Түсінік хат
Мектепте білім беруде ең негізгі болып саналатын пән – қазақ тілі. Қазақ тілі маңызды, әрі күрделі пән болып келеді. Адамзаттың тілі – дыбыстық тіл. Әрбір тілдің өмір сүруінің әдісі – тіл дыбыстары. Сөздер дыбыстардың өзара тіркесуі түрінде айтылмаған кезде, тілдің қатынас құрамы да, пікір алысу құрамы да болуы мүмкін емес. Тілдің дыбыстық жүйесі оның ғасырлар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік туғызады. Біз ұсынып отырған фонетика саласына курс жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт береді. Мектепте дұрыс оқытудың да, дұрыс жазудың да әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделді. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру, ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғат пен фонетикалық саланы білуді қажет етеді.
Әрбір ұлттың өзіне тән ана тілі бар. Тіл халыққа үздіксіз қызмет етеді. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Нақты әдеби тіліміз бар. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының ұлттық құндылығы. Осы байлықтың қадір-қасиетін бағалай білу – келешек жас ұрпақтардың зор міндеті. Ана тіліміздің қыр-сырын, қадір-қасиетін кеңінен тану үшін қазақ тілін терең білудің маңызы зор. Осы тұрғыда жұмыс жүргізу қолданбалы курстың негізгі мақсаты болып табылады.
Құрастырылған бағдарлама арқылы 5-сыныпта алған білімдерін қайта толықтыру мақсатында, оқушыға терең, тиянақты білім беру мәселесін дамыта түсуді талап етеді. Фонетика саласы орфоэпиямен тығыз байланысты болғандықтан, оны жақсы меңгерген оқушы өз ана тілінде дұрыс, анық, түсінікті, әрі мәнерлі сөйлеуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |