамаларын жүргізу;

      4) аллоантиденелер скринингі;

      5) аллоантиденелерді табылған жағдайда сәйкестендіру;

      6) трансфузиядан кейінгі үлгіде ТАГТ жүргізу;

      7) элюатадағы аллоантиденелерді зерттеу;




      8) қажет болған жағдайда донор қанына жеке іріктеу жүргізу.

      61. Трансфузиядан кейінгі алынған үлгідегі оң ТАГТ эритроцттердегі адсорбацияланған 

антиденелерді айғақтайды және трансфузия алдында донор мен реципиентте оң ТАГТ болмаған 

жағдайда иммунологиялық конфликтінің бар болуын білдіреді.

      Егер ауто- және аллоантиденелер анықталмаса, антиденелер элюциясын реципиенттердің 

трансфузиядан кейін алынған қан үлгісінің эритроциттерінен жүргізу керек және элюатты 

үлгіленген эритроциттердің панелімен зерттеу.

      Шегерілген ТКГА-ға күдіктенген жағдайда ТАГТ-ті реципиент эритроцттерімен жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет