Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде



бет26/54
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#87339
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Байланысты:
Диплом Арт-терапия

Оларға төмендегiдей тақырыптарды ұсынуға болады:

  1. Өзiнiң жекелiк өткен шағы мен қазiргi уақыты: өзiң туралы не ойлайсың; қоршаған ортада мен қалай көрiнемiн; менiң негiзгi проблемам; мендегi ең негiзгi нашар көзқарас; мен және менiң жағымсыз сезімдерім; мен неден қорқамын; менiң жанұям; менiң ата-анам; менiң негiзгi кемшiлiгiм мен мәртебем; мен адамдардың арасындамын; адамдарда маған не ұнамайды; мен кiммiн; мен жануар ретiнде; өмiрлiк жол; менiң түстерiм.

  2. Болашақ, мақсат және абстрактiлi түсiнiктер: мен қандай болғым келедi; аурусыз өмiр; мен кiм болғым келедi; егер мен Чародей болғанда; менiң Отаным; үш арман; мен он жылдан кейiн; махаббат; жеккөрушiлiк; сұлулық; сағыныш; еркiндiк; күш пен әлсiздiк; тәуелдiлiк пен тәуелсiздiк; қайырымдылық; қысым; қорқыныш; тiлек; ауру; сезiмталдылық; ерлiк.

  3. Топтағы қарым-қатынас: менiң топтағы орным; топтағы менiң қарым-қатынасым және проблемам; топпен кездесуге байланысты бүгiнгi көңiл-күйiм; топ жануарлар көрiнiсiнде; сиқыршы топты өзгертiп жiбердi; сахарадағы топ; топ дракондармен айқасуда; топ балмаскарадқа кеткелi жатыр; бiздiң хан сарайымыз; мен адамдарға не берiп жатырмын және олардан не күтемiн; топ мүшелерiнiң портреттерi;

Тақырыпты ұсыну әртүрлi жолмен жүзеге асады. Тақырып белгiлi бiр соңғы реакцияларға байланысты ұсынылады. Бiрiншiден қатысушылардың қарсыластығы, яғни “Aдамдардың суретiн сала алмаймын”, “Оларды қолдан жабыстырып жасай алмаймын”, екiншiден: топтың алғашқы мақсаты. Тақырыпқа қойылатын негiзгi талап оның кейiнгi талқылауға катализатор болатын потенциальды қабiлетiнiң болуы.
Малколмның пiкiрiнше, тақырып дұрыс таңдалмаған жағдайда оның эффектiсi төмен болады. Сол себептi тақырыпты өзiндiк орнымен, өзiндiк уақытына сәйкес таңдауы қажет.
Арттерапияға қатысушы өзiндiк iшкi қайшылықтарын жеңiп, iске өз еркiмен кiрiскенде, арттерапевт өзiнiң емдiк мақсаттарын жүзеге асыруға болады. Бейнелеу өнерi сөздiк бейнелеу қорын күшейтедi. Сондықтан, арттерапевт клиентке жұмыс кезiнде туындаған ойларын қағаз бетiне түсiрiп отыруға ұсыныс жасауына болады.
Арттерапияның негiзгi жетiстiгi, ол – клиенттің қылықтарын әлдеқайда тереңiрек бағалай бiлуге мүмкiндiгi болып табылады. Қатысушының қандай өмiрлiк этапта тұрғаны жөнiнде пiкiр бере отырып, оның суреттерiнен дәл қазiргi кездегi ойларын ғана бiлiп қоймай, болашаққа және өткенге деген көзқарасын, жасырын уайым-қайғыларын көруге болады. Бұлар қатысушының анық өмiрiнiң күнделiгi мен емi болып саналады.
Бурно өзiнiң “Өзiн творчествомен көрсету терапиясы” атты кiтабында, өзiн шығармамен бейнелеудi диагностикалау жағынан ғана емес, терапиялық бағалы әсер ету құндылығы ретiнде де қарастырады.
Арттерапияны, белгiлi нәтижеге қол жеткiзудiң негiзгi құралы – бейнелеу өнерi болып табылатын топтық психотерапияның бiр нұсқасы деп санауға болады. Топ негiзiнде 8-10 адамнан тұрады. Жүргiзiлiп отырған процесте қатысушының белсендi болуы негiзгi талап болады. Топтық жұмыстың бастамасы арнайы әңгiмеден басталады және алғашқы жаттығулардың бiрi болып – творчестволық ойындар саналады. Ол топтың бiр-бiрiмен танысуына, творчестволық материалдарды көрiп бiлуге және қысымды төмендетуге әсер етедi. Кейiн келе арттерапия процесi топ арасында проблема болуын тоқтатады, қорқыныш сезiмi, қарсы келушiлiк, шығармашылықты көрсетудегi қиыншылық сезiмi жоғалып, ең негiзгi көзге түсушi жасалған шығарманың өзi емес, оның авторы болып қалады. Автордың жеке басына қатысты аналитикалық талдаулар пайда бола бастайды, клиенттерге берiлген тақырыпқа байланысты жалпы әрi нақты бағалаулары, эмоциялары көрiнедi. Тақырыпқа сәйкес өзiндiк болжаулары туындайды.
Жасалған жұмыстарды талдау сурет салуды, жабыстыруды, тiгiстi аяқтағаннан кейiн басталады. Дискуссия арттерапевттiң сөздерiнен басталады, оның суретке қарап ойлануы, суреттiң iшiне енуi, сол арқылы автордың суретпен не айтқысы келгенiн шешу. Арттерапевттiң мақсаты талқылау барысында дискуссияны стимулдау және информацияны қолдануы, бiрақ аяқталған жұмыстармен қоса, топ мүшелерiнiң ерекшелiктерiн де есепке алуы қажет.
Арттерапия техникасы психодиагностика мен коррекциялық практикада кеңiнен қолданылады. Арттерапияны жүргiзер алдын, шығармашылық түрiнiң тақырыбын ұсынбас бүрын, түстерге деген қатынасын анықтау үшiн тест жүргiзiледi. Бұнда Люшердiң тестiн жүргiзуге де болар едi, бiрақ стимулды әрекеттерге байланысатын түрлi-түстi қарындаштарды таңдап алу мүлдем мүмкiн емес. Сол себептi бiз картоннан жасалған 8 тiк төртбұрыш немесе шеңбер дайындаймыз. Сонымен қатар, 8 түрлi-түстi қарындашты дайындаймыз (қызыл, сары, көк, жасыл, күлгiн, қоңыр, сұр, қара). Алдын-ала жасап дайындаған 8 картонымызды осы түстерге бояймыз және өзiмiздiң 8 түстi тестiмiздiң вариантын аламыз. Тесттiң келесi процедурасы классикалылыққа сәйкес келедi. Арттерапияны жүргiзгенде ертегi инструкциясын қолдануға болады. Мысалы: “ Көздерiңе елестетiңдершi, ертегiлер әлемiнде өмiр сүретiн ғажайып көбелек болады екен. Ол ормандардың, егiстiктердiң, көлдер мен теңiздердiң үстiмен ұшып серуендеп жүредi екен. Ол көбелек өзiнiң егiстiктер әлемiне жасаған саяхаттарының бiрiнде, егiстiкте жайқалып өсiп тұрған түрлi-түстi гүлдердi көрiп, оларға қызыға қарайды. (Осы кезде тесттi жүргiзушi стол бетiне түрлi түстерге боялған картондарды қояды). Ғажайып көбелек гүлдердi айнала ұшып жүрiп, сол гүлдердiң iшiнен бiреуiне қонғысы келiп кетедi. Айтыңдаршы, ғажайып көбелек қай гүлге келiп қонады (бала көрсетедi, жүргiзушi қай түс 1-шi орында екенiн жазып алады да, сол түстi картондар қатарынан алып тастайды). Көбелек демалып болғаннан соң, қайта саяхатын жалғастырады. Серуендеп жүрiп бiраз уақыт өткеннен соң, ол өзiне таныс бiр егiстiктi кездестiредi. Ал, осы кезде ол қай гүлге қонар екен а?”
Осындай адам iшiн пыстырмайтын әдiстер арқылы жүргiзушi түстердiң кезектiлiгiн бiлiп алады. Ол нәтижелер кестеге жазылып қойылады.
Қолдануда оңай әрi қызықты әдiстердiң бiрi “Анонимдiк сыйлық” болып табылады. Топ мүшелерi “Менiң сезiмiм” немесе “Менiң ойым” деген тақырыптарда өз жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар өзге де проективтi әдiстердi де жүргiзуге болады. Бұл жерде ең негiзгiсi топ мүшелерiнiң бос болмауы және олардың қасындағы адамдардың жұмысын қарап шықпауы болып табылады. Жұмыстарын аяқтап болғаннан соң, топ мүшелерiне өз жұмыстарын белгiлi бiр орынға әкелiп қоюлары сұранылады. Жасалған жұмыстардың авторлары белгiсiз болып қалады. Топтың әрбiр мүшесi жасалған жұмыстарын қарап шығады. Содан кейiн өзiне ұнағанын таңдап, сол жұмысқа сыйлық сыйлайды. Содан кейiн топтың қатысушылары кiшкене тiлектерi мен азғана сыйлық дайындай бастайды. Сыйлықтар дайын болған соң өздерiне ұнаған жұмыстардың қасына өз сыйлықтарын қояды.
Мұндай тапсырмалар адамдарға өзгенi түсiне бiлуге және оларға мейiрiмдiлiк көрсете бiлуге, сонымен қатар сыйлық бере бiлумен сыйлай алушылыққа үйретедi. Ал талқылау барысында көптеген тiлектер өте пайдалы екендiгi анықталады.
Ұсынылған техникалар адамдардың бiр-бiрiне жақындасуға өте күштi көмек бередi, активизацияның маңызды факторы әрi ойлау, ес, дағдылардың сенсомоторлық жаттығуы болады. Ал арттерапия жөнiндегi бар бiлiм қазiргi уақытта тек қана психологтарға ғана емес, мүғалiм, ата-ана және әлеуметтiк жұмыс орындарындағы адамдарға да өте қажет.
Терапевттiң жұмыстың техникасын таңдауы ол оның теориялық бiлiмiне және топтың құрылымына тiкелей байланысты болады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, топтық арттерапия ауруханалық жағдайларда үнсiздiкке берiлген пациенттермен жұмыс жүргiзуден басталған. Терапия барысында пациенттер өзге пациенттердiң шығармаларына қызығушылықпен қарай бастаған. Осы қызығушылықтардың арқасында бiр-бiрiмен сөйлесулерi көрiне бастаған. Невроз ауруына шалдыққан адамдар өте өз сөздерiне ұстамды әрi талдағыш болып келедi. Олар өз мүсiндерiн жасағанда немесе краскаға батырылған қолдарымен мүсiндердi бояп, краскамен өздерiн жауып тастаған кезде, олар өздерiнiң қорғаныстарын ашып көрсетедi. Ал шизофрения ауруына шалдыққан адамдарда өзiндiк позитивтi iшкi “Менiн” көрсетуi үшiн арттерапевттер оларға сыртқы қоршаған ортаны, портреттердi салуларын ұсынады. Бұл суреттер олардың үрейленулерiнiң деңгейiн төмендетедi.
Арттерапияның психодинамикалық бағыты.
Көптеген артерапевт мамандар өз практикаларында психодинамикалық әсер ету жолын қолданып, Фрейд пен Юнгтың идеяларына тоқталады. Олардың айтулары бойынша бейнелеу өнерiндегi шығармалар символдық формада санасыз процестердi бейнелейдi. Осындай әсерге мысал, Маргарет Наумбургтың еңбегi бола алады. Ол психокоррекциялық топтардың мүшелерiнiң өз фантазияларын, қорқыныш сезiмдерiн сөзбен емес, суретпен жеткiзуi оңайырақ екендiгiн жиi байқаған. Өз iшкi уайым-қайғыларын бейнелеуде пациенттер соларды сөзбен сипаттау қабiлеттерiне ие болып отырған. Психокоррекциялық топтардың жетекшiлерi қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын интерпретацияламайды, олар тек қана олардың шығармаларының жасырын мән-мағыналарын өзiндiк тұрғыда түсiнулерiне көмектеседi. Осы мақсатта жетекшiлер топта достық сезiмдегi атмосфераны құруға тырысады, бұл атмосфера қатысушыларды критикалық талқылаулардан аулақ болуыларына көмек бередi. Сонымен қатар тфорчестволық процесте қатысушылар арасында құрылған еркiн ассоциацияны жетекшiлер әрдайым қолдап отырады. Қатысушылардың өз творчестволары мен байланысты ассоциативтi қатарларды өз ерiктерiмен құруы принцип бойынша өте қажет болып саналады. Ол өз-өздерiн тануларын дамытудың бiрден-бiр жолы. Бiрақ, кейбiр терапевттер қатысушылардың жасаған еңбектерiн өздерi интерпретациялайды, содан кейiн барып қатысушыларды өз қорытындысымен таныстырады. Мысалы: Бернард Леви, “Пациенттiң жасаған творчестволық жұмысын терапевт интерпретациялай бiлсе және бағалай алса, онда ол пациенттердiң өздерiн тереңiрек түсiне алуларына мүмкiндiк туғызады”- дейдi.
Топтық арттерапияның бiрден-бiр танымал түрi – ол бiрлесiп сурет салу. Әрбiр қатысушы жалпы бiр қағазда немесе тақтада өз ойларына не келедi соны бейнелейдi. Қатысушыларға өздерi жасаған бейнелерге комментарий жасаулары ұсынылады, ал терапевт болса, қатысушылар арасындағы контактiлердi ретке келтiруге көмектеседi
Жоғарыда кестеде айтып кеткендей арттерапия құрамды элементтерден тұрады.Солардың ішінен өзімнің зерттеу жұмысымда қолданған арттерапия элементтері – сурет терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясына толығырақ тоқталып кетейін.
Сурет терапиясына қысқаша тоқталар болсам, мұнда жоғарыда арттерапия мүмкіндіктерін айтып кеткендегідей, сурет салу арқылы адам өзін-өзі бос ұстап, арман-тілектері мен өз мүмкіндіктеріне еркіндік береді.Сонымен қатар, сурет салу барысында адам күшті уайымдаулары мен конфликтілі жағдайларда туындаған өз ойларын, сезімдерін сыртқа шығарып бейнелеп отырады. Бұл оның санасында жүрген қоршаған ортадағы шындықтың бейнесі ғана емес, оған деген қатынасы мен өзі жасап алған модельдерінің көрінісі болады.
Сурет салып отырған адам жағымсыз, жаралы бейнелерді есіне түсіреді.Сол уақытта туындаған қорқынышты, ауыр жағдайларды қайта басынан өткізе отырып, сол кезде пайда болған сезімдер мен арман-тілектерін сыртқа шығарып отырады. Сол себепті, көптеген стресстік жағдайларда, қорқыныш сезімін бастан кешу кезеңінде, невроздарда коррекциялық жұмыстар жүргізу барысында және психологиялық қысымды төмендету үшін сурет салдыруды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет