Қаралды: Бекітемін: №1 педагогикалық кеңесте «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі»



бет22/73
Дата17.10.2023
өлшемі18,43 Mb.
#186132
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
жоспар 2023- 2024

Деңгейі

Мұғалімнің аты- жөні

Мектебі,пәні

Басылым тақырыбы

Сайт,Сертификат номері, күні,жылы

1




Пискунова Л.К




Инфоурок, YouTube










Мынбаева Г.З




YouTube










Кайбалиева М.М




YouTube










Чухланцева К.А




YouTube










Чеснокова Н.А




YouTube










Даулетбаева Д.к




YouTube










Жексенбаева Ж.И




YouTube










Ибраева Г.З




YouTube










Кабышев Т.К




YouTube










Абсеитов Т.К




YouTube










Дакубаева А.А




YouTube










Ребрик Н.В









Мектеп мұғалімдерінің сұраныстарына, ақпараттар алуына қажетті жағдай туғызу, педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында мектепте әдістемелік кабинет жұмыс жасайды.


Қорытынды: Әдістемелік жұмысты талдай отырып, келесі қорытындыны жасауға болады:
-Мектептің әдістемелік жұмысының жоспары 95% орындалды, бұдан мұғалімдердің өсу динамикасының жақсарғанын көреміз.
54 мұғалімнің 32-і санатты бар мұғалімдер, мектепте жұмыс жасайтындардың жалпы санының 62 % құрайды. Оқушылардың биылғы білім сапасы былтырғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр. Жылдың қорытындысы бойынша келесі мұғалімдер жақсы көрсеткіштер көрсетті:
Әдістемелік апталық аясында мектеп мұғалімдері 40 ашық сабақ өткізген.
- Жыл бойы жаңа технологияны қолдану бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.
«Тәжірибедегі рефлексия» сабақтарында 30 сабақ берілді. 11 мұғалім деңгейлік курстан өз білімдерін жетілдірген.
Әдістемелік жұмыстың шынайы нәтижесі- мектеп мұғалімдерінің республикалық, облыстық, қалалық көлемде жұмыс тәжірибелерінің таралуы
2022-2023 оқу жылында 36 мұғалім өздерінің жұмыс тәжірибелерін таратты.3 мұғалім облыстық, қалалық сайыстар мен олимпиадалардың жүлдегері атанды.
жүргізілген мониторинг баланың түрлі кезеңдердегі даму динамикасын анықтауға, баланың жеке дамуына қажетті жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторингті жүргізудің негізгі әдісі балаға күні бойы жүргізілетін бақылау әдісі болып табылады. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар Үлгілік оқу бағдарламасында жартыжылдықтар бойынша ұсынылған білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізілді:
- бастапқы –қыркүйек;58 пайыз
- аралық – қаңтар; 63 пайыз
- қорытынды – мамыр. Бастапқы бақылау ересек топтың ІІ жартыжылдықтағы күтілетін нәтижелері негізінде жүргізіледі. Педагог психологпен және педагог-мамандармен бірге Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының игерілу деңгейін анықтайды. I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Аралық диагностиканы жүргізудің мақсаты баланың даму динамикасын анықтау болып табылады.
«Монтессори технологиясын оқу қызметінде қолдану», «Дидактикалық ойындар арқылы бала тілін дамыту» тақырыптарында семинар өтті,
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының игерілу деңгейі анықталады және баланың одан әрі дамуы белгіленеді.
Мониторинг нәтижелері Бақылау парағында толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады, оны балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады және баланың білім беру ұйымында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.
«Қорытынды» бөлімде баланың оқу жылы соңындағы жетістіктері белгіленеді және келесі жылға түзету жұмысы бойынша шаралар анықталады.
Оқу жылының соңында педагог бастапқы, аралық, қорытынды мониторинг нәтижелерімен Жинақ есепті құрастырады, балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму динамикасын бағалау үшін тапсырады
2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында , мектепалды даярлықтың сыныптарында (топтарында) тәрбиелеу-оқыту процесінің мазмұны меншік нысанына қарамастан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мақсаты: балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, физикалық және зияткерлік дайындығын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторы 4К моделіне бағытталған (креативтілікті, сыни ойлау, коммуникабельдікті, командада жұмыс жасай білуді), функционалды сауатты, жоғары патриотты сезімді азаматты тәрбиелеу мен оқыту болып анықталған.
Білім беру процесі:

  • өтпелі тақырыптарға сәйкес перспективалық жоспар;

  • апталық циклограмма;

  • диагностика негізінде мониторингке (бастапқы, аралық және қорытынды) сәйкес іске асырылады.


Сонымен қатар төмендегі кемшіліктерді айтамыз:
-жаңартылған білім беру мазмұнына сай сабақтардың өткізілу сапасы төмен;
-білім сапасы мына пәндер бойынша қалалық деңгейден төмен: физика, математика, химия;
-Байқауға қатысушы мұғалімдердің орын алу қарқындығының төмендігі;
үлгермейтін оқушылармен жасалатын жұмыс деңгейі жеткіліксіз ,тоқсан қорытындысы бойынша үлгермеушілер болды ;

-мектеп мұғалімдерінің 10% оқу үрдісін қарқындатушы, жаңа педагогикалық технология туралы ақпаратты игермеген;


-мұғалімдердің тек 50% әртүрлі технологияны кейбір элементтерін қолданады;
-олимпиадаларға, ғылыми жобаларға оқушылардың дайындығы нашар жүргізіледі, әйтседе, бұл жұмыста динамика жаман емес.

Жоғарыда айтылғандарға орай, әдістемелік жұмыста жаңа оқу жылының негізгі міндеттері болып саналатындар:
-әр пән бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру
-оқытудың жаңа технологиясын практикада қолдану , жаңа оқу жылында барлық педагогикалық ұжым мүшелері ғылыми еңбекті ұйымдастыруға назар аудару қажет;
-ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға оқушылардың дайындық сапасын жақсарту , дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты ұйымдастыру;
-өз сабақтарында жаңа технологияны және оның элементтерін қолданатын мұғалімдер санын көбейту;
-бақылауды талап ететін мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуына мектеп әкімшілігі ерекше назар аударады;
-өз жұмысында оқытудағы ең негізгі сұрақ сабақтастық саналу керек;
-жылдың үздік мұғалімін айқындау мақсатында мектеп мұғалімдерінің жұмысын рейтинг бойынша бақылауды жалғастыру;
-мектеп мұғалімдерінің ә\б жұмысы аясында оқушыларды пән бойынша оқытудағы мониторинг жұмысын жалғастыру.
-мектеп- ЖОО аясындағы жұмысты күшейту.

«Сарқан аудандық білім бөлімнің К.Ушинсий атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысына талдау




«Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»,-деген екен М.Жұмабаев. Қандай тауып айтылған даналы сөз десеңізші. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті.мектепте тәрбиенің 8 бағыты бойынша жылдық жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет