Армысыздар құрметті ұлағатты ұстаздар, ардақты ата аналар және мектеп бітіруші түлектер!



бет2/4
Дата12.06.2020
өлшемі31,4 Kb.
#73226
1   2   3   4
Байланысты:
аттестат алу кеш3 2020000

1.Білімді де , өнерлі

Өз ойы бар өрелі

Білімімен қуантқан

Спортты да ұнатқан

«Алтын белгі» иесі

Мектептің үздік түлегі .

Өмірзахова Ару Әзербайқызын ортаға шақырамыз.

2.Спортты жаны сүйеді,

Биде билеп біледі.

Оқуымен білімін

Қатар алып жүреді.

«Алтын белгі» иесі

Қабыл болсын тілегі

Қайырғалиева Дарья Русланқызы

3.Салиқалы саналы,

Қымбат бізге бағалы.

Оқушысы мектептің

Кілең бестік алады.

«Алтын белгі» иесі

Таудай болсын талабы.

Амангалиева Амина Гимыранқызын ортаға шақырамыз.

4.Шуақ шашқан жанары

Таудай болған талабы

Ұстаздарын құрметтеп

Шәкірттім ол бағалы

Ақ жол тілеп өзіңе

«Үздік аттестат»алады. Нұрлыбекова Мадина Нұрлыбекқызы

5.Өнерімен бата алған сүйікті елден,


Таланты бар бойында жиып терген.
Болашақ әнші ақын Әсемгүл,
Көрінеді деп сенеміз биіктерден. Сарсекова Әсемгүл


6.Мектебін жақсы көреді,

Ойнап күліп жүреді.

Сабағын жақсы оқыды,

Білімге сананы толтырды

Таза сөйлеп қазақша,

Үлгі оқушы боп отырды.

Әскери саланы меңгеріп

Жетістікке толтырды.

Кузнецова Юлия

7.Өнер сүйген, спорт сүйген түлексің,

Қарындасқа, ініге сен тірексің.

Табанды да тиянақты жігітті

 Бекзат жас шахматшы деп білерсің.

8.Талабы ба ары асатын асқардан,
Мінезі ашық баршалармен дос болған.
Сансыбай деген батырымыз келеді,
Сәттілік пен жақсылықтар тос алдан.

9.Ашық - жарқын, жайдары көңілі бар,
Тек шаттықтан тұратын өмірі бар.
Елболсын сері жігіт келді ортаға,
Жас болса да көп істің жөнін ұғар.

10.Шахматты жаны сүйеді,

Таза оның жүрегі.

Қабыл болып тілегі

Жолың болсын түлегім. Ибраев Нұржан

11.Тарыдай боп келіп едің кеше ғана,

Бүгін Ержан жігіт боп  өстің дара

11 жыл білім нәрімен сусынданып,

Мектепті бітірдің сен, өсті санаң

12.Әрқашан да жадырайды жанарың,

Сәтті болсын Ригина  әркез қадамың.

Қайда болсаң жолың болсын жас түлек,

Үмітін сен ақтарсың ата-анаңның.

13.Арманы көп Үміттің

Алға қойған мақсаты

Өзі сүйер пәндерден

Шығып жүр гой жақсы аты.

14.Қиынынан өмірдің жасымастан,
Болашағыңды ойлапқой осы бастан.
Ерлан келеді ортаға көріңіздер
Бақытты күн тілейміз ашық аспан.

15.Білімді де саналы
Өнері бар жан – жақты.
Жақсы маман иесі бол,

Дильназ біздің салмақты

16.Тон пішкен үлгі көріп анасынан,
Көркі бар қызыл гүлдей дара тұрған.
Карина білім нәрін жинаған қыз,
Қанат қағып биіктерге самғаңыз!

17.Жалғандыққа ешқандай көне алмайды,
Өтірік мақтанудан алаңдайды,
Салихалы, сабырлы біздің Нұргүл
Достығын өзгелердің бағалайды.

18.Өмір мәнін білетін,
Табар істің ретін.
Нұржан деген бұл жігіт,
Тыныш өмір сүретін.
Көп сөйлеуді ұнатпай,
Жымиып ғана жүретін.

Ортаға Дастанды шақырамыз!

19.Суретті әсем салады,

Жылы жүзді жанары.

Амандасып қазақша

Ашық әркез қабағы

Снежана қыз әдемі

Таудай болсын талабың!

20.Мейірімді сабырлы

Ажарлы да , ғажап қыз.

Би билейді ерекше

Біздің Юлия танып біл!

21. Азамат боп туған елін қорғайтын,

бар талабы ұстаздарды қолдайтын

Біртаға жан достарына сенеді

Болашағынан барлығында көреді.

Кирилл

22.Сабырлы өзі тұйық

Жүреді ылги жымиып.

Жолың болсын әрқашан

Көңілде қалсын жыр ұйып.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет