Сабақтың тақырыбы PyGame (пайгейм) кітапханасы



Дата18.02.2022
өлшемі27,55 Kb.
#132364
түріСабақ
Байланысты:
5 жоспар




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Python программалау тілінде 2D ойынын құру

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

PyGame (пайгейм) кітапханасы







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.3 PyGame (пайгейм); кітапханасын қосу
9.3.3.4 Ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: PyGame программасымен жұмыс жасайды;
Басым көпшілігі: PyGame кітапханасын қоса алады;
Кейбір оқушылар: PyGame кітапханасының дайын модульдерін пайдаланады.

Бағалау критерийі

PyGame модулімен танысады;
PyGame кітапханасының геометриялық фигуралар салатын командаларын анықтайды;
PyGame командаларының көмегімен фигураларды салуды программалайды.

Тілдік мақсаттар



Пәнге тән лексика мен терминология:
Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиынтығы.
PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі.
Диалогқа қажетті тіркестер:
PyGame модулінің қызметі..................
PyGame модулін іске қосу....................
PyGame-де түстер...............................арқылы ажыратылады.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілінен терминдер қолдану

Алдыңғы білім

Python программасымен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг. «Аялы алақан» жаттығуы
Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.
«Құпия сандық» әдісі. Алдарына құпия сандықшасын ұсынамын. Сандықшада 2 түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар салынған. Сандықшадан бір – бірден фигураларды алып, өз тобын тауып алуы керек.
Үй тапсырмасы
Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі. Kahoot программасы арқылы сұраққа жауап береді.
Екі топқа бағалау парағы беріледі.
Топтар өздерінің алған ұпайларын бағалау парағына түсіріп отырады.

Ақ парақ
Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ. Видео арқылы түсіндіру
Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиын тығы. Python-да код кітапханасын сипаттау үшін қол данылатын термин – модуль (module). Мысалы, pygame модулін де ішкі модульдер ретінде pygame.draw, pygame.image, pygame.mouse жә не т.б. қолданылады. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көптеген платформалар мен операциялық жүйелер де жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды.
Әрі қарай PyGame кітапханасының орнатылу жолын түсіндіріп, көрсетемін.
Топтық жұмыс. «Пікір алмасу» әдісі. 2 топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Смайликтер арқылы бағаланады.
Жұптық жұмыс. «Венндиаграмма» әдісі
Рython нұсқасымен PyGame модулінің нұсқаларының салыстырмалы талдауын жүргізіңдер. Екеуара орындайды.
Практикалық жұмыс. Дискідегі 3 тапсырманы жекелей орындайды.
Дескриптор: 1.PyGame кітапханасын орната алады;
2. .PyGame кітапханасының орнатылғанын тексереді.

Оқулық , бейнематериалдар

Сабақтың соңы



Сабақты бекіту сұрақтары:
1.PyGame кітапханасы дегеніміз не?
2. PyGame кітапханасы қалай іске қосылады?
Үй тапсырмасы: Python және PyGame тақырыптарының терминдеріне қатысты сөзжұмбақ құрастырыңдар.
Б ағалау. Бір-бірін бағалау. Бағалау парақтары таратылады.
Рефлексия
Бағдаршам әдісі
Оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

  • түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсетеді.

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия


Бағдаршам әдісі арқылы





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет