8
гендерді алуға болады.
Геномдық (ДНҚ) деңгейде гендер активтілігі реттелудің 5 типін ажыратады:
1.
Толық генетикалық блок (геномның активсізденуі) байқалады:
а) жасушалық циклдың митоздық бөліну кезінде хроматин аса жоғары дәрежеде
ширатылған күйде болып хромосоманы қалыптастырады және осы кезде барлық
гендердің транскрипциялық активтілігі тоқталады;
ә) мейозда, жыныс жасушаларының бөлінуі кезінде; тек омыртқалылардың мейоздық
диплотена сатысындағы ерекше құрылысты хромосомаларында активтілік сақталады.
(Vlad, 1983);
б) сүтқоректілердің аналық ағзаларындағы жыныстық екі Х-хромосоманың біреуі
(сомалық
жасушаларда)
эмбриогенездің
бастапқы
сатыларында
тығыздалып,
гетерохроматиндік жыныстық Х-хромотинге немесе Барр денешігіне айналады. Осы – Х-
хромосомадағы гендердің басым көпшілігі активтілігін жояды. Бірақ жаңадан түзіліп
жатқан оотидтерде Барр денешігі болмайды, сондықтан Х-хромосомалардың екеуі де
активтілігін сақтайды.
Аталық ағзалардың сомалық жасушаларындағы (ХУ) сыңар Х-хромосоманың
гендері активті күйінде қалады. Алайда аталықтардың жыныс жасушаларындағы Х-
хромосома сперматогенез басталғанға дейін активсізденеді, өйткені активті Х-хромосома
сперматогенездің бұзылуына және бедеулікке себеп болар еді.
в) аталық ағзалардың жыныс жасушаларындағы гендер активті емес, олардың активтенуі
тек ұрықтанудан кейін жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында жүреді.
г) транскрипциялық активтіліктің кешігуі сонымен қатар кейбір өсімдіктердің
тұқымдарында, диапауза жағдайындағы жасушалардың гендерінде, бактериялар мен
төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың спораларындағы гендерінде байқалады.
д) кейбір өсімдіктердің тұқымдарында жасуша (Artemia gastrulae), бактерия және
саңырауқұлақтарының спораларының ядролары диапаузаға, түскен кездерінде
транскрипциялық активтілік тоқтайтындығы байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: