Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет1/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182


1
Қарағанды облысы 
топонимдері
 
Нұр-Сұлтан, 2020
Т.Аршабеков


2
ӘОЖ 80/81
КБЖ 81.2 
А 85
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлiгi
Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды
Пікір білдірушілер: 
филология ғылымдары докторы, профессор А.С.Әділова
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Ә.Жұмабеков
география ғылымдарының кандидаты, доцент С.Салжанов
Т.Т.Аршабеков
Қарағанды облысы топонимдері. – Нұр-Cұлтан, 2020. – 382 бет.
Бұл ғылыми зерттеуде Қарағанды облысы топонимдерінің географиялық, 
тарихи және тілдік мәселесі қарастырылады. Қарағанды облысы аумағына қатысты 
ортағасырлық тарихи топонимдерден бастап ХІХ-ХХ ғасырлардағы елді мекендер, 
жер-су атауларының географиялық, тілдік сипаттамалары ашылып көрсетілген. 
Еңбекте сонымен қатар бірнеше мұрағаттық деректер қолданылған. 
Еңбек тіл жанашырларына, өлкетанушыларға, гуманитарлық саладағы 
зерттеушілерге арналған.
ISBN 978-601-7504-49-6
ӘОЖ 80/81
КБЖ 81.2
ISBN 978-601-7504-49-6 
© «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»
ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ , 2020


3
Алғы сөз 
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біз – 
ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз 
жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау 
рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай 
байланысы ешқашан үзілмеген. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы
тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы 
талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, 
ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. 
Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»
1
, – деген болатын.
Әрбір атау – тарихтың табы сіңген нысаналы белгісі. Мұндай ұлттық 
және рухани байлығымыз саналатын топонимдерді зерттеу бүгінгі күн 
талабынан туындап отыр. Кез келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына 
көптеген тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-
сипаттарды сақтап отырады. Топонимдегі деректер белгілі бір географиялық 
ұғым атаулары болғандықтан, олар арнайы сұрыпталған лексикалық 
қабаттардан тұрады. Көне дәуір куәсі болып табылатын аймақ топонимдері 
халықтың этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік жай-күйінен, өткендегі өмір-
тіршілігінен әр қилы мәлімет береді. Мұның өзі топонимдерді зерттеудің өте 
күрделі құбылыс екендігін, ол істе белгілі бір ғылыми әдіспен ғана мақсат-
мұратқа жету мүмкін еместігін көрсетеді. Топонимдердің қалыптасуы, сол 
тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық 
менталитетіне байланысты да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір 
аймақтың топонимиясын зерттеуді қолға алмас бұрын сол жердің тарихына, 
саяси-әлеуметтік жағдайына және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық 
мәдени тарихына ерекше көңіл бөлу керек.
2
Белгілі орыс ономаст-ғалымы А.В.Суперанскаяның пікірінше, әрбір 
атау тарихи, ал топонимиканы түгелдей тарихтың айнасы деуге болады. 
Географиялық көне атаулар тарихи ескерткіштер іспетті. Себебі 
ө
ткен 
замандардың мұралары ретінде мемлекеттер мен халықтардың тарихының, 
жер жағдайларының, материалдық және рухани мәдениеттерінің белгілі бір 
тарихи кезеңдердегі келбетін, қалпын көрсетеді. Сондықтан топонимдерді 
диахрондық бағытта зерттеудің маңызы зор.
3
Қарағанды облысының топонимдері де – республикамыздың басқа 
өңірінің топонимдері сияқты белгілі бір мерзім, кезеңнің ғана емес, сан 
мыңдаған жылдардың, тұтас бір дәуірдің жемісі. Сондықтан да олар қоғам 
1
Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. //Егемен Қазақсатан. 2017 ж.
2
Аршабеков Т.Т Туған жер атауы – тұнған тарих. // Тіл әлемі. 15.03.2018 ж.

Попов М.И. Основные принципы топонимических исследований // Принципы топонимики.
–М.: Наука, 1964. – С.34-44


4
өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Олардың құрамында да әр 
дәуірді, әрбір кезеңдерде Қазақстанды, Қарағанды облысын мекендеген әр 
алуан елдің тілі мен сөзінен қойылған географиялық атаулар саны көптеп 
кездеседі. Облыс топонимдерінің бір тобы көне заман, ескі тарихымызбен 
тығыз байланысты болып келсе, екінші бір басым тобы Кеңес өкіметі тұсында 
пайда болған, социалистік дәуірдегі және одан кейінгі өзгерістердің айқын 
куәсі болып табылады. Облыстағы әрбір топоним белгілі бір мағынаға, алуан 
түрлі құбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы 
есімдердің ерекше тобына тән. Әрбір географиялық атау тарихи, әрі, оның 
мағыналық өрісі де кең. Олар замана құбылысына, өзгерісіне қарай әр түрлі 
мағлұматқа: түрлі соғыстар, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, халықтардың 
қарым-қатынасына және т.б. тарихи оқиғаларға бай.
«Жер-су аты – тарихтың хаты» деп тектен айтылмаса керек. Топонимика 
тақырыбы қай халықтың көркем сөз өнерінде болса да өз көрінісін, сөз 
етілу себебін, кейіпкер әсер еткен географиялық ортасы мен табиғатқа 
қарым-қатынасын білдірмей тұра алмайды. Демек, топоним атаулы тарихи, 
географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. 
Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен 
ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім 
сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға 
мүмкіндік береді. Әрбір географиялық атау тарихи әрі оның мағыналық өрісі 
де кең.


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет