Шетел тілін оқытуда шеттілдік мәдениетті аутенттік лингвомәдени мәтіндерді қолдану арқылы дамыту



бет1/6
Дата09.04.2023
өлшемі38,42 Kb.
#174061
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәуітханқызы Динара Мақала
мөж №7 жоғ мект пед, шерморми, 13-17 наурыз, Презентация на тему ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

Шетел тілін оқытуда шеттілдік мәдениетті аутенттік лингвомәдени мәтіндерді қолдану арқылы дамыту

Дәуітханқызы Динара e-mail:dddinara1@mail.ru


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты
Жетекшісі: Г.Қ.Беккожанова әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к.

Аңдатпа. Мақалада шетел тілін оқыту барысында аутенттік лингвомәдени мәтіндерді оқушыларға оқыту үдерісінде қолданудың аспектілерін отандық және шетел әдебиеттерін қолдана отырып жалпылау және талдау мақаланың негізгі зерттеу мақсаты болып табылады. Мақалада аутентті мәтіндермен жұмыс жасаудың артықшылықтары және де шет тілді меңгеру мен қатар оқушының мәдениет аралық қатынас дағдысының дамуына өз ықпалын тигізетіні келтірілген. Эмпирикалық зерттеудің нәтижесі аутентті тексттермен жұмыс жасаудың тиімділігі жайлы ақпараттар берілген. Тілдік ортадан тыс шет тілін оқытудың жолдары және аутентті тексттердің оң ықпалы туралы ақпарат келтірілген. Шетел тілін оқытуда аутентті мәтіндерді пайдалану оқытушы мен оқушылар үшін тіл мен сол елдің мәдениетін меңгеруде кең мүмкіндіктер ашады. Осыған орай, оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін аутентті мәтіндерді қолдану арқылы дамыту үшін, білім алушылардың шет тілінде дағдылары қалыптасқан және орта , жоғары деңгейлерді меңгергендегі маңыздылығын ескере отырып. мақала оқушылардың шеттілдік коммуникативті құзіреттілігін оның ішінде сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу дағдыларын дамытуда аутенттік мәтіндерді қолдану әдісіне арналады.
Тірек сөздер: аутенттік лингвомәдени мәтін, шет тілін оқыту, құзыреттілік, дағды, әдіс.

Кіріспе

Ұлттардың араласуы, тілдердің және мәдениттердің тоғысу заманында оқушылардың бойында оқып жатқан тілдің, сол елдің мәдениеті, тілі жайлы дұрыс пікір, білім, дағды қалыптастыру маңызды талаптың бірі. Осындай білім-дағды оқушының бойында коммуникативті компетенция қасиетін қалыптастырады. Қазіргі уақытта жаһандық дамуда, шет тілін оқытудың әдісінде құзіреттілікті дамытуда «Аутенттік» ұғымы жиі кездеседі. Осыған байланысты, коммуникативті құзіреттіліктің қалыптасуы қазіргі лингводидактиканың орталық мәселелерінің бірі болып табылады. Тілдің негізгі құралдарын меңгерумен қатар, коммуникативті құзіреттілік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін қамтиды: оны сұхбаттасу кезінде жүзеге асатын ақпаратқа жеке пікірді білдіру үшін оны өз идеясына сәйкес өзгерту. Сонымен, аутенттік мәтіндер дегеніміз не? Олар қандай мәтіндер деген ой келеді. James Harmer –дің айтуы бойынша аутенттік мәтін деп – ана тілі болып саналатын адамдарға арналған мәтіндер деп есептейді. Лингвистикалық тұрғыдан мән берсек аутенттік мәтіндер өзгеше лексикамен ерекшеленеді: есімдік, шылаулар, одағай сөздер, эмоциялы-экпрессивті бояу, сөз тіркесі, фразеологизмдер, заманға сай сөздер және сөйлемдердің толық ашылмауы, қысқа сөйлемдердің көп қолданылуы жатады. Аутенттік мәтінде ауызекі сөйлеудегі лексика, ұлттық-мәдениет компоненттері, күнделікті өмірде қолданылатын лексика тән. Ол оқушыға оқып жатқан тілінің ұлттық-мәдениетін танып білуге және сол тіл ана тілі болып табылатын адамдай тілді игеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет