Мектепішілік бақылау



бет2/3
Дата25.12.2022
өлшемі16,96 Kb.
#164319
1   2   3
Байланысты:
27-30

Жас мамандар мектебі- бұл мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған,жұмыс өтілі 5жылдан кем емес ұстаздар бірлестігі.
Жас мамандарға әдістемелік көмек беру, жас маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру, тұлғалық кәсіби өсуіне ықпал ету әрі бұл бағыт бойынша мектепке жаңадан қабылданған мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалады.
Озық тәжірибе мектебі – білім мазмұнын жетілдірудегі озат тәжірибені жинақтау, зерттеу, тиімді әдістерді баспасөз беттерінде жариялау, семинарларда ой бөлісу. Оқушының тұлғалық дамуына назар аудару, білім сапасын арттыру, тиімді нәтижеге қол жеткізу.
Педагогикалық шеберлік мектебі:
Педагогикалық шеберлікті дамытуда оқу мен тәрбие сапасын көтеруде біліктілікті арттыру курстарына, семинар, конференцияларға, шығармашылық есеп беруге қатысу;
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары:
Мектептегі біртұтас әдістемелік жүйені дамыту мақсаты оның сапасын және тиімділігін арттыру бірнеше аса маңызды талаптарға сай жүргізіледі.
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары:
1. Мектептің даму міндеттерін практикада жүзеге асыра білу;
2. Әдістемелік жұмыстың ғылыми сипатта болуы;
3. Жүйелілік ұстанымының сақталуы;
29. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарттарын таныстырыңыз.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әртүрлі салаларын байланысты-ратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы:
• мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;
•портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы;
• өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзімді көрсету;
•бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі;
•бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көп-шілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасала-тындығы. Аттестация (фр. attestation, лат. attestаtio – куәгерлік, растау)-деген ұғымды білдіреді. Аттестаттау барысында ұжымдағы қызметкерлердің біліктілігін, білім деңгейін және атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтауды қарастырады.
30. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалалаудың кезеңдерін талдаңыз.
Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мүғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды. "Педагогикалық диагностика” ұғымын 1968 жылы ғылыми жоба аясында медициналық және психологиялық диагностикамен ұқсата отырып К.Ингенкамп ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет