Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет60/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126

I санатты ретке келтіру және сынақтар жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты ретке келтіру және сынақтар жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты ретке келтіру және сынақтар жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз ретке келтіру және сынақтар жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Ретке келтіру және сынақтар жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек.




Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер



Лауазымдық міндеттері. Ұйым қызметкерлерінің ғылыми-техникалық және экономикалық ақпараттағы қажеттіліктерін зерделейді және жаңа ақпараттық технологияларды қолданумен, қызметкерлердің ғылыми-техникалық және экономикалық білімдерін жоғарылату, нарықтың шарттарына бейімделуге мүмкіндік беретін ұйымның ішкі және сыртқы ақпараттық ортасын құру мақсатында оларды ғылым, техника, экономика және озық өндірістік тәжірибедегі жетістіктер туралы материалдармен анықтамалық ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ұйым өнімінің маркетинг мәселелерін шешуге, ақпараттық өнім маркетингінің өз бағдарламасын іске асыруға, саралау және жарнамалық өнімді дайындауға қатысады. Заманауи ақпараттық-іздеу жүйелерін қолдануға есептелген ұйымның анықтамалық-ақпараттық қорын құруға қатысады. Анықтамалық-ақпараттық қорды жүйелі түрде ұйымның бейініне сәйкес материалдармен толықтырады, заманауи компьютерлік техниканы қолдана отырып олардың өңделуі мен жүйеленуін жүргізеді, картотекалар мен тізбелерді жүргізеді, оның ішінде электрондық, ревераттар мен аңдатпалар құрады, олардың тәжірибеде қолданылуын бақылайды. Ұйымның қызмет түрі және ақпараттық өнім маркетингі мен ақпараттық қызметтер нарығын зерттеу мен жүргізуге қатысады, ұқсас отандық және шетел ұйымдарының тәжірибесі және қызметінің нәтижелерімен салыстыру бойынша өндірістің даму үрдістері мен күйлері туралы тақырыптық шолуларды дайындауға қатысады. Басқа ұйымдардың сұранысы бойынша алдыңғы қатарлы өндірістік-техникалық тәжірибе туралы материалдар дайындайды, осы мәселелер бойынша хат-хабар алысады. Отандық және шет мемлекеттердің ғылымы мен техникасын, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін насихаттауға, оны енгізуді ұйымдастыруға, сол сияқты кеңестер, семинарлар, саяхаттар, көрмелер, жарнамалық-коммерциялық жұмыстарды өткізуге қатысады. Озық тәжірибені игеруді ұйымдастыруда ақпараттық материалдарды пайдаланудың тиімділігінің есебін жүргізеді. Ақпараттық жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіреді. Атқарылған жұмыстардың есебін дайындайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа құқықтық нормативтік актілері, ғылыми–техникалық және экономикалық ақпараттарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік және басқа материалдар; ұйымның құрылымы, оның бейіні, дамуының мамандандырылуы мен келешегі; экономикалық қызмет түрлері мен тиісті білім саласындағы отандық және шет елдік ғылымның даму келешегі мен жағдайы; ұйымның өнім өндірісінің негізгі технологиялық үрдістері; ережелер, нұсқаулықтар, ережелер мен басқа да нормативтік актілер, ақпараттық технологияларды жоспарлау мен ұйымдастыру әдістері, жаңа ақпараттық технология-лар, ғылыми және өндірістік-техникалық ақпараттарды анықтайтын жүйені жинақтау, сақтау, іздеу және беру; ақпараттық материалдарды басылымға дайындау тәртібі және редакциялық-баспа жұмыстарының негізі; ақпараттық-анықтамалық қорды ұйымдастыру; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар


I санатты ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек.


Еңбекті нормалау жөніндегі инженер



Лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік-экономикалық факторлар мен психофизиологиялық факторларды есепке ала еңбек жөніндегі нормативтерді пайдалану негізінде ұйымда орындалатын әртүрлі жұмыс түрлері бойынша нақты өндірістік-техникалық талаптарға пайдалануға негізделген еңбек шығындарының техникалық нормаларын, сол сияқты еңбектің аса өнімді тәсілдері мен әдістерін пайдаланғандағы жұмыс уақытының шығынын сараптау нәтижелерін, жабдықтардың өнімділігі туралы техникалық мәліметтер негізіне есептелген жергілікті нормаларын жасайды және енгізеді. Ынталандыру нормалары мен негіздеме дәрежесінің жағдайын талдайды, олардың сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, біркелкі жұмыстардағы нормаларды ынталандыру және негіздеме дәрежесінің мөлшерлеу жағдайын талдайды. Технологиялық үрдістерден ауытқуға байланысты, қосымша және бір реттік жұмыстарға уақыт (өнімділік) мөлшерлерін белгілейді. Технологиялық үрдістерді (өндіріс тәртібін) жасағанда еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптарының белгіленген нормаларын бұзбауын бақылауды жүзеге асырады, нормаларын енгізудің экономикалық нәтижесін белгілейді. Қате белгіленген және ескірген нормаларды анықтау мақсатында, еңбек шығындарының техникалық негізделген іс жүзіндегі еңбек нормаларын тексереді, үдемелі шаралар бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды енгізу шамасы бойынша үдемелі және жаңасымен уақытында ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Сан мөлшері бойынша құрылымдық бөлімшелері мен басқару қызметі бойынша қызметкерлердің санын анықтайды, шын мәнісіндегі сан мөлшерінен ауытқуларды және оның себептерін анықтайды, мөлшерден жоғары санды болдырмау жөнінде ұсыныстар жасайды. Еңбек өнімділігін арттыру бойынша белгіленген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды енгізуге белгілеу негізінде мөлшерлерді қайта қараудың күнтізбелік жоспарының жобасын құрастырады. Ұйымдағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің жылдық жоспарлары мен бағдарлама жобаларының дайындалуына қатысады. Өнімнің сапасын арттыру және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде бұйымның еңбекке қабілеттілігін, сол сияқты мөлшерлік көп еңбек сіңіруді төмендететін тапсырмаларды дайындап, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіріп, рационализаторлық ұсыныстар мен өнер табыстарды, үдемелі технологиялар мен жаңа техниканы енгізуге байланысты жаңа бұйым түрлерін анықтайды. Еңбек шығындарының мөлшерлерін барлық қызметкерлердің игеруі үшін қажетті жағдай жасау бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады, мөлшерлік еңбек шығындарының шын мәнісіндегі мөлшерден ауытқушылықтарының себептері мен дәрежесін тікелей жұмыс орындарында зерттеп,мөлшерді орындаудың деңгейін зерделейді. Еңбек жөніндегі мөлшерлік материалдарды ұйымдастыруды пайдаланудың дұрыстығын, бағалау мен жаңа мөлшерлерді қызметкерлер мен қызметкерлерге уақытында жеткізуді бақылауды жүзеге асырады. Қызметкерлерді материалдық және адамгершілік ынталандыруға, еңбекке төлем жасау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға, жұмыс уақытын жоғалтуды болғызбау мен оны пайдалануды жақсартуға, қызметкерлердің еңбек мөлшерлемесінің саласын кеңейтуге, мөлшерлеменің сапасын көтеру арқылы еңбек өнімділігін өсіру қорларын анықтауға, өнімге көп еңбек сіңіруді төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Қайтадан енгізілетін мөлшерлерді игеру бойынша қызметкерлерді нұсқамалауды жүзеге асыру. Қазіргі заманғы коммуникация мен байланыс, есептеу техникаларының көмегімен операциялар жүргізуге кететін еңбек шығындарын және еңбек үрдісін зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, алынған мәліметтерді талдайды, еңбектің ең нәтижелі әдістері мен тәсілдерін анықтайды, оларды таратуға ықпал жасайды. Еңбек бойынша мөлшерлемелік материалдарды ұйымдардың бөлімшелерінде пайдаланудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады (жұмыстың дәрежесін, есептеулерді, өнімділікті есепке алудың алғашқы құжаттарын ресімдеу,еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқу болғандағы еңбек төлемі және т.с.с.). Еңбек шығындары мен есептеулердің бекітілген мөлшерлерінің өзгерістері туралы хабарламалар құрастырады. Еңбекті мөлшерлеу және оларды бекіткеннен кейін енгізу үшін нормативті материалдардың жобаларындағы өндірістік шарттарда тексерісті жүзеге асырады және ұйымдастырады. Еңбек шығындарының нормаларын орындау деңгейі, құрамы және санының есебін жүргізеді. Еңбек ақы және мөлшерлеу облысындағы озық отандық және шетел тәжірибесін зерделейді және оны жұмысында қолданады. Еңбекті мөлшерлеу күйі туралы есептілікті құруды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша әдістемелік және басқа материалдар; ұйымның техникалық даму келешегі; технологиялық процестер мен еңбекақы төлеу жүйесі; технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі; еңбекақыны төлеу жүйелері мен формалары; сыйақы төлеу туралы ережелер, тарифтік-біліктілік анықтамалық, нормативтік және әдістемелік және басқа материалдар, өнімділікті жоғарылату бойынша ұйымдық-техникалық шаралар мен нормаларды қайта қараудың күнтізбелік жоспарларын әзірлеу тәртібі; бұйымдардың көп еңбекті қажет ететіндігін төмендету бойынша тапсырмалар; есептеуіш техникасы, коммуникация және байланыс құралдары; социология, физиология және еңбек психологиясын негіздері; еңбек мөлшерлеу, ұйымдастыру және төлеудің озық отандық және шетел тәжірибесі; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет