133
орталық мекені. Теміртау қаласының алғашқы атауы
97
.
Доскей – елді мекен.
98
Асыл – ауылы, бұл жер егін шаруашылығымен
айналысуға өте ыңғайлы болған. Оның себебі ауылды Шерубай-Нұра, Соқыр
өзендері қоршап тұр.
Шешенқара ауылдық округі.
Шешенқара ауылы Нұраның сол жақ
жағалауында, Шешенқара тауынын етегінде, Ботақара кентінен шығысқа
қарай 25 км, ал облыс орталығы Қарағандыдан шығысқа қарай 75 км жерде
орналасқан. 1907 жылы мұнда шығыс-еуропалық қоныс аударушылар келіп,
қоныс тепті. Қазақтың жаз жайлауы болған Шешенқара алқабы 1910 жылы
Меколай деген атпен белгілі 1910 жеке елді мекен ретінде бекітілді. 1920
жылы большевиктер Пролетарское деп өзгертті. 1965 жылы «Кузнецк»,
«Буденый» ат. кеңшарларының жерінен құрылған «Пролетар» кеңшарының
және Пролетар ауылдык Кенесінің орталығы болды. 1997 жылдан бері
Шешенқара деген байырғы қазақша атымен аталады. Халқының саны 2005
жылы 1, 2 мың. Жерінің жалпы ауданы – 105,7 мың га. Бұл жерде Шешенқара,
Үштау ауылдары және Ащысу темір жол станциясы, өндірістік құрылымдар
мен 22 шаруа қожалығы бар. Негізгі саласы егін шаруашылығы. Жалпы
жерінің ауданы – 31,0 мың га, егістік жер ауданы – 5,4 мың га.
Баймырза селолық округі
– аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына
Баймырза, Астахов ауылдары кіреді. Тұрғыны 2,1 мың адам. Орталығы –
Баймырза ауылы.
Березняки селолық округі (тарихи атауы –Қызылқайың)
– аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қызылқайың, Тасауыл,
Сарытау ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,6 мың адам. Орталығы – Қызылқайыңда.
Ботақара селолық округі
– аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына
Ботақара ауылы кіреді. Тұрғыны 0,8 мың адам. Орталығы – Ботақара ауылы.
Есен – өзен. Бұқар жырау мен Жаңаарқа ауданының жерін басып ағады
да Нұра өзеніне құяды. Басын Арқалық тауынан алады, ұзындығы 85 км.
Бөрілісай – өзен. Атау өзінің тура мағынасында тұр.
Достарыңызбен бөлісу: