45
3. Жалыбай 5 руымен: а) Алқұлы, б) Қусембен, в) Ақбетей, г) Қожаке
және д) Әбілқасым.
4. Күрлеут 2 руымен: а) Өтен және б) Нияз жалыбай-күрлеут-қыпшақ
болысын құрды,
Қотырдан шығысқа қарай, Үш-қамыс тауларында, және
Железинский кеден қашықтығына қарсы Ертіс бойыда тұратын аз бөлігінен
басқа, алдыңдағылармен бірге көшеді.
5. Құлатай 12 руға бөлінді: а) Қосандар (Тоқтыбай, Төкібай, Жұмағұл және
Алты-базар 4 бөлімімен), б) Айткөл, в) Жанайдар, г) Өтен-сары (Таз және
Шортан 2 бөлімімен), д) Мадияр, е) Қазыбек, ж) Қожан, з) Бостан, и) Күшбайда,
к) Құлан және л) Құдас, бұлардан құлатай-қыпшақ болысы құрылды,
Железинская станциясынан Омск қаласына дейінгі, Ертіс бойындағы қалған
бос жерлерде орын алды, бұдан басқа Теке көлінен оңтүстікке қарай (Шілік-
тұмар шатқалы) және шығысқа қарай тауларда
қыстайтын бөлік Алабота
көлінің маңайы (Чурлаковский станциясына қарама-қарсы) бірдей; және де
аз бөліктері Есіл бойынша, бұрынғы Қызылжар және Қараменді бекеттерінің
алқаптарында және тіпті Атбасарға қарай мекендеді.
Бұндай қоныстар жағдайында Ертіс қыпшақтары бәсентиндерден көрген
тарылықтан қандай деуге болады, көзге елестенбейді, дегенмен, Ақмола
округінің солтүстік бөлігіндегі бос жазғы, көгалды жерлерінің үлкен қорына
қарамастан, құлатай-қыпшақтар Ақкөл жайылмаларына жақын жайылуға
тырысады, оларға көршілес болыстар сияқты осындағы бәсенділерден
қыстақтарға таласа отырады.
Облыстың оңтүстік көшпенділеріне көшейік,
оның ішінде бағаналы
ұрпақтары оның оңтүстік-батыс бұрышын алып отыр, 1839 жылдан бастап
Орынбор тізімінде болған, осы жылдан бастап 1859 жылға дейін Көкшетау
приказымен басқарылды, бұдан Атбасардікіне ауысты, 1859 жылдан бастап
бұл округтің негізгі бөлігін құрды. Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін
алатын Қарақи толық Қарқаралы округіне кіреді, ал қалған бесеуі жоғарыда
айтылған екеуінің арасында орналаса отырып, Ақмола округінің оңтүстік
бөлігін құрайды. Осы үлкен отбасылардың шығысынан бастап әрқайсысының
құрамын дәлірек қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: