1) ақпарат өндірушілер, ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызмет, ақпараттық жүйе, технология және құралдармен қамтамасыз ету;
2) ақпарат таратушылар (иелері), ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызмет, ақпараттық жүйе, технология және құралдармен қамтамасыз ету;
3) ақпараттарды тұтынушылар, ақпараттық ресурстар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық қызмет. Ақпараттық аумақта әрекет ететін барлық субъектлер үшін келтірген залалдарынынң сипатына қарай азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, және қылмыстық құқықтық жауаптылық туындауы мүмкін.
Ақпараттық құқықтың жүйесі, ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Ақпараттық құқық құқық саласы ретінде , ақпараттық аумақтағы субъектілердің әрекеттерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайды. Ақпараттық құқықтың ішінде бұл нормалар салалық және құқықтық болып екі институтқа бөлінеді, бірақ бұл екі институттың қамтитын нормалары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Ақпараттық құқық екі бөлімне тұрады: Жалпы және Ерекше.
Ақпараттық құқықтың жалпы бөлімінде ақпараттық құқық туралы негізгі түсініктер, қағидалары, құқықтық қатынастарды реттеу формалары мен әдістері, пәннің мазмұны, мәні , қайнар кқздері туралы мәліметтер беріледі. Ақпараттық құқық жүйесінде құқықтық қатынастарды реттеуге байланысты, атап айтқанда ақпараттарды іздеу, алу, пайдалану, тұтыну, тарату, сақтау , ақпараттық қауіпсіздікке байланысты құқықтық реттеулер жайлы да осы Жалпы бөлімді оқытылады.
Ерекше бөлімді ақпараттық құқықтың жекелеген институттарының жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерінге жеке-жеке тоқталады және ол институттарды үлкен екі бөлімге бөліп қарастырады. Ашық, жалпыға бірдей тұтынуға ұсынылатын ақпараттармен және тұтынуға шектеу қойылған немесе құпия мәліметтерді таратумен айналысатын институттар.
Сонымен ақпараттық құқық жүйесі төмендегідей:
Жалпы бөлім
Кіріспе. Ақпараттық құқық пәні, пәннің әдістері, түсінігі.Ақпараттық құқықтың қайнар көздері
Ақпааратарды іздеу, алу және пайдалану құқығы.Ақпарат-жеке айналым объектісі ретінде.
Ақпараттық технологиялар мен құралдар және олармен қамтамасыз ету-ақпараттық құқықтық қатынастардың объектлері ретінде.
Ақпараттық қауіпсіздіктің құқықтық проблемалары. Интернет жүйесінің құқықтық проблемалары.
Ерекше бөлім
Жеке меншік құқығының ақпараттық аспектлері. Жалпыға ортақ ақпараттарды жасау және таратуды қүұқықтық реттеу.
Кітапхана ісі бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу. Мұрағат және мұрағат ісі бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
Мемлекеттік құпия бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
Коммерциялық құпия бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу. Жекелеген ақпараттар бойынша ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу.
Ақпараттық құқықтың құқық жүйесіндег орны туралы: ақпараттық құқық мемлекет және құқық теориясының негізгі қағидаларын басшылыққа ла отыры, конституциялық, әкімшілік, қаржы, қылмыстық азаматтық, еңбек т,б, құқықтармен тығыз байланыста дамып, өзінің құқықтық қатынастарын дамытып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |