Дегенмен саяси элитаның ішкі құрылымы болатынын естен шығармау қажет. Саяси элитаның құрылымы: жоғары,орташа және төменгі деп үш деңгейге бөлінеді.
Жоғары саяси элита өзіне жетекші саяси басшыларды, сонымен қатар заң шығарушы, атқарушы және со билік тармақтарында жоғарғы қызмет орындарына отырғандарды (президенттің тікелей төңірегіндегілер мен премьер – министр, оның орынбасарлары және жетекші министрлер, парламент спикері, депутаттық фракциялардың жетекшілерін) қамтыған. Бұлар миллиондаған адамдардың тағдырына қатысты аса маңызды саяси шешімдер қабылдайтын саны жағынан мейлінше шектеулі ғана адамдар (100-200 немесе 200-400 адам).
Орташа саяси элита көптеген саналатын сайланған лауазымды адамдардан: губернаторлардан, парламенттік депутаттардан, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар көшбасшыларынан, сонымен қатар кәсіподақтардың басшыларынан қалыптасады. Әйтсе де дамыған
демократиялық институттары бар елдерде партиялар мен кәсіподақтар көшбасшылары элитаның жоғары жігінің қатарына кіре алады. Жалпы орташа саяси элита өзінің саны жағынан халықтың 5% құрайтын аса маңызды адам топтарынан, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі билік органдарының өкілерінен тұрады.