Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Осы міндеттерді шешуде, дер кезінде тӛніп келе жатқан



Pdf көрінісі
бет48/114
Дата31.01.2022
өлшемі1,3 Mb.
#116562
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Байланысты:
1, қазақ тілі телф — копия, 4be9f3ce-1a2f-4fac-8585-5f85c16c4e30, Түсінік хат, 5 жоспар
      Осы міндеттерді шешуде, дер кезінде тӛніп келе жатқан 

қақтығыстық жағдай болмас ҥшін келесі шараларды ӛткізу қажет: 

а)  отбасындағы  микроортаны  зерттеу  (отбасы  мүшелері  арасындағы  ӛзара 

қарым-қатынас  деңгейі,  жасӛспірімге  кері  әсер  етуші  тұрмыстық, 

материалдық жағдайларды анықтау); 

-аулада, кӛшеде (кӛшедегі достарының әсер етуі, бейресми топтарға қатысу) 

-сыныпта,  мектепте  (сыныптастарының  арасында    тұлғалық  алатын  орны, 

беделі); 

б) 


педагогикалық 

консилиум 

ӛткізу, 

жасӛспірімнің 

пәндерге 

қызығушылығын  білу,  бағдарлама  бӛлімдері  бойынша  білім,  білік, 

дағдыларын  анықтау,    психикасының,  мінез-құлқының  ерекшеліктерін  білу, 

бейімдері  мен  әдеттерін  білу,  зиянды  әдеттерге  бейімділігі  туралы  және 

денсаулығы туралы ақпаратты білу

в)  зиянды  әсерлерді  жоюдың  мүмкіндіктері  туралы,  қоғамға  жат  іс-

әрекеттердің  алдын  алу,  жағымсыз  мінез-құлықты  жӛндеу,  ӛзгерту, 

жағымды,  дұрыс  тәртіптерді,  іс-әрекеттерді  қалыптастыру  туралы  нақты 

шешімдер шығару. 

      Екіншіден,  белгілі  бір  уақытта  шешілуге  тиісті    оқушымен  жүргізілетін 

жеке  жұмыстың  нақты  міндеттерін  анықтау.  Қойылған  міндеттерді  жүзеге 

асыруда келесі әдістемелік нұсқауларды басшылыққа  алу қажет: 

-үнемі сабаққа қатысуын бақылап отыру және ата-анасына  хабарлау

-жасӛспірімді  үнемі  қоғамдық  пайдалы  жұмыстарға  қатыстыру,  мектептің 

қоғамдық жұмыстарымен айналысуға  міндеттеу

-нақты  оқушылардың  ақпаратты  қабылдауына    негізделген  сынып 

сағаттарын, жиналыстар ӛткізу; 

-  алдын  –ала  ойластырылған  тақырыптар  аясында  жасӛспірімдермен  жүйелі 

түрде  жеке  әңгімелер  жүргізу,  жағымды,  ӛзара  түсіністікпен  әңгімені 

қалыптастыру  үшін  және  сол  уақыттағы  жасӛспірімнің  психологиялық 

жағдайын  ескере  отырып,  оның  назарын  аудару    мақсатында  әңгіме 

ұйымдастыра білу; 




36 

 

-  жасӛспірімді  сыныптан  тыс,  мектептен  тыс  тәрбиелік  шараларға  кірістіру, 



оның осы  сабақтарға, үйірмелерге, секцияларға  қатысуына  назар аударып 

отыру; 


-  жасӛспірімдерді  мақтау,  мадақтау  арқылы    жағымды  эмоцияларды 

қалыптастыру (алғыс білдіру, туған күнімен құттықтау); 

-  отбасындағы  ахуалды  үнемі  бақылап  отыру  және  ата-анаға  әсер  етудің 

барлық әдіс-тәсілдерін қолдану

-жалпы  оқу  қоры  есебінен  материалдық  кӛмек  кӛрсету  (  қажет  болған 

жағдайда),  сонымен  бірге  басқа    да  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 

әлеуметтік құрылымдар есебінен де кӛмек кӛрсету; 

-оқушының 

тәрбиесімен  айналысушы  барлық  тұлғалармен,  барлық 

педагогтермен,  тәлімгерлермен  үнемі  байланыс  жасап,  ақпарат  алмасып 

отыру; 

       Егер  оқушы  ІІБ  есепте  тұрған  жағдайда  бұл  жұмысқа  жүйелі  түрде 

жасӛспірімдер ісі бойынша инспекторлар да тартылады. 

 

«Қиын»  жасӛспірімдермен  жұмысты  ұйымдастыруда    мектеп 



директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарлары да үнемі  жеке кӛмек 

кӛрсетеді.  Бұл  шараларға  сыныптың,  мектептің  оқушылар  ұжымы, 

жастардың қоғамдық ұйымдары да тартылады. 

«Қиын»  жасӛспірімдермен  жекеленген  жұмыстарды  ұйымдастыруда 

келесі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады: 

-достық, тең дәрежедегі байланысты орнату; 

-кәсіби бағдар бойынша әңгімелесу

-оқушының достарымен танысу; 

-демалыстарды бірге ӛткізу, бос уақытын ұйымдастыруға кӛмектесу; 

-пайдалы  іске  бағыттау  және  осы  істе  мектеп  инспекторымен  бірге 

сынып жетекшісі де қатысады; 

-жасӛспірімнің  мінезіндегі,  іс-әрекетіндегі  жағымды  да,  жағымсыз  да  

фактілер болса, ол  туралы ақпаратты үнемі ата-аналарына  жеткізіп отыру. 

        Параллель  сыныптар  арасында,  оқу  топтарында    оқушылармен 

құқықтық,  ішімдік,  есірткі  құралдарын  пайдаланудың,  ӛрт  қауіпсіздігінің, 

жол-кӛліктік жарақат алудың алдын алу тақырыптарында әңгімелер жүргізу 

қажет.  Оқушылардың  жасаған  қылмыс,  құқық  бұзушылық  әрекеттері  де  

ескерту мақсатында  басқа оқушыларға  жеткізіліп отырылуы керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет