27. Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен мазмұнының сипатын талдаңыз.
Мектепішілік бақылау – білім беру үдерісінің жағдайын, білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижелерін диагностикалау үшін ақпараттың басты көзі. Мектепішілік бақылау дегеніміз мектеп әкімшілігі мүшелерінің басшылық тәртібі және өз құзыры шектеуінде мектеп қызметкерлерінің ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау түрінде жүзеге асырылатын бақылау, тексеру өткізулері болып табылады.
Мектепішілік бақылаудың негізін әкімшілік пен педагогикалық ұжымның педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және ынталандыру мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған демократиялық негіздегі өзара іс-әрекеті құрайды.
Мектепішілік бақылаудың негізгі мақсаты білім беру үдерісін бұдан әрі дамыту жөніндегі қорытынды мен ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал ететін себеп-салдарлық байланысты белгілеп, педагогикалық жүйенің жалпы білімнің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес жұмыс істеуі мен дамуын бекіту болып табылады.
Оқу-тәрбие үдерісін тікелей бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мектеп ішілік бақылаудың мақсаты:
• педагогикалық ұжымның терең білімділігін сақтау және тұлғаның маңызды және болашақтағы қажеттілігіне сәйкес негізде білімге қол жетімділік, сапа және нәтижесін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру;
• педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіптік әлеуетін анықтау және іске асыру;
• білім алушылардың білім әлеуетін анықтау және іске асыру, тұлғаны жан-жақты даму динамикасын бақылау;
• білім мекемесінің білім беру үдерісін жасақтау және ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Мектепішілік бақылаудың мазмұны:
Мектепішілік бақылаудың субъектілері.
Әкімшілік бақылау – нақты жоспар бойынша әкімшілікпен тұрақты
Ұжымдық бақылау- кәсіби өткізіледі.
Өзара бақылау- біліктіліктері тең мамандар арасында жүргізіледі, тәжірибе алмасу мен біліктілік арттыру кезеңінде тиімді.
Қоғамдық бақылау–мектеп жайлы жұртшылықтың көзқарасын қарастыру және мектепке ата-аналар мен жұртшылықтың бағасы.
Өзін-өзі бақылау – талап етілетін стандарт пен нормаларымен мұғалімнің қол жеткізген нәтижелерін өзіндік салыстыру.
Оқушылық бақылау- мектеп түлектерінің мектеп жайлы ойын қарастыру.
28. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидаларын сипаттаңыз.
Мектептегі әдістемелік қызмет – бұл заманауи педагогикалық технологияларды қамтамасыз етудің, әзірлеудің және оларды білім беру ұйымының (бұдан әрі – ББҰ) оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің икемді дамушы мектепішілік құрылымы. Мектептегі әдістемелік қызмет – педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім беру жүйесінің тұтас құрамды бөлігі.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: