Еркек өзін ерекше, дана, жалғыз, жоғары болып сезінгісі келеді.
Бұл оның моральді қажеттілігі. Егер сіз еріңізге басқаның үйін, түрін,
жұмысы немесе ақшасы н айтсаңыз, салыстырсаңыз, онда ол өзін кем
сезінеді. Біздің мақсат-еркекті жақсарту, өзгерту, талпындыру болса да,
осы салыстыра беретін қасиетіміз керісінше еркекті төменге тартады
екен. Адамды жақсысың деп қана жақсарта аламыз, бұл біздің
санамыздың ерекшелігі. Сондықтан, еріңізге «Пәленше әйеліне
айфон алып беріпті» деп, одан айфон күтсеңіз, қателесесіз. Оның
жауабы «онда соған бар, саған да алып берсін» болады. Еріңізге басқа
еркектің жақсы жақтарын айтатын болсаңыз, онда ол іштей «ал менің
бойымда бұл қасиеттер бар ма?» деп сұрақ қояды. Мейлі ол
материалдық ресурс болсын, мейлі ол моральдық ресурс болсын,
мысалы, басқа еркекті құран жақсы оқиды, айлығы екі есе жоғары деп
көрсетсеңіз, еріңіз сіз үшін ең жақсы, ең тәтті, ең ерекше жан емес екен
деп түсінетін болады. Ал еркектер әйелдің өзін емес, өзінің әйелдің
жанындағы «состояниесін» жақсы көреді..
Достарыңызбен бөлісу: