Ақпараттық құқықтың әдістері
Ақпараттық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері - бұл ақпараттық құқық салаларының ақпараттық қатынастарға әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Құқықтың кез келген салаларын қарастыра отырып, ғалымдар әрбір саланың құқықтық реттеуді жүзеге асыратын өз әдіс-тәсілі бар деген тұжырымға келді. Бірақ, барлық құқық салалары құқықтық реттеуді жүзеге асыру мақсатында бірыңғай құқықтық механизмді пайдаланды, олар: бұйыру, тыйым салу және ерік беру.
Бұйыру —қоғамдық қатынасқа қатысушылардың барлығы құқықтық нормалардың талаптарына қарай әрекет етуі керек. Бұл әдіс көбінесе әкімшілік құқықта қолданылады, өйткені ондағы нормалардың басым көпшілігі бұйрық сипатында болады.
Тыйым салу- —қоғамдық қатынасқа қатысушыларға құқықтық нормаларда көрсетілген кейбір әс-әрекеттеерді жүзеге асыруға тыйым салынады.Бұл әдісті көбінесе қылмыстық құқықта қолданады.
Ерік беру —қоғамдық қатынасқа қатысушыларға заңдық маңызы бар кейбір әрекеттерді орындауға немесе өз еркі бойынша орындамауға рұқсат етіледі.Бұл әдіс көбінесе азаматтық құқықта қолданылады, өйткені ондағы нормалардың көпшілігі қатысушы жақтардың теңдігі негізін басшылыққа ала отырып құрастырылған.
Ақпараттық құқықта жоғарыда келтірілген құқықтық реттеу тәсілдерінің барлығы да қолданылады. Шынында да ақпараттар адам дамуының барлық сатысында қолданылатындықтан ақпараттық қатынастарды реттеуде ақпараттардың түрлері мен субъектілердің ақпараттарды пайдалануына байланысты жеке және жария құқықтың барлық әдістері қолданылады
Ақпараттық құқық аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге төмендегідей ерекше белгілер тән:
Құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі, атап айтқанда, өз еркінше әрекет ету және еркінің тәуелсіздігі;
Құқықтық қатынасқа қатысушылардың бостандығы және өз құқықтарын жүзеге асырудағы еріктілігі;
Құқықтық қатынасқа қатысушы субъектілердің өз міндеттемелері бойынша жауаптылығы.
Ақпараттық құқықта құқықтық реттеудің диспозитивтік әдістері меншіктерге байланысты ақпараттық қатынастар пайда болғанда қолданылады, атап айтқанда, (мүліктік және интеллектуалдық), ақпараттық технологиялар мен құралдарды жасап шығарғанда және пайдаланғанда ( авторлық құқық, меншікке байланысты құқық, ақпараттық технологияларға тапсырыс берушілер мен жасап шығарушылар арасындағы қоғамдық қатынастар) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |