Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде


Ертегімен психологиялық қызмет көрсетудің



бет28/54
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#87339
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
Диплом Арт-терапия

Ертегімен психологиялық қызмет көрсетудің
әдістемелік ерекшеліктері

Психологиялық тәжірибеде ұлттық және атақты авторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерін және психотерапияға арналып арнайы жазылған ертегілерді қолдануға болады.Ертегінің әрбір түрінің өзіндік жетістігі мен өзіндік кем жақтары болады. Ұлттық ертегілерді қолданудың негізгі жетістіктеріне тоқталып кетер болсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:



  • ертегінің метафоралығы және бейнелігі жекелік проекцияның мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;

  • топтың және клиенттің белгілі бір қойылыммен немесе ертегі мәтінімен сөзбе-сөз таныс болуы;

  • жете түсіндірді қажет етпейтін, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан қойылымдар;

  • динамикалылығы;

  • алуан түрлілік, қажетті тақырыпты таңдап алуға мүмкіндіктің болуы;

  • ұлттық ерекшелік пен ұлттық мінез-құлыққа сәйкестік;

Атақты авторлардың ертегілерінің артық жақтарын ашып көрсетер болсақ, ұлттық ертегілердің жетістікті жақтарын қайталайды, яғни:

  • қойылымның әйгілілігі, балалық шақтан бұл ертегіні білу;

  • метафоралық;

  • қойылымдардың алуан түрлілігі, әртүрлік ұлттық нұсқадағы түрлері, солардың арасынан біреуін таңдап алу;

Ертегі терапиясын жүргізгенде атақты авторлардың ертегілерін қолданудың қиындық туғызатын жақтарына тоқталып кетер болсақ:

  • оқылып отырған кітаптың белгілі болуының салдарынан қызығушылықтың төмендеуініің мүмкіндігі;

  • көптеген қойылымдық қатарлар кейбір топтық сабақтарда шұғыл терапия жүргізуде, қысқа уақыттық терапия жүргізуде ертегіні жарамсыз қылады;

  • авторлық ертегілер міндетті түрде автордың көзқарасын көрсетіп отырады, ал бұл психолог пен клиенттің көзқарастарын үндестікке, ұйқастыққа алып келеді;

  • авторлық ертегілер өнердің әрбір туындысы секілді жанашырлықпен, ұқыптылықпен қатынас жасағанды талап етеді. Сол себепті психологтың ұсынып отырған жұмысы ретінде қойылымды өзгертіп отыру мүмкін болмайды. Ертегіні өзгерту немесе түрлендіру психологиялық қарым-қатынас атмосферасының бұзылуына және ертегінің бұзылуына әкеліп соғады.

Ал егерде ертегілер арнайы, ертегі терапиясы үшін жазылып отырса, онда жоғарыда айтылып өткен қиындықтармен кездеспеуге болады. Ертегі проблемаға қатысты шығарылып отырады, ал кей кездері нақты бір клиентке арналып арнайы жазылады. Топқа немесе жеке клиентке ұсынылатын ертегі оларға белгілі болмайды. Сол себептен, адамды толғандыратын немесе оның жеке ертегісі ретінде ұсынылып отырған ертегі қызықты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет