Анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы


Оку құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары



бет4/7
Дата14.03.2023
өлшемі62,36 Kb.
#172418
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация на тему ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
мөж №7 жоғ мект пед, шерморми, 13-17 наурыз, Дәуітханқызы Динара Мақала
Оку құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары.
Оқу кестелерінен кейінгі білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын оқу құралдарының бірі - экрандық және экрандық-дыбыстық құралдардың әр түрлері болып есептелінеді
Оқудың экрандық және экрандық-дыбыстық жұйесін қалыптаскан дәстүр бойынша оқу пәндері мен пәнаралық курстар шеңберінде жасайды. Оларды жасауға байланысты қойылатын бастапқы талаптар, ең бірінші кезекте, бір жағынан сол пәннің өзіндік ерекшеліктерінен, ал екінші жағынан белгілі бір оқу сәттерінде туындайтын аудиовизуальдық көрнекіліктің табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерінен келіп туындайтын біздің назарымыздағы көрнекілік тобының тақырыптық жұйесін айкындап береді.
Оку кинолары кейінгі кезге дейін оқудың ең көрнекілік әдісі ретінде саналып келді. Өйткені оку киносының дидактикалык мұмкіндіктері өте бай болып келеді. Солардың ішіндегі ең басты-лары: хабарлар легінің көптігі. Бұл тәсілдің арқасында ауызшадан гөрі хабарларды әлдеқайда көбірек алуға мұмкіндік туады; ғылым мен техника әлеміне саяхат жасау мұмкіндігі; тікелей бақылау объ-ектілерді, процестер мен кұбылыстарды көрсету мұмкіндігі; белгі-лі процесті тездетіп немесе ақырындатып көрсете білу мұмкіндігі; объектілер мен құбылыстардың ішкі кұрылымын ұлгілік (модель-дік) бейнелер мен мультификацияның көмегіне сұйене отырып көрсету; бақылау мақсатына зауыттык аппараттар мен кұралдарды пайдалану, окушыларды басқарудың жаңа инструменталдық техникасымен таныстыру, ғалымдардың, ғылыммен айналысу-шы ізденушілердің зертханаларында атқарылып жаткан ғылыми жұмыстарға ден қою, жұмыс техникасы мен тәсілдерін орындау жөнінде қажетті нұсқаулар беру, туындаған проблемаларды салы-стыру, қорытындылау, оларды кұн тәртібіне қойып шешу.
Соңғы жылдары оку кинофильмдері шығарылмайтын болды да, оның орнын оқудың видео жазбалары баса бастады.
Оцудыц видео жазбаларыныц кино, радио, телевидение, диафильмдер, диапозитивтер сияқгы жекелеген экрандық-дыбыстық оқу кұралдарына тән болып келетін хабарлардың барлығын да біріктіре алатындай мұмкіндігі бар.
Бір артыкшылығы, видео жазбаларды қажет болған жағдайларда бірнеше рет кайталауға, тіпті бейнелерді экран бетінде көрсетуге де болады (стоп-кадр), көрсету барысында кадр мен оның жекелеген жактарының көлемін өзгертіп отыруға да мұмкіндік туады және видео жазбалар уақытында тұрлі тұсті «көрсеткіштер» қолданылып, нәтижесінде экрандағы кадрлар-да қажетті жазбалар пайда болады. Сонымен қатар таймердің көмегі аркылы автоматтық режимде кез келген телевизиялық хабарларды жазып алуға болады.
Видео жазбалар окытушылар мен оқушылардың оқу процесіне қажетті маңызды материалдарымен қатар білім берудің мазмұндық-хабарламалық, уақытша параметрлері мен ұйымдастырушылық және әдістемелік тәсілдерін де тан-дап алуларына жол ашып береді. Видео камералардың табиғи көріністерді тұсіру мұмкіндіктері өте мол болып келеді. Оларға жататындар: жергілікті объектілер, ғалымдар мен атақты адамдардың видео әңгімелері, білікті мамандардың еңбек ету барысында алдыңғы қатарлы жұмыс тәсілдері мен әдістерін қолдануы; эксперименттік сабақгар өткізу барысынан алынған видео материалдар; окушылардың жауаптары, пікірталаста-ры, видео баяндамалар. Телеэкран бетіндегі видео жазбалар-ды кез келген уақытта қолданудың арқасында оқытушылардың теледидардың уақыттық, мазмұздық және әдістемелік парамет-рлеріне деген тәуелділігі жойыла бастады.
Біздің пайымдауымызша, оқытушыларды кәсіби жағынан дайындау мен олардың мамандығын арттыру мақсатында видео жазбалар жұйесін жасаудың болашағы өте зор.
Қазіргі уақытта бұрыннан белгілі болған техникалық оку құралдарының орнын дидактикалық мұмкіндіктері өте мол жаңа заманның техникасы біртіндеп баса бастады. Олардың ішінде кеңінен тарала бастағандары: біртұтас эпидоскоптар, табиғи тұсті, сан алуан бейнелерді тез арада өзгертуді жэне т.б. камтамасыз ете-тін сұйық кристалл панелдері бар проекторлар, сонымен қатар тұрлі техникалық кұралдар (лазерлік көрсеткіштер, маркерлер, тақгалар, сандық фотокамералар және т.б.)- Мысалы, графопроектордың план-шетіне орналастырылып, компьютерге немесе видеомагнитофонға қосыжан сұйық кристалдары бар панелдердің көмегімен ұлкен экран бетінде тұрлі бейнелерді көруге мұмкіндік аламыз. Мұндай көрсетулер кезінде алға қойылған мақсатка байланысты статикалық немесе динамикалық тұрлі тұсті немесе бір тұсті бейнелер ұшін әр тұрлі ұлгілер қолданылуы мұмкін.
Эксперимент және практикалық жұмыстар ұшін пайдаланы-латын оцу цұралдары, цондыргылар, саймандар, зертханалъщ жабдьщтар оқу құрал-жабдықтары жұйесінің ең маңызды бөлшегіне айналған.
Оку кұрал-жабдықтарьш тандау қажеттілігі, ең бірінші кезекте, оқытушы мен оқушылардың оку кұралының дәл осы тұрімен жұмыс істеу тәсілі мен ол жұмыстың ойдағыдай өтуі ұшін қандай жағдайлар туғызу керек екендігін анықтауға байланысты болып келеді.
Оқу кұрал-жабдықгарының бұл тобы кұрамының компонент-тілігі, ең бірінші кезекте, оқытушы мен окушылардың қызметі эргономикалық тұрғыдан алып қарастырғанда экспериментал-дық-тәжірибелік сипатта болып келетін оқу эксперименттерінің (тәжірибелерінің) тұрлі формаларын ұйымдастыруға қойылатын талаптармен өзара ұндестік тауып отырады.
Оқу құрал-жабдықтарының дидактикасында білім берудің бұл тобын жікгеу (классификациялау) мәселесі, біздің ойымыз-ша, дұрыс шешілген сияқты.
Классификацияның негізі ретінде оқу құралдарын, тұрлі саймандарды, зертханалық жабдықтарды дұрыс қолдана білуде маңызды болып табылатын белгілер алынған.
Бұл арада ең алдымен құрал-жабдықтардың кімге қажет екен-дігін, яғни «ол оқытушыға қажет пе, әлде оқушыларға қажет пе?» деген мәселені шешіп алу керек болады, ал бұл қадам олардың дидактикалық маңыздылығын айқындай білуді көрсетеді. Айқындалған белгі бойынша оқу кұралдарының бұл тобын окушыларға арналған демонстрациялық кұрал-жабдықтар және зертханалақ кұрал-жабдықтар (оқушыларға арналып ұлестірілетін материалдар) деп екіге бөлеміз. Алайда дәл осы кұрал-жабдықтар-дың қандай арнайы функцияларды орындауға пайдаланылатын-дығын білудің маңызы өте зор болып келеді. Орын алған дәл осы факторға байланысты арнайы құрал-жабдықтар тобындағы кейбір аспаптарды, кұралдарды және т.б. бөліп алып қарастыруға тура келеді. Ал олар өз кезегінде өздерінің басты белгілеріне (бөлшек, электр тогын пайдалану, қыздыру, тұрлі кұбылыстардың туын-дауы және т.б.) байланысты өлшейтін, электрлік, қыздыратын, оптикалық деп бірнеше тұрге бөлінеді.
Біздің ойымызша, кұрал-жабдықтардың бұл тобын пайдаланудың (жұмыс режимінің) жағдайларын ұнемі есепке алып отырудың да маңызы зор сияқты, өйткені құрал-жабдықтарды пайдаланудың нор-малары мен ережелерін дұрыс сақтамау - бұл кұралды дидактикалық тұрғьщан дұрыс қолдана білмеумен қатар, жұмыс барысында техни-ка қауіпсіздігінің сақталмауына және ол кұралды қолданудың режи-мі мен жағдайының бұзылуына да әкеліп соғады.
Ең соңында оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындарын-дағы құрал-жабдықтардың орналасу тәсілін нақты ескере білген жөн. Сондықган да болар құралдарды стационарлық және тасы-малданатын деп екіге бөледі.
Аталған бұл белгілер құрал-жабдықтарды, саймандарды, қон-дырғыларды педагогикалық-эргономикалық тұрғыдан жобалап, конструкциялауға ғана емес, сонымен қатар оқу тәжірибесінде оларды қолданудың тиімді дидактикалық жағдайларын анықтауға және техника қауіпсіздігі ережелерін жасауға да өз ықпалын тигізіп отырады.
Тренажерлар техникалық құрал-жабдықгардың ерекше то-бын құрайды.
Тренажерлар - өндірістік-оқу процесіндегі қалыптасқан еңбек (өндірістік) жағдайларды қайталауға мұмкіндік беретін оқудың техникалық құралдары болып табылады.
Тренажерлар окушылардың бойында технологиялық проце-стерді басқарудың өндірістік тәжірибелерін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға, техникалық объектілердегі істен шыққан құрал-жабдықтардың себептерін анықтауға, кұрделі еңбек про-цестерін орындауға және т.б. мұмкіндіктер туғызады. Қазіргі кезде автомобильдердің жұргізушілерін, энергетикалық және хи-мия-технологиялық қондырғылардың операторларын, металды пісірушілер мен тұрлі мамандықтар бойынша жұмысшыларды дайындауда тренажерлардың неше тұрлері қолданылады.
Зерттелетін объектіні немесе құбылысты (процесті) нақгы жағдайлар аясында тұтастай қарастыруға мұмкіндік болмаған кездер-дегі тренажерлардың тигізетін көмегін айтып жеткізуге болмайды.
Мысалға, оқушыларды кұрал-жабдықтарды басқаруға ұйрету шаралары кей кездерде олардың бұл істі белгілі бір кезеңдерде жеке-жеке біртіндеп игеруін қамтамасыз ете алмайды. Ал кей жағдайларда оқушылардың қажетті операциялар мен өндіріс тәсілдерін қайталау мұмкіншіліктері, өкінішке орай, шекте-ліп отырады, тіпті кей уакытта кұтпеген жерден туындаған апаттарға, кұрал-жабдықтардың істен шығуларына байланы-сты окушылар құрал-жабдықгарда жұмыс істеуге ұйренуден уақытша болса да шеттетіліп қалатын көрінеді.
Сонымен, тренажерлардың төмендегідей артықшылыктарын атап көрсетуге болады:
арнайы технология сабақтарында теорияны оқып-білуден практикалық әрекеттерді игеруге көшу барысында оқушылардың дұрыс бағыт-бағдар алуларына жәрдемдеседі және оқу процесін одан әрі жандандырады;
апаттардың қаупін, кұрал-жабдықтардың істен шығуын болдырмай, окушыларды өндірістік жағдайға барынша жақындатуға қолайлы жағдайлар туғызады;
оқушыларға тұсінбеген сұрақтарына нақты жауаптар ала алады, тіпті жұмыстың қажетті режимі мен өндірістік жағдайды кез келген уақытта қайталай да, оның туындауына тікелей қатыса алады, ал нақты өндіріс жағдайында дәл осындай мұмкіндіктер туғызыла бермейді;
жұмыстың қиын жағдайларын, тіпті апаттық жағдайларды туғызу (нақты өмірде болатын қауіпті жағдайларға жақындата от-ырып), ал дәл осындай жағдайды дәл жоғарыдағы сияқты нақты өндіріс процесі кезінде оқушыларға көрсету мұмкін емес;
құрал-жабдықтардың істен шығу себептерін анықтайды және қажет болған жағдайда оларды жөндеуді жұзеге асырады;
окушылардың өз-өздеріне бақылау жасай білу тәсілдерін дамытуларына көмектеседі, өйткені бұл көптеген тәжірибелік қасиеттерге ұйретудегі (әсіресе, тренажерларды арнайы құралдармен және кері байланыс құралдарымен қамтамасыз етудегі) шешуші фактор болып саналады.
Тренажерлар техникалық объектілерді, өндірістік ортаны бемнелейтін құрал ретінде және оқушылардың қызметіне сай техникалық, психологиялық-физиологиялық, дидактикалық пара-метрлерді қамтитын педагогикалық-эргономикалықталаптарғажа-уап бере білуі қажет. Классификациялықжұйеде олар басқарылатын техникалық объектілердің ұлгілеріне жатқызыла береді.
Тренажерларды жасаудағы басты фактор - оқушылардың білім алуын нақты өндірістік жағдайда жалғастыру мақсатында олардың оқу процесіндегі еңбегін барынша жеңілдету мен бөліп жіберу бо-лып табылады. Демек, білімді жетілдіру міндетіне сай өндірістік ортаның барлығын, оған қоса операциялар мен оқушылардың жұмыс барысында игерген барлық тәжірибелерін модельдей беру тіпті де шарт емес. Сондықтан да мұндай өзгерістер оқушылардың болашақ өзіндік жұмыстарының жетістігіне себепкер болатын, білім берудегі ең қиын да, ең маңызды салаларды қамтығандығы дұрыс болады. Алайда белгілі бір модель (ұлгі) операцияларды орындаудың нақты жағдайларына жақындаған сайын, оның оқу құралы ретінде тиімді болатындығын тағы да жоққа шығаруға болмайды.
Құрылымы мен қызметіне байланысты тренажерларды ұш топка бөлуге болады:
1. Техникалық объектілердің құрылысы мен атқаратын функцияларының (қызметін) ұлгісін (моделін) беретін тре-нажерлар. Дәл осындай тренажерларды нақты объектілер-ді басқару мен қызмет етудің тәсілдерін ұйрену барысында кеңінен қоданады. Оларға, мысалы, мыналарды жатқызуға болады: автомобильдік тренажерлар, химия өнеркәсібінің технологиялық қоңдырғыларының ұлгісін беретін трена-жерлар және т.б. Өз кезегінде бұл тренажерлардың өздері де объектілердің нақгы құрылысын көзге елестетіп қанақоймай, дәл солардың көлеміндей объектілердің ұлгісін (моделін) бере алатын тренажерлар және оқу процесі барысында техникалық объектілердің нақгы ұлгілерін басқаруды жатқызулар арқылы жұзеге асырыратын тре-нажерлар болып тағы бөлінеді.
Техникалық объектілердің құрылысы мен функцияларын ұлгі ретіңде көрсететін тренажерлар электрондық-есептеу техникасының негізінде физикалық және математикалық ұлгілеу принциптерінің негізінде жасалады. Көп жағдайларда физикалық ұлгілерге жататын трена-жерлар қолданылады. Физикалық модель (ұлгі) деп нақты заттың өзіне қатты ұқсас, бірақ олардан көлемі, салмағы және артық бөлшектерінің жоқтығы жағынан ерекшеле-нетін затты, процесті, жағдайды және т.б. айтамыз. Мы-салы, автомобиль тренажері жұргізушінің жұмыс орнын да және жол бойындағы қозғалысты да нақты өмірдегіге ұқсас етіп көрсете алады
Окушылардың белгілі бір интеллектуалдық қызметімен байланысты олардың тәжірибелерін қалыптастыруға арналған тренажерлар. Оларға жататындар: құрал-жабдықгардың, аппаратураның істен шыққандығын анықтайтын және олардың бұзылған жерлерін табуға көмектесетін имитатор-тренажерлар; автомат-станок-тарды және т.б. жөндеушілерді ұйрететін және жіберіл-ген ақауларды іздестіруге арналған тренажерлар және т.б. Мұндай тренажерларды жасаған кезде техникалық объектілердің функцияларының, құрылысының ұлгілерін, көшірмесін алу мақсаты қойылмайды. Сондықтан да олардың басты қызметі - оқушыларды алгоритмдерге, белгілі бір іс-әрекеттерді орындау ережелеріне (мысалы, ақаулардың орын алу себептерін талдау ережелері) ұйрету болып табылады.
Тренажерлардың ерекше тұріне жұмыс барысындағы дене қозғалысының белгілі бір тұрін қалыптастыруды жеңілдететін жаттығулық құрылғыны жатқызуға болады. Жаттығулық құрылғы әдетте, техникалық обьектілердің құрылысы мен қызметінің моделін жасамайды. Кейбір еңбек дағдыларының қалыптасуы қарапайым аспаптардың көмегімен де жұзеге асырыла береді. Мысалы, металды егеу, слесарьлық арамен кесу кезіндегі немесе әр тұрлі бөлшектерді мәнерлеп тегістеу және т.б. кездеріндегі қолдың қозғалыстарының координаци-ясына арналған жаттығулық құрылгылар. Тренажерлардағы жаттығуларды ұйымдастыру кезінде оқушы-ларды хабарларды кодтаудың (белгілеудің) әдістерімен таныстыру-дың маңызы өте зор. Атап айтканда: дисплейлерде, индикаторлардың <әр тұрлерінде, әкрандарда, таблоларда қолданылатын формасы-мен, көлемімен, кеңістіктік бағыт-бағдарымен, әріптермен, сан-дармен, ашықтығымен, логораммасымен, бейнелеу белгілерімен берілетін хабарлар. Өйткені, бұлардың барлық кәсіптер бойын-ша мамандар даярлауға тікелей қатынасы бар (мысалы, химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі ұшін операторлар дайындау және т.б.). Дәл осы сияқты маманды дайындауға арналған тренажерда тұрақты технологиялық режиммен қатар апаттық жағдайлар нақты өмірдегідей қалыпта көрсетіліп отырады. Мұндай жаттығутар ке-зінде белгілі бір параметр шектен шыға қалатындай жағдай туын-даса, тез арада дыбыстық және жарықтық белгілер беріле бастай-ды. Бақылағыш-өлшегіш кұраддардың көрсеткіштері бойынша белгілі бір параметрдің бұзылуы жайында хабар алған оқушылар тез арада шешім қабылдап, бұл процесті қалыпты режимге келтіре білулері керек. Ал бұл шаралар кашықтан басқару кілтінің немесе қол вентилінің көмегімен жұзеге асырылады. Тренажерлар соны-мен бірге қондырғылардың автоматтық режимдегі жұмыстарын да көрсете алады. Оқушылардың жұмыс барысындағы іс-әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығы бақылағыш-өлшегіш кұралдардың көрсеткіштері арқылы да, одан қалды жарықтық-дыбыстық белгілер арқылы да қадағаланып отырады. Сонымен қатар оқушылардың жасаған жұмыстары өздігінен жазылатын арнайы кұралдар арқылы белгіле-ніп отырады, ал бұл жағдай бақылау мен өзін-өзі бақылауды жұзеге асыруға толық мұмкіндік туғызады.
Тренажерлардың тағы бір артықтылығы оның жеделдетілген уақыт шеңберінде қолданылуы болып табылады. Өйткені мәселе мынада: химия және химия-мұнай өнеркәсіптеріндегі нақты технологиялық процестердің параметрлерін өлшеу басқалармен салыстырғанда баяу жұретіндіктен, қажетті жаттығуларды процестердің қалыпты жағдайында орындап шығу ұшін оқу уақытын бірнеше есе көп жұмсауға тура келеді. Ал технологиялық процесс ұлгісінің тезірек жұзеге асуы, оның параметрлерінің өзгерістеріне одан сайын көрнекілік сипат береді.
Жұргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе тренажерлардағы оқудың төмендегідей құрылымының тиімді болатындығын дәлелдеп отыр: шебердің (оқытушының) тренажерда белгілі бір жағдайды, жаттығулардың режимін тудыруы; оқушылардың берілген тапсырманың мазмұнын талдауы; тренажерда ұлгі ретінде көрсетілетін жұйенің жағдайын айқыңдау, белгілен-ген мөлшерден ауытқушылықты, олардың мөлшері мен сипа-тын анықгауы; оқушылардың өз беттерімен шешім қабылдауы және жұйені тұрақты кұйге келтірудің алгоритмін анықтауы; тренажердың хабарлар бөлімінің мәліметтерінің негізінде жұйенің жағдайына кұнделікті бақылау жасап отыруы; шебердің (оқытушының) және оқушылардың тренажерды басқарудың бақылау пультінің көрсеткіштері бойынша жаттығулардың қалай өткендігін талдауы; оқушылардың тренажерда орындаған іс-әрекеттері мен алынған нәтижелерін негіздеуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет