Қаралды: Бекітемін: №1 педагогикалық кеңесте «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі»


Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру мақсатында



бет23/73
Дата17.10.2023
өлшемі18,43 Mb.
#186132
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
жоспар 2023- 2024

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру мақсатында жылдық іс-шаралар жоспарланды. Қыркүйек айында мектеп президентін, парламент мүшелерін сайлау мақсатында салтанатты жиын өтті. Жиында ҚР туын енгізіп, әнұран ойнатылды. «Жас қыран». «Жас ұлан» қатарына 2,5 сынып мүшелері сайланды.Әр ұйым мүшелері ант берілді.

ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында мектепте дүйсенбі күні 1-ші сабақ мемлекеттік Гимннан басталады. Әр салтанатты жиында мемлекеттік Гимн шырқалады.Мектепте «Елге ұнаған Елтаңба, елдік пен кемелдіктің белгісі», «Елім осы күнді аңсаған», «Мемлекеттік рәміздер –біздің мақтанышымыз!» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. «Жайна, жаса туған елім» тақырыбында 5-7-ші сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Озып шыққан оқушыларды мектеп директоры мақтау қағазымен марапаттады. «Ғасырдан ғасырға жайнай бер!» тақырыбында жоғары сыныптар арасында шығарма байқау өтті. Байқау қорытындысын қазақ тілі пәп мұғалімдері шығарып,оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. «Тәуелсіздігім тірегім!» тақырыбында мектеп кітапханашысы көрме ұйымдастырды.«Туған жерім-мақтанышым!» тақырыбында 2-4-ші сыныптар арасында сурет байқауы өтті.
 «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектепте оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. «Жанұямен бірге оқимыз» апталығы ұйымдастырылды. Әр сынып оқушысы өз отбасында бір шығарманы алып өз отбасымен оқып, мазмұныны сынып сағаттарында әңгімелеп берді.

Жалпы мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін мектепте көптеген жұмыс атқарылуда. Оның бірі «Оқу сағаты» деген жобасы іске асырылуда. Ол бойынша, күн сайын мектепке келген оқушыға 20 минуттай кітап оқуға ,қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.Әр оқушы өзіне ыңғайлы жерді таңдап, кітапханадан өзіне ұнаған кітабын алып немесе үйден әкеген кітабын оқиды.Қызықты сәттерімен сынып сағаттарында, үзілістерде басқаларымен бөліседі.

Әр сабақ сайын бес минуттық оқу ұйымдастырылды.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Балалардың игілігі үшін» Республикалық акциясы барысында «BALA _TIME.RZ» бағыты бойынша «Бала қорғау» Teleqram-чатының call-орталықтардың, сенім телофандарының жұмысы туралы ақпараттар таратылды,мектеп парламентінің президентімен және парламент мүшелерімен кездесу өткізілді.

Жыл сайын Ұлы Жеңіс күні оқушылар «Мәңгілік алау» мемориалының алдына Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар рухына, Ауған соғыс ардагерлеріне 1 минут үнсіздік арқылы тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Сонымен қатар мектебімізде жыл сайын 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Әскери-патриоттық айлық» өткізіліп тұрады. Айлық жоспар кеңес мүшелерінің келісімімен жасалады. Жарыстың іс-шараларына мектептегі барлық сыныптар қамтылады. Бастауыш сыныптарда патриоттық тақырыптарда ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өтеді. Әсіресе, Мемлекеттік Әнұранды жатқа айтуын, егемендігіміздің нышандары болып табылатын Мемлекеттік рәміздерді, оның авторларын және геральдика заңдылықтары бойынша нені білдіріп, айшықтайтынын білулеріне баса назар аударамыз. 5-8 сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаттары, 9-10 сыныптарда «Отан қорғау – біздің міндетіміз» тақырыптарында әңгімелер, пікірталас, кештер ұйымдастырылады.«Жас мерген», «Сапта жүру және ән айту», «Болашақ сарбаз», «Отан қорғауға дайын бол!» « Үздік командир» байқаулары өткізіледі.
Мектепте оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру,жолда абайлап жүруді үйрету, көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында 1-8сыныптарда «Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арнайы жоспар жасалып, жоспар бойынша салтанатты жиын өткізілді.

Оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бастауыш сынып оқушылары сурет салды, жоғарғы сынып оқушылары газет шығарды.

«Қасиетті туған елім!» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті.



Рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында қазан айының 3 күні мұғалімдер күні «Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Бір апта бұрын «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастыру жоспары жасалып, сол жоспар бойынша жүзеге асырылды. Мұғалімдерге арналған «Ұстаз алдында бас иеміз!» атты салтанатты жиын өтті. 11 сынып оқушылары төменгі буындарға мұғалімдердің орнына сабақ берді. «Өзін-өзі басқару» күнінің ерекшелігі оқушылар тек сабақ өткізіп қана қоймай, сынып белсенділері гимназия әкімшілігінің ішкі жұмыстарына да араласып, өз шеберліктерін танытты. Бірі директор болып басшылықты қолына алса, бірі тәрбие жұмысының меңгерушісі болып, бір сәт болсын өздерін білікті маман ретінде көрсете білді. «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Армия Б мұғалімдерге сабақ беріп, ұстаздар ризашылығына бөленді. Ұйым мүшелері завучтардың қызметін атқарды. Мектеп директоры Армия Батыр,оқу ісінің меңгерушісі Кеңес Аружан,мектеп әдіскері Шалова Ләззат, тәрбие ісінің меңгерушісі Сыздықбай Сымбат





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет