Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер



бет56/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126

I санатты өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер


Лауазымдық міндеттері. Әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер, мемлекеттік құпияны сақтау негізінде ақпаратты кешенді қорғауды қамтамасыз етуге байланысты күрделі жұмыстарды орындайды. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік, әскери, қызметтік және коммерциялық құпияны білдіретін мәліметтердің жария болып қалуы мүмкін арналарды автоматты түрде бақылау, анықтау құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі шешімдерді және шараларды әзірлеу және қабылдау мақсатында мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың материалдарын жинауды және талдауды жүргізеді. Ақпаратты бақылау және қорғау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды талдайды, оларды жетілдіру және осы қорғаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Қорғалатын объектілерді тексеруге, оларды аттестациядан өткізуге және санат беруге қатысады. Ақпаратты қорғау жөніндегі жұмысты реттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттардың, сондай-ақ ережелердің, нұсқаулықтардың және басқа да ұйымдық-басқарушылық құжаттардың жобаларын әзірлейді және бекітуге дайындайды. Ақпаратты бақылау және қорғау жөніндегі жұмыстардың және бағдарламалардың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тиісті бөлімдеріне енгізуге арналған ұсыныстарды әзірлеуді және уақтылы ұсынуды ұйымдастырады. Жаңадан салынып жатқан және қайта салынып жатқан үйлер мен ғимараттардың жобаларына пікір және қорытынды және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа әзірлемелер береді. Жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды, эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларын қарауға қатысады, олардың қолданылып жүрген нормативтік және әдістемелік құжаттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ бақылау аппаратурасының жаңа принципиалдық схемасын, бақылауды автоматтандыру құралдарын, ақпаратты қорғаудың үлгілері мен жүйелерін әзірлеуге, ұсынылған және жүзеге асырылып жатқан ұйымдық-техникалық шешімдердің техникалық-экономикалық деңгейін және тиімділігін бағалауға қатысады. Қорғау мен бақылаудың техникалық құралдарына қажеттілікті анықтайды, олардың қажетті негіздемелерімен және есептерімен қоса оларды сатып алуға өтінімдерді жасайды, оларды жеткізуді және пайдалануды бақылайды. Ақпаратты қорғау жөніндегі салааралық және салалық нормативтік құжаттардың талаптарының орындалуын тексеруді жүзеге асырады.

Білуге тиіс: ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі заңнамалық актілер, нормативтік және әдістемелік материалдар; мекемелердің мамандандырылуы, олардың қызметін ұйымдастыру және ерекшеліктері; саладағы өндіріс технологиясы; есептеу орталықтарын техникалық құралдармен жарақтандыру, олардың даму перспективалары мен түрлендірілуі; салада қолданылып жүрген ақпараттың кешенді қорғалуын ұйымдастыру жүйесі; қорғалатын мәліметтерді бақылау әдістері және құралдары, ақпараттың жария болып қалу арналарын анықтау, техникалық барлауды ұйымдастыру; ақпаратты қорғау және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; арнайы зерттеулер және тексерулер, ақпаратты өткізудің, өңдеудің, көрсетудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау бойынша жұмысты жүргізу әдістері; рефераттық және анықтамалық-ақпараттық басылымдар, сондай-ақ басқа да ғылыми-техникалық ақпарат көздерін пайдалану тәртібі; елдегі және шетелдегі техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері; есептер мен есептеу жұмыстарын орындау әдістері мен құралдары; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты ақпаратты қорғау жөніндегі техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Құрылымдар мен құрылыстарды инвентаризациялау

жөніндегі инженер
Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік қадағалауға жататын өндірістік және азаматтық құрылымдар мен құрылыстардың құрамы мен техникалық жағдайын құжаттамасын әзірлейді, құрылымдар мен құрылыстардың орналасуы, құрамы, техникалық жағдайындағы фактілік өзгерістермен байланысты түзетулер енгізілуін жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік баж салығы мен өзге де мемлекеттік мақсаттардағы салық салу мақсатында құрылымдар ен құрылыстардың құнын бағалауды жүзеге асырады. Жаңадан құрылған құрылымдар мен құрылыстарды қабылдауға, сондай-ақ құрылымдар мен құрылыстардың техникалық жағдайымен байланысты авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады. Геодезиялық және өлшеу құралдарының көмегімен құрылымдар мен құрылыстардың техникалық куәландыруды, зерттеуді, жоспарлы өлшеулерді жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша графикалық және түсіндіру материалдарын даярлайды. Құрылымдар мен құрылыстардың техникалық жағдайын және құнын бағалау туралы актілер жасайды, дала жұмыстары журналын жүргізеді. Құрылымдар мен құрылыстардың есебін жүзеге асырады, есеп объектілерінің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ белгіленген статистикалық есептілікті жасайды. Есептеу объектілеріне инвентарлық істерді қалыптастырады, техникалық паспорт жасайды, оларды мұрағатқа сақтау үшін дайындайды. Құрылымдар мен құрылыстардың техникалық паспорттарынан, экспликациялар мен тізілімдерден көшірмелер береді. Заңды және жеке тұлғаларға құрылымдар мен құрылыстарды техникалық инвентаризациялау және тіркелімдер мәселелері жөнінде, мәмілелер жасау, меншік иелерінің құқықтары мен міндеттемелері жөнінде консультациялар береді.

Білуге тиіс: азаматтық және өндірістік құрылымдар мен құрылыстардың құрамын және техникалық жағдайын мемлекеттік қадағалаумен қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді; жылжымайтын мүлікті есепке алу, техникалық инвентаризациялау және тіркеу жөніндегі әдістемелік және нұсқаулық материалдар мен олармен келісім жасау, жылжымайтын мүлікке салық салу және сақтандыру тәртібі; құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясын; өндірістік және азаматтық құрылымдар мен құрылыстарды пайдалану ережесі; жер учаскелерін, құрылымдар мен құрылыстарды инструментальды түсіру әдістері мен жүргізу ережесі; құрылыс нормалары мен ережесі; белгіленген құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және сақтау тәртібі; техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу жөніндегі техникалық шарттар, ережелер мен нұсқаулықтар; құрылымдар мен құрылыстардың құнын айқындау әдістері; жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау және құқықтарды рәсімдеу тәртібі; тұрғын үй және коммуналды қызметтерге қолданыстағы тарифтер; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбекті қорғау ережесі мен нормалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет