Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша



бет14/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5
3с лекция

Мәтіндік редактор


«1С:Предприятие» жүйесінің мәтіндік редакторы пайдаланушыға мәтінді редакциялауда қажет болатын барлық негізгі функцияларды қолдануға мүмкіндік береді. Мәтіндік редактормен жұмыс істеген кезде мәтін блоктарымен операциялар, іздеу және алмастыру функцияларын қолдануға болады.
Белгі элементтерін қолдану. Белгі элемент қою үшін белгі қою қажетті мәтін жолына мегзегішті қойып "Текст - Установить/снять закладку" пунктін таңдап алыңыз. Орнатылған белгі элемент мәтін редакторы терезесінің сол жақ бағанасында көгілдір шеңбер түрінде көрінеді.
Белгіленген жолдар арасында орын ауыстыру (бірінен біріне өту) үшін "Текст -Следующая закладка", "Текст -Предыдущая закладка" пунктісін қолданыңыз.
Белгіленген блокпен жұмыстар (Операции с выделенным блоком). Мәтіннің бір немесе бірнеше жолдарын белгілеп алып (егер бір жол ғана белгіленсе, онда міндетті түрде жолдың соңын көрсету керек, ал егер бірнеше жол белгіленетін болса, онда жартылай ғана белгілеуге болады), "Текст - Блок - Сдвиг вправо" немесе "Текст - Блок - Сдвиг влево" пунктін таңдап алыңыз.
Бет соңын қою. "Текст - Конец страницы" пунктісін таңдап алыңыз, жаңа бетке көшу § белгісімен белгіленеді.
Істелінген өзгертулердің күшін жою (болдармау, Отмена сделанных изменений). Істелінген әрекетті болдырмау үшін "Правка - Отменить" пунктісін таңдап алыңыз. Онан соң жасалған соңғы әрекеттің нәтижелері толығымен жойылады. Істелінген өзгертулерді болдармау операциясын бірнеше рет қатар орындауға болады.
Ал алынып тасталған әрекеттерді қайтару үшін "Правка - Вернуть" пунктін таңдап алыңыз.
Іздеу және алмастыру. Іздеуді іске асыру үшін "Правка - Найти" пунктін таңдап алыңыз.
Символдық жолды ауыстыру үшін "Правка - Заменить" пунктін таңдап алыңыз.
Мәтіннің жолына өту. Мәтіннің нақты бір жолына өту үшін контекстік мәзірден "Переход к строке" пунктін таңдап алыңыз, экранда ашылған сұрауға қажетті жолдың нөмерін жазып, "Перейти" батырмасын басыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет